Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 19 Сәуір 2016 15:52

Итикаф – Алламен оңаша сырласу

Итикаф – Алламен оңаша сырласу
Ережеп айында орындалатын рухани ғамалдардың біріне итакаф, яғни мүміннің Жаратушысымен оңаша сырласып, жүрегін тазартуы жатады. Мешітте қалып, күндіз-түні ғибадат ету ғамалы «итикаф» деп аталады.

Мешіттің бұл оңаша бұрышы аспанға тең кеңістікке ие. Сөйтіп бір бұрышқа орналастым. Уа, Алла, бұл бұрышта бір өзіңнен басқа ешкімді қажет етпеймін. Рақымды Алланың алдына келіп, жанымдағы ластықтарым мен күнәләрімді оның мейірімді бұлағымен тазалағым келеді. Өзіңе құлшылық ету кеңістігінде демімді аламын. Бұл мұрсатты қатты қажет етемін. Нәпсімнің қараңғы көшелерінен өтіп, бұл бұрышқа жетіп, қайғы-мұңым мен қажеттіліктерімді өзіңе айтып, өзіңе жақынырақ болуға талпынамын. Күнделікті у-шудың арасында, кейде сенің атың естілмейтін жағдайда Өзінді ұмытқым келмейді. Мейірімділердің мейірімдісі, бір бұрышқа жайғасып, тыныш мекенде бір өзіңмен оңаша сырласамын. Адам Алланың жаратқан болмысымен руханиятты іздейді. Ешбір ләззат құлшылық етіп, Алланы еске алудан туындаған тыныштықтың орнын баса алмайды. Материалды және өтпелі дүниенің ләззаттары үстемдік еткен қазіргі ғасырда өмір сүру жүректері ояу адамдардың рухы мен жандарын азаптап, оларды болмыстарының пәк негізіне оралатын мұрсат іздеуге жігерлендіреді. Исламның ұлық пайғамбары: «Өмірлеріңде илаһи самал желдер соғады. Қырағы болып, өздеріңді осы самал желдердің алдына жеткізіңдер»,- деген болатын. Илаһи самал желдер мен рухани мұрсаттардың бірі – ережеп айы. Бұл айдан кейінгі мұрсаттарға шағбан айы мен рамазан айлары жатады.

Ережеп айы – Алланың айы. Бұл айда Алланың пенделеріне илаһи рақымдылық төгіледі. Хиджри қамари күнтізбесінің жетінші айы саналатын ережеп айы Алламен көбірек сөйлесіп, сырласатын уақыт болып табылады. Өмірінің әр сәтінде Аллаға жақындау туралы ойлайтындар әрбір мұрсатты пайдаланып, мақсатына жетуге талпынады. Шын мәнінде, ережеп айы – материалдық өмірдің қайталанатын күндері мен түндері және қиындықтарынан өтіп, Алламен оңаша қалып, ғибадат жасауға мүмкіндік беретін кезең. Ережеп айының рухани және өзгеріс әкелетін бағдарламаларының біріне бұл айдың 13-14-15-ші күндері жасалатын итикаф ғамалы жатады. Бұл күндер «әл-Беиз» кезеңі деп танымал. Итикаф – үш күндік бағдарлама. Мүміндер бұл күндері ауылдар мен қалалардың мешіттерінде оңаша түрде мейірімді Жаратушымен сырласып, қажеттіліктерін айтады. «Итикаф», яғни бір мекенде, әдетте мешіттің бір бұрышында орналасып, сол жерде ғибадат ету. Адамдар үш күн мешіттерде қалып, ғибадат жасап, Жаратушымен сырласады. Итикафқа кірген адам бірінші күннің таңғы азаңынан үшінші күннің мағриб азанына дейін мешітте қалады. Осы күндері халықтықа кіріп, ораза тұтып, басқа да ғибадаттармен айналысады. Бұл үш күнде итикафқа кірген адам дүниелік өмірдің шынжырларынан босап, өзін әлемнің Жаратушысына жақындатуға талпынады. Итикаф Исламға дейінгі илаһи діндерде де болған. Бұл илаһи сүннет пайғамбарлардан қалып, осы күнге дейін жалғасуда. Ғұлама Маджлеси «Бихар әл-Анвар» кітабында Табарсиден сілтеме жасап: «Хазірет Сүлейман Бейт әл-Мұқаддас мешітінде бір-екі жыл немесе немесе бір-екі ай, кейде азырақ, кейде көбірек итикафқа кіретін. Хазіреттің суы мен тамағы дайын болып, ол дәл сол жерде ғибадатын орындайтын»,- деген. Алла Тағала Құран аяттарында бірнеше рет итикаф мәселесіне тоқталды. «Бақаре» сүресінің 125-ші аятында Алла Тағала хазірет Ибрахим мен перзенті Исмаилдан үйін, яғни Қағбаны тәуәп етушілер, итикаф етушілер және рукуһ пен сәжде жасаушылар үшін таза ұстап, дайындауды бұйырды. Басқа бір аятта хазірет Мәриәмның илаһи періштелермен кездесуге келген кезде халықтан алыстап, оңаша қалатындығы, сонымен бірге әртүрлі мәселелерден алыс мекенді тауып, Құдаймен сырласып, қажеттіліктерін айтатыны жазылған. Еш нәрсе өзін Құдайдан қапыл қалдырмасын деп, Бейт әл-Мұқаддастың шығыс жағын тыныштау мекен ретінде таңдаған болатын. Құранның әйгілі тәпсіршісі ғұлама Табатабаидің көзқарасынша, хазірет Мәриәмнің халықтан алыстауының мақсаты итикаф сүннетін орындау болды. Итикаф Исламның ұлық пайғамбары мен басқа да діни басшылар назар аударған сүннеттердің бірі болды. Олар итикафтың терең әрі рухани әсеріне байланысты мұсылмандарды ғибадат жасауға, әсіресе үш күн итикафқа кіруге жігерлендіретін. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) бұл туралы: «Иман мен ықыласқа сүйенген итикаф күнәлардың кешірілуіне себеп болады»,- деген. Алла елшісі итикафтың ерекшеліктеріне тоқталып: «Итикаф жасаушы адам барлық күнәләрінен құтылады»,- деген, яғни адам белгілі бір уақытқа өзін белгілі бір мекенде оқшаулап, Алламен сырласып, итикаф кезінде күнә мен қателік жасаудан бас тартып, өмірінің қалған күндерінде күнә жасамауға дайындалады.

Құран Кәрімде адами қоғамның үлгісі ретінде аталған соңғы илаһи елші халықты итикаф жасауға тек сөзімен ғана жігерлендірмеді, ол ғамалында да үлгі болып, рауаяттар бойынша қасиетті рамазан айының соңғы 10 күні ғибадат жасап, итикафке кіретін. Айта кететін жайт, Ислам бұл дүниедегі өмірден оқшауланып, бір бұрышта отыруды жөн санамйды. Бірақ итикафты адамдарға күнделікті шаршататын материалдық өмірден алыстап, Жаратушысымен бірнеше күн оңаша сырласып, үмітін арттырып, өмірін жалғастыруға мүмкін беретін мұрсат ретінде сыйлады. Итикаф мешітте хабарсыз, ғибадат жасауды жақсы көрмей немесе Аллаға жақындағысы келмей орындалатын сүннет емес. Жүректі материалдық өмірдің ләззаттарынан алыстатуға Ұлы Аллаға жақындау мен илаһи махаббаттың саясында орналасу себеп болады. Итикаф жасаушы адам үйінен кетіп, хабардар түрде ғибадатын жасап, Аллаға жақындау үшін мешітке келеді. Итикаф – қысқа мерзімді жаттығу және Алланы еске алып, өмір сүрудің тәжірибесі. Итикафтан кейін адам рухани тәжірибеге ие болып, тауһид пен Аллаға құлшылық етудің саясында өмірін жалғастыру үшін қоғамға кіреді. Итикаф уақыт тұрғысынан арнайы мерзіммен шектелмейді. Итикафтың қажеттілігі – ораза тұту. Ораза тұтуға тыйым салынған Ораза мен Құрбан айт күндері итикаф жасауға болмайды. Итикафқа кірудің ең жақсы уақыты қасиетті рамазан айының соңғы 10 күні және ережеп айының 13-14-15-ші күндері саналады. Итикаф үш күннен аз болмайды. Итикаф жасаушы бұл күндері тахарат алу немесе басқа қажеттіліктері болмаса, мешіттен шықпайды. Итикаф жасаушы адам ақылды, мүмін, ораза тұтушы және ақ ниетті адам болып, итикафты өзін басқаларға көрсету үшін емес, Аллажолында орындауы керек. Қасиетті Ислам діні адамдардың ғамалдарының мақсатты болуы қажеттілігін қуаттауына орай, Алла Тағала оның ризалығына ие болуды адамның ғамалдарының ең маңызды мақсаты етіп қалыптастырды. Итикаф кезінде барлық нәрседен көбірек ықыластың қажеттілігі сезіледі. Ғұлама Маджлеси итикафтың кемел болуы туралы: «Итикафтың кемел болуы ой, жүрек және дене мүшелерінің адамның ғамал етуді мақсат етіп, бүкіл ықыласын Аллаға жақындауға арнап, істеріне абай болуына қатысты»,- деген. Итикаф адамның ой-пікірлері, мақсаттары мен руханияты туралы ойлануы үшін орынды мұрсат. Бұл сүннеттің көптеген әсері байқалады. Күнәләрдің кешірілуі, тозақ отынан алыстау, көптеген сауапқа ие болу, Алланың үйінде оның қонағы болу, Құранға ынтық болу мен Алланы еске алудың берекесінен пайдалану аталмыш әсерлерге жатады. Итикафқа кірген адам әр намазы, ойлануы, түнді ояу өткізуі мен жалбарынуында Алланың арнайы рақымдылығының қазынасына жетеді. Бұл өмірдің ең құнды қоры саналады.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды