Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 20 Сәуір 2016 14:42

Имам Әли (ғ.с.) – кемел адам

Имам Әли (ғ.с.) – кемел адам

Бүгін имам Әли (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы. Хазірет Әли (ғ.с.) – тарих бойындағы теңдессіз тұлға. Қағба деп аталатын қасиетті мекенде хазірет Әли (ғ.с.)-ның дүниеге келуі баршаны таңырқатқан оқиға болды. Осыған дейін ешбір адам Қағбада дүниеге келмеген еді. Бұл оқиға сәбидің ұлылығының белгісі болды. Ол кейін берекеге толы өмірінің бойында ой-пікірлерді өзгертіп, жүректерді шаттық пен иманға толтырды. Бүгін – білімі теңіздей терең, дана да кемеңгер басшының туған күнінің жылдығы. Ол барлық адамдармен әділ  әрі тең қарым-қатынас орнатып, әділетті таратуға талпыныс жасады. Ол кемел ахлақ пен терең ой және мейірімділік пен жоғары адамгершілікке ие болды. Ол түндерді Алламен сырласып, ғибадат жасаумен, күндерін қоғамдық  және саяси жұмыстармен өткізді. Барша халық оның кешірімділігі, жомарттығы мен батылдығын мойындап, оның дана ақыл-кеңестері жүректерді өзіне тартты. Аспандағы жұлдыздар  оның көз жасының  куәсі болып,  кеңістікте естілетін мүнәжәттарын тыңдайтын. Имам Әли (ғ.с.) барлық сұлулықтарға ие кемел адам болды. Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Әли бен Абиталептің туған күнінің жылдығымен құттықтаймыз!

 Имам Әли (ғ.с.) – Абуталептің төртінші ұлы. Ол исламның ұлық пайғамбарының беғсатынан 10 жыл бұрын ережеп айының 13-ші жұлдызында Қағбада дүниеге келді. Оның анасы ардақты әрі пәк әйел Фатима бент Асад болды. Әли (ғ.с.) алты жасына дейін әкесі Абуталептің үйінде өсіп, тәрбиеленді. Сол кезде Мекке қаласында құрғақшылық пен қымбатшылық орнаған болатын. Бұл жәйт имам Әли (ғ.с.)-ның бірнеше жыл бойы Исламның ұлық пайғамбарының үйінде өмір сүруіне және ұлы тұлғаның ең жоғары мектебінде тәрбиеленуіне себеп болды. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 1192-ші құтпасында: «Мен пайғамбардың соңынан анасының соңынан еріп жүретін баладай ердім. Пайғамбар күн сайын маған өзінің ахлақи ерекшеліктерінің бірі үйретіп, мені өзінің жақтасы етті»,- деп айтқан болатын. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетке сайланған соң  хазірет Әли (ғ.с.) Алла елшісінің дінін қабылдаған бірінші ер адам  болды. Абуталеп өз ұлының пайғамбармен намаз оқып тұрғанын көрген кезде: «Балам, не істеп тұрсың?»- деп сұрағанда баласы: «Әке, мен Исламды қабылдадым. Көкемнің баласымен бірге Алла ризалығы үшін намаз оқып тұрмын»,- деп жауап берді. Сонда Абуталеп: «Одан алыстама, ол сені тек жақсылық пен бақытқа  жетелейді»,- деді.

Беғсаттың үшінші жылы Алла Тағала аят түсіріп, пайғамбардан өз жақындарын Ислам дініне шақыруды талап етті. Алла елшісі шамамен 40 адамды шақырып, оларға ас берді. Бірақ бұл күні пайғамбардың оларды өз дініне шақыруына жағдай тумады. Келесі күні пайғамбар оларды қайтадан шақырып: «Сендердің араларыңда кім мені қолдап, менің бауырым мен орынбасарым болу үшін маған иман келтіреді?»,- деп сұрады.. Имам Әли (ғ.с.) орнынан тұрып: «Алла елшісі, мен сіздің соңыңыздан еруге дайынмын»,- деді. Пайғамбар: «Отыр»,- деп, өз шақыруын қайталады. Бірақ  имам Әли (ғ.с.)-нан басқа ешкім орнынан тұрмады. Алла елшісі сөзін үшінші рет қайталады. Бұл жолы да Әли (ғ.с.) орнынан тұрып, пайғамбарды қолдап, оған еретінін мәлімдеді. Пайғамбар: «Әли менің бауырым, мұрагерім және менен кейінгі араларыңда қалатын орынбасарым»,- деп жариялады. Алла елшісі Меккеде 13 жыл шақырып, көптеген қиындықтарға төзімділік білдірген соң, Мединеге хиджрат етуге дайындалды. Хиджрат түні имам Әли (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының жанын қорғап, мүшріктер тарапынан зардап келмесін деп, хазіреттің орнына ұйқтады. Имам Әли (ғ.с.)-ның тарих бойындағы жанкештілігі ұмытылмас үшін Алла Тағала Құран аяттарының бірінде оның жанкештілігін мадақтады. Пайғамбардың хиджратынан үш күннен кейін имам Әли (ғ.с.) аманатын жеткізеді. Содан соң имам Әли (ғ.с.) анасы Фатима бент Асад және Алла елшісінің қызы, сонымен бірге  сол кезде Меккеде қалған мұсылмандармен бірге Мединеге аттанды. Имам Әли (ғ.с.) Мәдинеге жеткен кезде аяғы жараланған болатын. Алла елшсі оны көріп, хазіреттің жанкештілігіне алғыс айтты. Хиджраттың бірінші жылы Исламның ұлық пайғамбары мұхаджерлер мен ансарлардың арасында бауырластық келісімін қабылдатқан кезде имам Әли (ғ.с.)-ға: «Сен осы дүние мен ақыреттегі менің бауырымсың»,- деді. Хижраттың екінші жылы имам Әли (ғ.с.) пайғамбар үшін ең беделді адам – хазіреттің сүйікті қызы хазірет Фатима (ғ.с.)-ға үйленді. Содан соң Бадр соғысы орын алып, имам Әли (ғ.с.)-ның ержүректілігі баршаның аузынан түспейтін болды.Мұсылман ғалымдардың бірі шейх Муфид: «Ухуд соғысында имам Әли (ғ.с.)-ның есімі көп аталып, Алла елшісі «Әли менен, мен Әлиденмін» деді. Сол шайқаста  аспаннан «Әлиден басқа ержүрек және зулфақордан басқа өткір қылыш жоқ» деген дауыс естілді»,- деген болатын. Хиджраттың бесінші жылы Хандақ немесе Ахзаб деп аталған соғыс орын алды. Имам Әли (ғ.с.) Амру бен Абдудке қарсы тұрды. Сол кезде Алла елшісі: «Бүкіл иман бүкіл кәпірлікке қарсы шықты»,- деді. Хейбар соғысы орын алған кезде Алла елшісі: «Ертең туды еш уақытта қашпайтын және дұшпанға арқасын көрсетпейтін адамның қолына тапсырамын. Алла Тағала бұл қорғанды (Хейбарды) сол арқылы ашады»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) мұсылмандардың әскеріне жеңіс әкелген ту ұстаушының өзі болды. Имам Әли (ғ.с.) барлық жерде пайғамбармен бірге болып, Алла елшісі Ғадир Хомда  оны өзінің орынбасары деп атап: «Мені басшысы деп қабылдаған әр адамға Әли басшы»,- деген. Расында имам Әли (ғ.с.)-ның тарихта жарқырайтындай және жүректерді өзіне тартатындай қандай ерекшеліктері бар? Неліктен адамдар оны өздеріне таныс деп санап, жақын тартады? Имам Әли (ғ.с.) – Аллаға жақын адамдардың бірі. Ол Аллаға құлшылық ететін илаһи тұлға. Дәл осы ерекшелігі  оны тарихта  мәңгі етті. Ол өзі: «Мүлік жинайтындар – тірі кездерінде өлгендер, ал ғалымдар – әлемнің соңына дейін мәңгіге қалатындар. Олардың денелері жойылғанымен әсерлері жүректерден ұмытылмайды»,- деп айтқан болатын. Имам Әли (ғ.с.)-ның орны мен беделінің жоғары болғаны соншама, хазіретті қабылдамаған адам некен-саяқ болды. Ол өзі туралы: «Ертең менің белгісіз ерекшеліктерім сендерге белігілі болады. Менің өмірім аяқталып, орныма басқа адам келген кезде мені танисындар»,- деген. Ливанның христиан жазушысының айтуы бойынша имам Әли (ғ.с.) өз ғасырынан  бұрын дүниеге келген тұлғалардың бірі болды. Адамдар өздері ойламаған жерден шындықты талап етеді. Имам Әли (ғ.с.) илаһи қасиеттерге ие болып, шындықтың үлгісі болған соң адамдар оған қарай тартылады. Шын мәнінде имам Әли (ғ.с.) мөлдір бұлақ сынды сарқылмай, шөлдегендердің шөлін әрқашан өз білімі мен хикметінен  қандырады. Имам Әли (ғ.с.)-ның баршаға танымал ерекшеліктерінің бірі хазіреттің әділдігі болды. Хазірет билік басына келген соң Мединеде сөйлеген сөздерінің бірінде: «Абай болыңдар, адамға әділетсіздік жасалып, Алланың мүлкінен біреуге себепсіз сыйланған әрбір мүлік исламдық үкіметтің қазынасына қайтарылуы тиіс.   Шындық ешбір нәрсені жалған етпейді. Уақыттың өтуі орын алған оқиғаларды ұмытуға себеп болмайды. Мен егер адамдардың   үйленіп, әйелдерінің үгіттеріне көніп, басқа қалаларға  кеткенін  көрсем,  орындарына қайтарамын. Сөйтіп әділет орнатылады»,- деп ескерткен. Содан соң хазірет әділетсіз алынған бүкіл мүлікті халықтың мүлкіне қосуды немесе иелеріне қайтаруды бұйырды. Кештердің бірінде Талхе мен Зубайр имам Әли (ғ.с.)-ның қасына келеді. Имам Әли (ғ.с.) шырақтың жарығын пайдаланып, халықтың мүлкін есептеп отырған еді. Ол шырақты сөндіріп, басқа шырақ жағады. Зубайр оның себебін сұрағанда имам Әли (ғ.с.): «Ол халықтың мүлкінің шырағы. Мен халықтың мүлкін есептеп жатыр едім. Сендер келіп, басқа жұмысқа кірістім. Сондықтан шырақты халықтың істерінен басқа нәрсеге пайдаланғым келмеді»,- деп жауап берді. Сол кезде Талхе Зубаирге: «Бұл ешкім төзе алмайтын әділет»,- дейді. Имам Әли (ғ.с.) халықтың мүлкін бөліп жатқан кезде Зубайр өзі құлының үлесінің бірдей болғанын көріп: «Уа, имам Әли (ғ.с.)! Мынау адам – менің құлым. Неліктен мүлікті екеуімізге бірдей бөлдің?»- деп сұрағанда хазірет: «Әділет дегеніміз осы»,- деп қуаттады.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды