Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 13 Маусым 2015 17:23

Имам Әли (ғ.с.)-ның Наһдж ул-Балағедегі ой-пікірі 40

Имам Әли (ғ.с.)-ның Наһдж ул-Балағедегі ой-пікірі 40

Имам Әли (ғ.с.)-ның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі қоғамның мәселелерін шешуі және саясат дүниесімен бетпе-бет келуі болды. Ол еш уақытта ғибадат жасауды естен шығармаған, еш уақытта ақиқатты мүддесінің құрбаны еткен емес. Имам Әли (ғ.с.)-ның адамгершілігін досы да дұшпаны да мадақтады. Сүнниттердің әйгілі тәпсіршісі Замахшари имам Әли (ғ.с.) туралы: «Дұшпандары оның ерекшеліктерін кек пен қызғаныштарына байланысты теріске шығарған, достары  қорыққандарынан оларды жасырған адам туралы не айтамын. Оның мұндай ерекшеліктері барлық жерге,  Батыс пен Шығысқа жайылды»,- деп айтқан болатын. Имам Әли (ғ.с.)-ның халық және қоғаммен қарым-қатынас орнату әдісі Құранның жоғары  тағылымдары мен Исламның ұлық пайғамбарының сүннетіне сүйенді. Хазірет «Барлық халық менің жанұямының мүшесі. Менің алдымдағы ең сүйікті адам ең мейірімділерің және бір-бірінің қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі ең белсенділерің» деген қасиетті хадисті өзіне үлгі етіп ұстанды. Имам Әли (ғ.с.) басқарған кең ауқымды жерлерде мұсылман емес діни аз санды топтар қауіпсіздік пен тыныштықта өмір сүрді. Ол өз басшыларына барлық адамдардың, әсіресе қасиетті кітаптардың жақтастарының құқықтарын сақтауды насихаттайды. Имам Әли (ғ.с.)  Малек Аштарға: «Қол астындағы адамдарға махаббат пен мейірімділігіңді білдір. Өйткені олар екі топқа бөлінеді: біріншілері – діни бауырларың, екіншілері – өзің сынды адамдар»,- деп жазған. Хазірет шын мәнінде  адам болып жаратылуды маңызды санайды. Хазіреттің көзқарасы бойынша адам өзінің адам болып жаратылуына байланысты махаббат пен құрметке лайық. (53-ші хат). Имам Әли (ғ.с.)-ның қасиетті кітаптардың ізбасарларымен адами қарым-қатынас орнатуының үлгілерінің бірі ретінде христиан адаммен сапарда бірге болу оқиғасына тоқталуға болады. Имам Әли (ғ.с.)-ның билігі кезінде Куфенің жолында хазірет христиан адамды кездестірді. Олар жолдарының бір бөлігін бірге өткізді. Олар бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, әңгімелесіп, жолдарын жалғастырып, жолайрыққа жетеді. Бұл жерде екеуінің жолдары бөлінетін болған. Бірақ имам қасындағы сапарлас адам түскен жолға түседі. Ер адам таңырқап, имамнан «Куфеге бармайтын ба едіңіз?» деп сұрағанда имам мейіріммен: «Иә, Куфеге барамын»,- деп жауап берді. Имам Әли (ғ.с.)-ның жолын онымен бірге жалғастыруының себебін білмеген сапарласы: «Неге бұл жақпен жүріп келесіз? Куфе басқа жақта емес пе?...»,- дейді. Имам Әли (ғ.с.) әдеппен: «Өзіңмен біраз сұхбаттасқым келеді. Өйткені пайғамбар: «Екі адам жолда бір-бірімен сұхбаттасса, бір-бірінің құқығын табады» деген болатын. Қазір сен менің, мен сенің хақыңды таптым. Сол себепті бірнеше қадам өзіңмен әңгімелесіп, өз жолыммен кетемін» дегенде христиан адам ақиқатты тапқандай: «Пайғамбарларың халықтың арасында өте беделді, ықпалды адам болып, оның діні жылдамдықпен әлемге таралды. Бұған пайғамбардың ахлағы себеп болды»,- дейді.  Христиан адам сөзін аяқтаған кезде ғана  қасындағы жолаушының Әли бен Абиталиб болғанын түсінеді. Сол кезде христиан адам ерекше көңіл-күйге бөленіп, өзінің болмысындағы өзгерісті байқап, мүміндердің қатарына қосылып, имам Әли (ғ.с.)-ның серіктерінің біріне айналады. Имам Әли (ғ.с.) исламдық үлкен жерлердің басшысы болғанымен әділет пен заңның алдында мұсылман мен мұсылман емес қарапайым адамдармен өзін тең ұстады. Имамның сауытының жоғалғаны  және хазіреттің төрешінің алдындағы әрекеті қызық оқиға. Тарихта имам Әли (ғ.с.)-ның бір жерден өтіп бара жатып, христиан адамның қолынан өзінің сауытын көріп, төрешіге барып, шағымданғаны қалған. Хазірет төрешіге: «Мен сауытымды сатпадым, ешкімге сыйлаған емеспін. Бірақ қазір   оны бір адамның қолынан көрдім»,- дейді.  Төреші христиан адамға: «Халифа сауыты туралы айтты. Сен бұған не дейсің?»- деп сұрағанда ер адам: «Бұл сауыт менікі»,- дейді. Сол себепті төреші имамнан куә әкелуді талап етеді. Имам Әли (ғ.с.) куәсінің жоқ екенін айтады. Нәтижесінде төреші христиан адамның пайдасына шешім қабылдады. Ешбір төреліксіз сауытты өзіне қайтара алатын жағдайда, яғни үкіметтің билігінің басында тұрған адамның әділетке табанды болуы христиан адамға қатты әсер етіп, ол ақиқатты мойындап, сауытты имамға қайтырып, ислам дінін қабылдайды.  Имам Әли (ғ.с.) өз халифаты кезінде көше мен базар аралап, халықтан көмек сұрап жүрген, күш-қуатынан айрылған зағип қартты көреді. Ойланбастан оның халін сұрап, қасындағы адамдарының біріне қарттың кім екенін білуді бұйырды. Зерттеулерден кейін қарттың христиан екендігі және адамдардан көмек сұрап өмір сүретіндігі анықталады. Мұны естіп, имамның жүзінен ашудың ізі байқалып: «Жас кезінде оны жұмысқа салып, күшін пайдаландыңдар. Енді оған кәрілік жетіп, ол әлсіз, зағип болып, күш-қуатынан айрылғанда оны құқығынан мақұрым етіп, жақсылық пен көмектен айырдыңдар ма?»- дейді.  Сол сәтте халықтың мүлкіне жауапты адамға үкіметтің қорынан оған қаржы бөліп, өмірге қажетті нәрселермен қамтамасыз етуді бұйырды. Имам Әли (ғ.с.)-ның алдында  барлық азамат, мейлі ол мұсылман болсын, мұсылман болмасын тең құқыққа ие болды. Хазірет үшін яһуди әйелге зорлық жасау мұсылман әйелге зорлық жасаумен тең еді. Сол себепті мұсылман емес әйелге қорлық жасалғаны туралы естіген кезде ашуланып, оны қорғайтын. Тарихта Сеффейн соғысынан кейін Муавие әскерінің талан-таражға салу әрекеттерінің көбейгені туралы айтылған. Мәселен Муавие өзінің басшыларының біріне Куфеге жақын жердегі Анбар қаласына шабуыл жасауды бұйырды. Муавие осылайша өлім мен талан-тараж арқылы адамдарды қорқытпақ болды. Имам Әли (ғ.с.)-ның әскерінің көбі шәһид болды. Анбар халқының жаппай қырылып жойылғаны туралы хабар жеткен кезде имам: «Дұшпанның әскерилерінің кейбіреулерінің исламдық үкіметті пана тұтып отырған мұсылман және мұсылман емес әйелдердің үйлеріне басып кіріп, олардың сырға, жүзіктерін тартып алғандары туралы хабарлар жетті. Әйелдердің көз жастары мен жалынудан басқа өздерін қорғайтын құралдары жоқ. Сөйтіп әскерилер көптеген олжаларға ие болып, аман-есен  қайтқан. Бұл оқиғадан кейін мұсылман уайым-қайғыдан өлсе оны айыптауға болмайды. Менің ойымша, ол абыроймен өледі..»,- деді. Соғыс майдандарында ержүрек, батыл адам ретінде танымал болған имам Әли (ғ.с.)   ғылыми және мәдени пікірталастарда қарапайымдылығы және сабырлығымен адасқандар мен хабарсыздарды дұрыс жолға нұсқады. Ол басқа илаһи діндердің ізбасарларымен сұхбаттасқан кезде оларды Құран аяттарына назар аудартып: «Хикмет және жақсы насихатпен  Жаратушының жолына қарай шақыр және олармен жақсырақ сұхбаттас»,- деп айтқан болатын. («Наһл», 125-ші аят). Немесе Құранның басқа аяттарында діни аз санды топтар туралы: «Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: "Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз" деңдер»,- деп ақыл-кеңес берілген. («Ғанкабут сүресі», 46-шы аят). Осыған орай хазіретпен пікірталас жүргізген адамардың көбі хазіреттің мықты қисыны, болмысы мен рухани дәрежесін бірден байқап, ұнататын. Мәселен, исламның ұлық пайғамбары қайтыс болғаннан кейін христиан тобы Мәдинеге кіріп, сол кездегі екінші халифа Абубакрге барып, оған өздерінің сұрақтарын қояды. Халифа оларды имам Әли (ғ.с.)-ға жібереді. Олардың сұрақтарының бірі «Алла қайда?» деген сұрақ  болды. Имам от жағып, оларға «Мыңа оттың беті қайда?» деген сұрақ қойды. Христиан ғалымы «Оның барлық жағында» деп жауап берді. Имам: «Егер Алла жаратқан оттың айқын тарапы болмаса, еш уақытта ешкімге ұқсамаған оның Жаратушысының алды мен арты болмайды. Шығыс пен Батыс – Алланың жаратылысы. Қайда қарасаң да  Алланың жаратылыстарын көресіңдер. Ол үшін еш нәрсе жасырын емес» дейді. Сөйтіп, имам Әли (ғ.с.) айқын мысалмен христиан ғалымның сұрағына жауап қайтарады. Христиан ғалым имам Әли (ғ.с.)-ның сөздерінің ақиқатын мойындайды. (Соңы).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды