Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 19 Наурыз 2016 10:37

Жетекшілік хадисі 68

Терең ойлану исламдық тағылымдарда ерекше орынға ие. Құран Кәрім өзінің жақтастарына терең ойланып, өткінші дүниенің мүдделеріне алданбауды, ақыретті ұмытпай, ақыретте бақытты болу туралы ойлануды  насихаттайды. Алла Тағала «Шамс» сүресінде Самуд халқының тағдыры туралы «Сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, жермен жексен қылды» деп баяндаса, 15-ші аятында: «Алла оның соңынан қорықпайды»,- деді. Яғни, халықтың бақытсыздығына олардың терең ойламауы және өз істерінің нәтижелеріне алаңдамауы себеп болды. Имам Әли (ғ.с.)-ның  пікірінше, терең ойлайтын адам тек дүниедегі іс-әрекеттерінің нәтижесіне ғана емес олардың ақыреттегі нәтижесіне де көңіл бөліп, әр ғамалы мен әр жұмыст атқарғанда оның ақыреттегі әсері мен нәтижесіне назар аударуға талпынады. Хазірет: «Терең ойлану – Аллаға бағынып, нәпсіге қарсылық білдіру»,- деді. Терең ойланудың үлгілерінің бірі адам бір нәрсе айтқысы   немесе жасағысы келсе, басында ойланып, содан соң әрекетінің мақсаты мен нәтижесіне және салдарларына назар аударады. Егер жақсы болса, айтып, іске асырады. Егер жақсы болмаса айтудан және орындаудан бойтартады. Сөйтіп бақыт жолына түседі. Бір адам Алла елшісіне: «Уа, Алланың елшісі! Маған ақылыңызды айтыңыз»,- деп өтінгенде хазірет: «Егер ақылымды айтсам, оны орындайсың ба?»- деп сұрайды. Әлгі адам: «Иә, Алла елшісі!»- дейді. Хазірет сұрағын үш рет қайталап, адам үш рет: «Алланың елшісі орындаймын»,- деп жауап береді. Сонда хазірет: «Ақылымды тыңда: бір істі орындауға шешім қабылдаған кезде алдымен оның нәтижесі, әсері және салдары туралы ойлан. Егер нәтижесінің дұрыс әрі жақсы екенін білсең, орыңда. Кері жағдайда шешіміңді өзгерт»,- деді». Әр адамның табысқа жетуінің үлкен сырларының бірі әр істің соңы мен нәтижесі туралы ойлануы болып табылады. Адам өз жұмысының нәтижелері туралы ойлануы керек. Терең ойланып, әлемді билейтін жүйеден хабардар, сондай-ақ оқиғалардың салдары мен іс-әрекетінің нәтижелеріне назар аударатын адам  алдымен ойланбай әрекет етпейді. Шын мәнінде жақсылық жасағандардың қатарына қосылғысы келетіндер ойларын тереңдетулері керек. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Терең ойлану – жұмыстардың нәтижесі мен кемеңгерлермен ақылдасуға көңіл бөлу»,- деп айтқан болатын. Ақылдасу туралы қуаттау адамның ақылы кемел болғанымен басқалармен ақылдасу арқылы олардың ақылдарын пайдаланып, өздерінің қателіктерін азайтуы үшін қажет іс. Имам Әли (ғ.с.) осыған орай: «Терең ойлану – зеректік»,- деген болатын («Бихар әл-Анвар», 71-ші том). Терең ойланудың көптеген әсері мен берекесі бар. Оның әсері мен берекесі ретінде  жұмыстардың шынайы болуы туралы айтуға болады. Бір істі орындаудан бұрын ойланып, оның  нәтижесінің жақсы немесе жаман болуын бағалайтын адам жұмысына бүкіл ынтасымен кіріседі. Адамның терең ойлануы төмендеген сайын адамның  жігері де осалдай түседі.   Өйткені ол жұмысының нәтижесіне сенімді болмайды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Терең ойланбайтын адамның жігері мен шешімі осал болады»,- деген екен. Адам күнделікті өмірінде шешім қабылдайтын жайттермен көп кездеседі. Сезімдер мен көңіл-күй бір жақтан, ақыл мен қисын басқа жақтан  оған қысым көрсетеді. Сол себепті терең ойлану оны дұрыс әрі қисынды шешім қабылдауға жігерлендіреді. Рауаяттардың бірінде арабтардың бірінің пайғамбарға келіп,  хазіреттен ақыл сұрағаны айтылған. Алла елшісі оған: «Ашуланба» деген бір сөзбен жауап қайтарады. Ер адам жауапқа қанағаттанып, үйіне оралады. Бір оқиғаның салдарынан екі тайпаның арасында қайшылықтардың туындағанын және екі жақтың қақтығысқа дайындалғанын көреді. Ер адам әдеттегідей өз тайпасын қорғау үшін қаруын алып, солардың тобына қосылады. Сол кезде пайғамбардың ашуланбау және ызыланбау туралы кеңесін есіне түсіреді. Ол ашуын басып, екі жақ себепсіз неліктен бір-біріне қарсы қылыш көтереді деп ойлайды. Ол дұшпандарға барып, өз мүлкінен олардың шығынын төлеуді ұсынды. Олар ер адамның мұндай жомарттығын көріп, қақтығысудан бас тартады. Сөйтіп, дұшпандықтың жалыны ойланудың арқасында өшті.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды