Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 02 Сәуір 2016 14:25

Ислам Революциясы жетекшісінің нұсқауларымен өткен бір жыл (наурызнама 8)

Ислам Революциясы жетекшісінің нұсқауларымен өткен бір жыл (наурызнама 8)

Бұл бағдарламада өткен жылы аятолла Хаменеи баса назар аударған маңызды мәселелерге тоқталамыз.

ИИР-ның жүйесінде діни жетекші ерекше орынға ие әрі оның маңызды өкілеттігі мен міндеттері бар. Осы заңды орынынан басқа ол рухани және діни мәртебеге де ие. Бұл діни жетекші мен халықтың арасында рухани әрі эмоциялық байланыстың орнауына себеп болады. Оның сөзі халыққа әсер етіп, басшылар үшін жол ашады. Дәл осы сенімді әрі жақын қатынас жетекшінің түрлі мәселелер бойынша білдірген пікірлерін маңызды әрі мағыналы етеді. 1394 жылы Иран Ислам Революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи халық пен басшыларға маңызды нұсқаулар берді.  Олардың кейбіреулері басқаларына қарағанда маңыздырақ болып, бірнеше рет қайталанды. Бұл бағдарламада діни жетекшінің өткен жылы айтқан маңызды сөздерін сараптаймыз.

Хазірет аятолла Хаменеи жаңа жыл басталған кезде халық пен үкімет қайраткерлеріне бір ұран ұсынады. Өткен жылы барша халық жұмылып, бірлік пен ынтымақтастық аясында ИИР-ның ұлы мақсаттарын алға ілгерілетуі үшін «Үкімет пен халық – тілектестік пен ниеттестік» ұранын ұсынды. Ислам Революциясының жетекшісі бұл ұранды былайша түсіндірді: «Егер халық пен үкімет арасындағы жақын ынтымақтастық екі жақтан да қалыптасса, біз талап-тілектеріміздің барлығына міндетті түрде жетеміз әрі оның әсерлерін халық көздерімен көретін болады... Халық пен үкімет арасында жақындық, ынтымақтастық пен пікірлестік неғұрлым көп болса, істер де соғұрлым жақсырақ ілгерілейтін болады. Бір-біріңе сенулерің керек. Үкімет халықты осы сөздің шын мағынасында қабылдап, халықтың маңыздылығы мен қабілет-мүмкіндіктерін дұрыс түсінуі керек. Халық та өзі үшін қызмет ететін үкіметке сенім артуы керек».

Өткен бірнеше жылда Иран Ислам Республикасының қайраткерлері айналысқан маңызды мәселелердің бірі «алтылық» топпен ядролық келіссөздер болды. Иранның бейбіт мақсатта атом қуатын пайдалану құқығын қорғау және әділетсіз санкцияларды жою үшін өткізілген бұл келіссөздер өткен жылы сезімтал кезеңге жетті. Сол себепті жүйенің жалпы саясатын жобалайтын ИИР-ның ең жоғарғы басшысы ретінде аятолла Хаменеидің осы мәселе туралы өз пікірін халық пен басшыларға жеткізуі де қалыпты іс болды. Хазірет Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық жұмыстары туралы: «Біз Құран мен исламдық шариғатқа сүйеніп, ядролық қару өндірісі, оны сақтау мен қолдануды харам деп  санаймыз. Сол себепті мұндай істерді жасамаймыз. Бұл мәселенің америкалықтарға да, бұл келіссөздерге де ешқандай қатысы жоқ. Олар Ислам Республикасына ядролық қаруды жасауға тыйым салатын нәрсенің олардың қоқан-лоққысы мен зеңбіректері емес, шариғат заңы екенін біледі...» деп қуаттады.  

Діни жетекші сонымен қатар 1394 жылдың 29 меһр күні Иран Президенті Хасан Руханиге хат жолдап, батыстықтармен келісімде үкіметтің назардан тыс қалдырмауы тиіс жайттарды құлаққағыс етті. Ислам Революциясының жетекшісі бұл үкіметтерге, әсіресе, АҚШ-қа ешбір жағдайда сенуге болмайтынын және әрбір келісім үшін олардан жеткілікті кепіл алу қажеттігін қуаттады.  

Аятолла Хаменеи Иран Президентіне жолдаған хатының соңында бір маңызды жайтқа тоқталып, былай деп жазды: «Санкцияларды жою зұлымдықты бейтараптандыру және Иран халқының құқығын қорғау үшін қажетті іс болғанымен, экономикалық өркендеу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту және қазіргі түйткілдерді шешу мәселелері қарсыласу экономикасын жан-жақты қадағалау арқылы ғана іске асады».

Шын мәнінде қарсыласу экономикасы хазіреттің өткен екі жыл ішіндегі ең маңызды кеңесі болды деп айтуға да болады. Бұл экономика ішкі өндіріс пен іргелі ғылымдарға негізделген. Қарсыласу экономикасы мен экономикалық тәуелсіздікке қарай әрекет ету АҚШ-қа ядролық саладағы даму, әскери біліктілікті нығайту, адам құқығы және басқа да сылтаулармен Иранға қарсы санкция салуға әрекет етуге және халыққа қысым жасауға тосқауыл бола алды. Ислам Революциясының жетекшісі қарсыласу экономикасының басты өзегін ішкі өндіріс деп атап, былай дейді: «Біз ұсынған қарсыласу экономикасының басты өзегі ішкі өндірісті нығайту болып табылады. Егер бұл істі жүзеге асыруға барлық талпыныстарды бағыттасақ, еңбек мәселелері біртіндеп шешіліп, еңбек пен жұмысшының мәртебесі жоғарылайды. Барлығы жұмыспен қамтылып, бір апатқа айналған жұмыссыздық мәселесі уақыт өте келе азайып, жойылады. Еңбектің негізі – өндіріс мәселесі». Хазірет қарсыласу экономикасының басқа өзектері туралы былай дейді: «Қарсыласу экономикасының берік негіздерінің бірі – іргелі ғылымдар экономикасы. Себебі қарсыласу экономикасы ішкі факторларға негізделген. Бұл – халықаралық, әлемдік және экономикалық мәселелердің ырқына жығылмайтын ішкі мықты тіректерге сүйенген экономика. Бұл – берік қарсыласу экономикасы».

1394 жылдың соңында Иранда орын алған маңызды оқғалардың қатарына Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісі сайлауларының өткізілуі жатады. Иран Ислам Революциясының жетекшісі әрдайым халықты сайлауларға қатысуға және елдің тағдырын анықтаудағы өз құқықтарын қолдануға шақырады. Хазірет сонымен қатар Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің өкілдерін таңдау критерийлерін ұсынды. Аятолла Хаменеи сайлаудан кейін сайлаулардың қауіпсіз кеңістікте дұрыс өтуін дәріптеумен қатар, оған халықтың қатысуы туралы былай деді: «Халық бұл сайлауларда өздерінің исламдық жүйеге деген сенімі мен адалдығын растады. Олар Ислам Республикасының азаматы екендіктерін, Ислам Республикасының заңдарын қабылдайтынын және осы заңдарға сәйкес әрекет ететіндіктерін көрсетті. Бұл – өте маңызды....». Хазірет сайлауда жеңіске жеткендерге қаратып: « Халық өз міндетін жақсы атқарды. Халық өзінен күтілген нәрсені орындады. Енді біздің кезегіміз келді. Эксперттер мәжілісі мен Ислам кеңесі мәжілісі үшін өз міндетін атқаратын кезек келді. Үкіметтің де өз жұмысын жасауына кезек жетті» деді.

Дегенмен Ислам Революциясы жетекшісінің Иранның мәселелеріне назар аударуы оның әлемдік, әсіресе Ислам әлемінің өткен жылғы мәселелерін ұмытуына себеп болған жоқ. Сирия, Ирак, Йемен мен кейбір африкалық елдердегі ащы оқиғалар көптеген мұсылмандардың өмірін қиды. Аятолла Хаменеи лаңкестік-тәкфіршіл топтарды АҚШ тарапынан мұсылмандарға қарсы жасалған қастық деп атап: «Бүгінде америкалықтар лаңкестікпен күресіп жатырмыз деп уәж айтуда. Алайда ең қауіпті лаңкестерді өздері тудырды. ИСИМ-ді кім қалыптастырды? Олардың өздері ИСИМ-ді құруда басты рөл атқарғанын мойындап отыр. Осы аймақтың кез келген жерінде дұшпандардың лаңкестікті тудырудағы ықпалы мен әсерлері білінеді» деді.

Ислам Революциясы жетекшісінің пікірлері мен нұсқауларының арқасында Иран осы уақытқа дейін тәкфіршіл лаңкестермен қарсыласу майданында айқын әрі шешуші рөл атқарып келді. Сонымен қатар, Ислам Революциясы жетекшісінің айтуынша, сионистік режимнің талап-тілегіне керісінше АҚШ, Сауд Арабиясы мен Түркияның Сирия мен Ирактағы жалдамалыларымен күрес Иранды осы басқыншы режиммен күресуден бас тартқызбады. Хазірет былай дейді: «Біз өз жерімізде, Ирак, Сирия мен Ливанда лаңкестікке қарсы күрескен адамдармен әріптестік жасадық, оларға көмектестік, әлі де көмектесеміз. Біз лаңкестікке қарсымыз. Осы аймақтағы ең пәс әрі қауіпті лаңкестер сионистер болып табылады. Біз – сионистерге қарсымыз».

Мұсылмандардың қырғынына қатысты ең өкінішті жағдайлардың бірі шамамен бір жыл бойы саудиялық әскери қызметкерлер тарапынан Йемен халқына қарсы орын алуда. Аятолла Хаменеи АҚШ пен кейбір батыстық және араб елдері тарапынан қолдау көріп отырған осы рақымсыз қырып-жою туралы былай дейді: «Саудиялықтар Йеменде үлкен қателік жасады. Өздері жасаған қылмыстарының салдарлары бір күні олардың өздеріне жететіндігіне күмән жоқ». Осындай апатты салдарларды бүгінде саудиялықтардың Йеменде сәтсіздікке ұшырап отырғанынан сезінуге болады.

Ислам Революциясының жетекшісі бұл мәселе жайлы былай дейді: «Йемендегі оқиғалар саудиялықтардың болмысында Йемен мәселелеріне қатысты надан әрі парасатсыз сана-сезімнің шешім қабылдайтынын көрсетеді». Сауд әулетінің шарасыздығы мен біліксіздігін көрсететін жайттардың тағы бірі Минада хижри шамси жыл санағы бойынша 1394 жылғы қажылық рәсімдерінде әлемнің түрлі елдерінен жиналған мыңдаған қажының жаппай қырылуы оқиғасы болды. Ислам Революциясының жетекшісі бұл оқиға жайлы былай дейді: «Бұл оқиға туралы деректер апаттың қабылдаушы үкіметтің кемшілігі салдарынан орын алғанын көрсетеді. Бірақ кез келген жағдайда бұл мәселе саясатқа қатысты емес, ол мыңдаған мұсылманның қажылық рәсімдерінде ихрам киген күйде жан тапсыруына байланысты. Бұл мәселе шынайы түрде қаралуы керек».

Аятолла Хаменеидің нұсқаулары Иранның ішкі саясаттарын анықтауда ғана емес, сонымен қатар, әлем мұсылмандарының оянуына айтарлықтай мөлшерде әсер етуде.

 

 

 

Осы бөлім бойынша толығырақ « Бір Наурыз – мың рәсім (наурызнама 7)

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды