Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 08 Тамыз 2015 13:35

Балалар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі: Ислам көзқарасы тұрғысынан (25)

Балалар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі: Ислам көзқарасы тұрғысынан (25)

Ұялы телефон – жаңа ғасыр технологиясы үлгілерінің бірі. Ұялы телефон басқа да технологиялар сияқты түрлі мақсатта қолданылады. Бұл құрал дұрыс пайдаланылған жағдайда адамның өміріне көмектесетін, ал кері жағдайда адам үшін қиындық тудыратын пышақпен теңестіріледі. Қазіргі кезде ұялы телефон саудасы әлемде ең табысты кәсіптің бірі болып табылады. Ұялы телефон сататын үлкен компаниялар мол табысқа қол жеткізу үшін бұл  құралдың тигізетін зарарларына көз жұмып, оның зияндарынан хабардар бола тұра ешқандай мағлұмат таратпайды. Олар BTS антенналарын құру үшін миллиардтаған доллар қаржы жұмсап, тек мол табысқа жетуді ғана көздейді. Егер олар бұл жүйені өзгерткісі келсе, триллиондаған доллар қаржы жұмсауы керек болады. Сол себепті ең көп табыс әкелетін жол халықты ұялы телефонның зияндарынан хабарсыз қалдыру болып табылады.  

Алайда ұялы телефонның жағымды функциялары да бар. Мысалы, телефон ақпараттық құрал ретіндегі қолданысымен қатар оның ойындар сияқты көңіл көтеру немесе интернеттен іздеу функциялары өте өзекті. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында осы жаңа технология қоғамдық қатынас құралдарының біріне, олардың болмысының бір бөлігіне айналған.

Кейбір зерттеушілер ұялы телефонды қолданудың жасөспірімдердің оқу-біліміне тигізетін әсерін зерттей келе бұл қатынас құралының адамдардың білім алу үдерісіне түрлі жағымсыз және жағымды әсер ететіндігіне көз жеткізген.   Кейбір жайттарда мектептерде ұялы телефон оқу құралы ретінде пайдаланылып, оқушыға сұрақтар мен түрлі сынақтамаларды сан алуан қызметтер арқылы жеткізіп, тіпті кейбір сынақтар телефонның көмегімен жүзеге асырылатын болды.  

Бірақ назар аударатын маңызды жайттардың бірі – жасөспірімдердің арасында ұялы телефонның жағымды әсерлеріне қарағанда жағымсыз әсерлерінің көбірек болуы. Қазіргі уақытта көп таралған мәселелердің бірі – жасөспірімдердің түсірілген суретті бүкіл сыныптастарына таратуы сияқты қате қолданысы. Бұл мәселені ата-ана немесе  тәлім-тәрбие қызметкерлері тарапынан толығымен бақылауға алу мүмкін болмағандықтан, көптеген мектептерде оны пайдалануға тыйым салынған.  

Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жасөспірімдер уақыттарының басым бөлігін ұялы телефон мен оның түрлі функцияларын пайдаланумен өткізеді. Жасөспірімдер арасында ұялы телефон арқылы хаттарды жіберу, оны алу және оқу кең таралған. Байланыс қызметінің осы жаңа түрі кітап оқудың орнын басты. Білім беру саласының мамандарының пікірі бойынша, хат алмасу ешуақытта бетпе-бет әңгімелесудің орнын баспауы керек. Себебі ауызша түрде қатынас орнатудан басқа байланыс түрлері баяндау тәсілі мен сезімдерді жеткізуге нұқсан келтіреді.

Ұялы телефонды үздіксіз пайдаланудың жасөспірім үшін ең үлкен зияны оның ойының бөлінуі және оқу үлгерімінің төмендеуі болып табылады. Ата-аналардың көбінің пікірі бойынша, ұялы телефонын мектепке алып барып, сабақтардан ойы бөлінген оқушының бағалары төмендеп, нәтижесінде ол үлгермеушілікке тап болады.

Ұялы телефонның жағымсыз салдарлары кейбір елдердің осы аяда шара қолдануына себеп болды. Бүгінде көптеген үкіметтер оқушылар үшін мектептер мен оқыту орталарында телефонды қолдануға тыйым салған. Мысалы, Үндістанның Полиция қызметі қайраткерлерінің бірі Каран Синха телефонның фотоаппараттарын заңсыз түрде қолданатын оқушыларға қатысты сөзінде үкіметтің оқушылар үшін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу заңын бекіткенін айтты.

Ұялы телефонды дұрыс пайдаланбаудың салдарларының біріне  жасөспірімдердің жеке суреттері мен бейнелерін Bluetooth  арқылы таратуы жатады. Зиянкес адамдар осы жол арқылы адамгершілікке жат мәселелермен аяқталатын қиындықтар тудыруы мүмкін.

Ұялы телефонды үзіліссіз пайдаланудың жасөспірімдер үшін физикалық тұрғыдан да зарары бар. Осы құралды дұрыс пайдаланбаудың салдарларының қатарына электромагниттік толқындардың жасөспірімге тигізетін зияны жатады. Телефонның электромагниттік толқындары барлық жастық топтарға қауіп төндіргенімен, басқа адамдарға қарағанда балалар мен жасөспірімдерге көбірек нұқсан келтіреді. Кейбір еуропалық елдер адам көп жиналатын автобус сияқты қоғамдық орталарда ұялы телефонды қолдануды дұрыс деп санамайды. Себебі телефонның толқындары тек пайдаланушының өзіне ғана емес, сонымен қатар төңірегіндегі адамдарға да әсер етеді. Көптеген елдерде, соның ішінде Швейцария мен Аустрияда отбасыларға жасы 16-ға толмаған балалардың телефонды қолданбауына ескерту жасалған. Кейбір ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижелері ұялы телефонды қолдану мен мидың кейбір қатерлі ісіктеріне шалдығудың арасында байланыстың бар екендігін көрсетті.

Зерттеушілердің пайымдауынша, ұялы телефонға тәуелділік жасөспірінің рухы мен тұлғасының қалыптасуына теріс әсер етеді. Телефонды қолдануға тәуелді болған балалардың көбісінің өз-өзіне сенімділігі төмендеп, олардың басқалармен қоғамдық қатынас орнатуы қиынға соғады. Сол себепті олар әрдайым осы жолмен ғана басқалармен қатынас орнатуға бейім болады.

Сонымен қатар телефонды қолданудың бүлдіргі салдарының қатарына психикалық ауытқушылықтар жатады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, ұзақ уақыт бойы ұялы телефонды қолданып, өз уақытын телефон арқылы  сөйлесу немесе хаттар жөнелтумен өткізген бала психикалық ауытқушылықтарға душар болуы ықтимал.

Гранада университетінің жеке адам және психикалық саулықты бағалау факультетінің ұстазы Франсиска Торсилас Испанияның Гранада қаласының жасөспірімдерінің бірқатарына зерттеу жүргізіп, олардың ұялы телефонды қолдануға қатысты мінез-құлқы мен оның қауіп-қатерлерін зерттеді. Ол бұл жайында былай дейді: «Ұялы телефонға тәуелділік шынайы түрде адамдардың психикалық жағдайына ықпал ете алады. Бірақ бұл тәуелділіктің ешқандай физикалық белгілері болмағандықтан пайда болған ауытқушылықтар көзге көрінбейді». Осы мәлімет тәуелділіктің бұл түрі мен  алкоголді ішімідіктер немесе есірткі заттарға тәуелділік арасындағы айырмашылықтың телефонның адамдардың физикалық құрылысына ешқандай бүлдіргі әсерін тигізбей тек, психикалық саулыққа ықпал ететіндігін көрсетеді.

Ұйқының бұзылуы – телефонды пайдаланудың тағы бір салдары. Осы құралды көп қолданатын балалар мен жасөспірімдердің көбінесе түнгі ұйқылары бұзылады. Көп жағдайда хаттарға жауап беру үшін сананың сергек, ояу болуы қажет. Дәл осы мәселе ұйқының бұзылуына әкеп соқтырады. Ұйқының бұзылуы мен ұйқысыздықтың жасөспірімнің күндіз жасайтын істеріне әсер ететіндігі белгілі.

Ұялы телефондарда көптеген ойын түрлері болғандықтан бала немесе жасөспірім көп уақытын ойын ойнауға жұмсап, басқа маңызды жұмыстарына үлгермейді. Көптеген жайттарда хаттарда бала мен жасөспірімнің ой-санасын ластайтын лайықсыз мағлұматтар мен ақпараттар болады. Әсіресе олар ата-анасының соларды біліп қоюынан қорқып алаңдаушылыққа душар болады.

Сонымен қатар ұялы телефонды қолдану жасөспірімдердің санасы мен ой-пікірінің шығармашылық жұмыстарына кері әсерін тигізеді.

Телефонды қолдануға тәуелді болған жасөспірімдер жұмыс жасау немесе білім алу сияқты маңызды істерге көзжұмбайлықпен қарайды. Оған қоса, телефонға тәуелділік жасөспірімнің жақын достарынан, тіпті Ислам діні оны нығайтуды көп қуаттаған отбасының жылы ошағынан алыстай түсуіне себеп болады. Отбасылық қарым-қатынастардың әлсіреуі  жасөспірім үшін маңызды болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе отбасынан, әсіресе әке-шешеден алшақтау жасөспірім үшін қиындықтар тудырады. Бұл жағдай толығымен исламдық негіздерге қайшы келеді. Себебі Ислам отбасылық қатынастарды нығайтуды көп рет қуаттап, тіпті Имран сүресінің 33-34 аяттарында хазірет Ибрахимнің (ғ.с.) отбасы сияқты ең жақсы жанұяларды әлемдіктерге үлгі етіп көрсетті. Алла Тағала былай дейді: «Негізінен Алла (Т.) Адам мен Нұх (Ғ.С.)-ты және Ыбырайым (Ғ.С.) мен Ғымранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды. (33) (Бұлар) бір- бірінен тараған ұрпақ. Алла әр нәрсені естуші, білуші».

Исламның үкімдерінде барлық адамдарға, әсіресе   жасөспірімдерге өз ғасырының жаңа технологияларының жағымсыз салдарымен күресіп, өзі мен өз отбасын оның зарарларынан сақтап қалу үшін діни нұсқаулар мен ілімдерге назар аудару қуатталған. 

 

 

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды