Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 01 Мамыр 2016 17:54

«Фаджр» фестивалі – халықаралық деңгейдегі шара

«Фаджр» фестивалі – халықаралық деңгейдегі шара

Ирандағы кинематография саласындағы ең маңызды оқиға «Фаджр» кинофестивалін өткізу болып табылады. Иран кинофильмдерінің бөлігі ақпан айында, халықаралық бөлігі жеке түрде сәуір айында өткізіледі. Осы фестивальдің 34-ші бөлімінің жабылу салтанатында ең үздік туындыға «Самұрық» жүлдесі табыс етіледі.

Отыз төртінші «Фаджр» әлемдік кинофестивалі ордибеһешт айының бірінен алтысына дейін (сәуір айының 20-25 күндері) Теһран қаласында өтті. Биылғы «Фаджр» кинофестивалінде Нанни Моретти, Вальтер Саллеc, Цзя Чжан және Александр Сокуров сынды атақты режиссерлердің фильмдері көрсетілді.

Бұдан бұрын «Фаджр» халықаралық кинофестивалі деген атаумен баһман айында, «Фаджр» онкүндігі кезінде өткізілген әлемдік «Фаджр» кинофестивалі өткен жылдан бері республикалық бөлімнен жеке дара түрде ордибеһешт айында өткізілетін болған. Кино саласындағы жаңа басшылардың фестивальдің халықаралық бөлімін жекелеу туралы шешімі бұл бөлімді дамыту және «Фаджр» фестиваліне жаңа болмыс мен әлемдік мәртебе сыйлау мақсатында қабылданды. Фестивальді ұйымдастырудағы талпыныстың келесі мақсаты – «Фаджр» әлемдік кинофестивалін алдағы бірнеше жылда Азиядағы кино саласындағы ең маңызды оқиғаға айналдыру.

«Фаджр» халықаралық кинофестивалі бірнеше бөлімді қамтыды. Олардың атаулары төмендегідей: «Бақыт фильмдері» – ұзақ метражды және қысқа метражды фильмдер бөлімі; Азия мен мұсылман елдері фильмдерін қамтитын шығыс көріністері; әлемнің көрінісі немесе «фестивальдердің фестивалі»; әлемдік деректі фиьмдер мен Франция фильмдеріне көз жүгірту бөлімі.

«Фаджр» әлемдік фестивалінің алғашқы кезеңі 1982 жылы өткізілді. Иран фильмдерінің ең үлкен фестивалі – «Фаджр» жыл сайын Теһранда өткізіледі. Бұл оқиға мәдени алмасулар және киногерлердің баяндаған шығармашылық табыстарын көрсету үшін, сонымен қатар республикалық және халықаралық фильмдерді марапаттау үшін жасалатын тиімді мұрсат. Фестиваль ұйымдастырылған алғашқы кезеңнен осы уақытқа дейін Иранның кино саласының дамуында маңызды рөл атқарды. Жыл сайын режиссерлер мен кино саласына жаңадан келген киногерлер өздерінің туындыларын сол жерде көрсетілімге шығарады.

Теһранда өткен әлемдік «Фаджр» фестивалінің биылғы кезеңінде исландиялық режиссер Гримур Хаконарсонның «Қойлар» фильмі, румыниялық режиссер Корнелиу Порумбойюдің «Қазына» фильмі, түркиялық Емин Алпердің «Ессіздік» фильмі, италиялық режиссер Нанни Мореттидің «Менің анам» фильмі, тайваньдық режиссер Хушиау Шиннің «Кісі өлтіруші» фильмі, франциялық режиссер Стеффан Бризенің «Базардың заңы» фильмдері ең таңдаулы фильмдер болды. Мұнымен қатар Дариуш Меһрджуидің сандық технологиялы өңделіп, қалпына келтірілген «Сиыр» фильмі мен Альберт Ламуристің «Самал жел» деректі фильмдері «Фаджр» кино фестивалінің жақсы қабылданған келесі бағдарламаларының қатарын құрады. «Самал жел» шамамен 50 жыл бұрын Иранның әртүрлі аймақ халықтарының тұрмыс-тіршілігі мен табиғаты жайлы түсірілген деректі фильмнің нұсқасын бірінші рет Иранда сахнаға шығарған оқиға болды.

Кино саласындағы көптеген жүлделердің иегері марокколық-франциялық режиссер Исмаил Фаррухи Иранға екінші рет келіп отыр. Ол «Шығыс көрінісі» бөлімінің қазылар алқасының мүшесі болды. Өзі көрген фильмдердің сапасы туралы: «Фестивальға әртүрлі елдердің фильмдері қатысты. Мен әртүрлі елдердің фильмдерін, соның ішінде Қазақстанның фильмдерін көрдім. Иран кинематографиясы туындыларының ішінен «Ғашықтықтың бірнеше текше метрі» атты фильмді қарадым. Менің ойымша бұл өте керемет шығарма. Бұл мигрант ауғандықтың өмірі туралы мені таңғалдырған фильм болды. Теһран фестивалінде Беһруз Нуранипурдің режиссерлігімен түсірілген «А157» деген өте жақсы деректі фильмін тамашаладым. Мен Иран киноларына құштармын. Фильм түсірген кезде фильмімді жұрт мынау ирандық бір фильмге ұқсайды деп, оны ирандық түсірген екен деп ойлайды. Менің режиссерлік білімім жоқ. Фильм түсіруді бастаған кезде ешбір ирандық фильмді көрген жоқ болатынмын» дейді.

Нубухиру Сува – Жапонияның Хиросима қаласының тумасы. Ол осы уақытқа дейін Жапония мен Францияда фильмдер түсірді. Токио университетінің кинематография факультетін бітірген Сува Токионың өнер университетінде сабақ береді. Ол Иран фильмдерімен танысуы туралы былай дейді: «Ең бірінші рет Аббас Киаростамидің «Достың үйі қайда?» деген фильмін көрдім. Содан кейін оның Close Up фильмін тамашаладым. Сол фильм көбірек менің таңданысымды тудырды. Иран фильмдерімен мен осылай таныстым. Ирандық басқа режиссерлердің, соның ішінде Маджид Маджидидің фильмдерін де көрдім».

Ол «Фаджр» фестивалінің оқыту-үйрету курстарына баяндамашы ретінде қатысып, Иранның бүгінгі кинематографиясымен көбірек танысу үшін мүмкіндігінше ирандық фильмдерді көбірек көргісі келетінін айтты.

Фестивальге қатысқан келесі қонақ – аталмыш шараның таңдаулы шығармаларының бірі «Қойлар» көркем фильмінің режиссеры Гримур Хаконарсон болды. Ол фестиваль туралы: «Фаджр әлемдік кино фестивалі өте биік деңгейде өтті. Ешқандай кемшілігі болған жоқ. Бұл фестивальде ешқандай қиындықпен бетпе-бет келген жоқпыз. Өткізілген кеңістіктен бастап, ұйымдастырушылардың жұмыстарына дейін бәрі тамаша болды» деді. Осы режиссер «Сиыр» фильмінің көрсетіліміне тоқталып: ««Сиыр» фильмі қатты ұнады. Тамақтың дәмін татып көрген соң, соның барлығын жегіміз келетіндігі сияқты, бұл фильмді көру мені ирандық фильмдерді көбірек көруге ынталандырды» деді.

Норвегия мен Ирак Күрдістаны аймағының ортақ өнімі "аль-Классик" фильмінің режиссері Мостафа 34-ші «Фаджр» әлемдік кино фестивалінің «Бақыт фильмдері» бөліміне қатысты. Ол былай дейді: «Мен шығарма тудырушы ретінде таяушығыстық жүрекке ие еуропалық көзқарас иесімін. «Аль-Классиктің» де гуманитарлық идеясы бар. Бұл фильм қарапайым адамдар болып табылатын, үлкен армандарға ие екі кейіпкердің көзқарасы тұрғысынан баяндалады. Хикая махаббат, футбол және армандар жайлы. Фильмнің қарапайымдылығы мен актерлардың еркін ойнауына байланысты көрермендер бұл туындыны ұнатты деп ойлаймын. Билеттердіңң барлығы сатылып кетті. 2003 жылдан бері Ирактың Күрдістаны аймағында жақсы оқиғалар орын алып, көптеген ортақ жұмыстар жасалды. Осы ретте ирандық режиссерлер маған көп көмек көрсетті. Себебі олар бай тәжірибелерге ие. Өмірде барлық нәрсе өзгеріп жатыр. Ирактағы ДАИШ тобының бүлдіргі құзыры күнәсіз адамдардың өмірлерімен бірге Ирак Күрдістаны аймағының кинематографиясын да алқымынан алып отыр. ДАИШ тобының аймаққа енуі және солармен байланысты қиындықтардан ешкім кино туралы ойламайды. Адамдар соғыс пен қақтығыстарға шырмалып отыр. Бірақ жағдай өте жақын арада жақсарады деп үміттенемін» деді.

Иран киносының халықаралық жағдайына байланысты Иран фильмінің халықаралық алғашқы базары 1998 жылдың ақпан айында «Фаджр» халықаралық кино фестивалімен бір мезгілде өткізілді. «Таймс» журналы өзінің мыңыншы арнайы санында Иран кинематографиясына «Әлемнің көркем фильмдер өнеркәсібінің сүйенуге лайық үйі» деген атау берген жағдайда Иранның кинематография нарығы алғашқы қадамдарында ирандық павильон иелері мен мәдени оқиғаларға бағдарлама жасайтындар және халықаралық сатып алушылармен бірлесіп, өз істерін бастап, Иранның кино саласындағы жаңа өнімдері шынайы түрде нарықтағы қатысушыларға көрсетіліп, ұсыныла бастады.

2004 жылы нарықтың жетінші кезеңінде аймақтағы мәдени айналымдарда маңызды оқиғаны өткізу мақсатында базарда өз өнімдерін таратулары үшін алғаш рет халықаралық компаниялар шақырылды. Осылайша, біртіндеп Иранның кино саласындағы халықаралық нарығы аймақта өндірілген фильмдер мен телебағдарламаларды ұсынатын ықпалды мекенге айналды. 2015 жылдан бастап халықаралық фестиваль және «Фаджр» фильмінің нарығы республикалық бөлімнен жеке түрде өткізілді. «Фаджр» биылғы кезеңі ирандық фильм түсірушілер және компаниялар мен басқа елдерден келген қонақтар және сатып алушылардың қатысуымен өтті. Ирандық фильмдер фестивальдерге қатысып, кинотеатрларда экрандалып, теле және спутниктік арналарда көрсетілу үшін нарықта ұсынылды.

Осы кезеңдегі жаңа әрі көңіл аударарлық жобалар мен шаралардың бірі «Дар ал-Фонун» деген атаумен бір бөлімде Иранның бірқатар режиссерлері, актерлері мен танымал тұлғаларының қатысуымен кино саласы бойынша дәрістер мен оқыту курстарының өткізілуі болды. Бұл бөлімде Ирак, Ауғанстан, Тәжікстан, Ливан, Палестина сынды елдерден келген кино өнеріне құштар 110 адам сабаққа қатысты. Асғар Фарһади, Маджид Маджиди, Моджтаба Раи, Маджид Барзегар, Махмуд Калари, Пуран Дерахшанде сынды және тағы да бірнеше танымал тұлғалар студенттер мен осы салаға қызығатын адамдарға дәріс өткізді. Ирандық режиссер әрі «Фаджр» әлемдік фестивалінің директоры Реза Миркарими былай дейді: «Иран аймақтағы ең мықты кинематографияға ие. Иран кинематографиясына қызығушылық танытатын өзімен көршілес мемлекеттерге, Таяу Шығыстағы, сонымен қатар Орта Азия елдеріне көмектеуге мүдделі. Фестивальдің осы кезеңі кәсіби және ғылыми тәсілде өткізілді. Шараның аяқталуымен студенттермен байланыс үзілмейді. Олармен байланыста болып, олардың идеялары мен жобаларын және тәжірибелерін бақылап отырамыз».

«Фаджр әлемдік фестивалінің 34-ші кезеңі ордибеһешт айының алтысы күні (сәуір айының 25) әртүрлі бөлімдер бойынша таңдаулы туындыларды жариялап, өз жұмысын аяқтады.

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды