Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 14 Мамыр 2016 09:32

Аптаның экономикалық журналы 76

Аптаның экономикалық журналы 76
Ортақ мүдделер негізіндегі жан-жақты серіктестіктердің мүмкіндіктерін пайдалану мақсатын көздейтін Иран мен Түркіменстанның ECO сынды аймақтық ұйымдар мен халықаралық қауымдастықтардағы серіктестіктері бұрынғыдан бетер кеңеюде. Бұл тақырып осы аптада Түркіменстан Сыртқы Істер Министрінің Теһранда ирандық қайраткерлермен кездесуінде қуатталды.

Иран президенті Хасан Рухани Теһранда Түркіменстанның Сыртқы Істер Министрі Рашид Мередовпен кездесуінде Иран мен Түркіменстанның ортақ серіктестіктерінің табысты болғанын айтып, осы істің екі елдің мүдделері бағытында кеңейіп, аймақтық серіктестіктердің дамуына ықпал етуіне үміт білдірді.

Иран президенті сенбі күні Теһранда өткен кездесуде Иран мен Түркіменстанның серіктестіктері мен байланыстарын кеңейту үшін Каспий теңізінің мүмкіндіктерін дұрыс қолдану қажеттігін қуаттап: «Темір жолдың қосылып, оның Орта Азия және Шығыс Азия елдеріне дейін созылуы Иран мен Түркіменстанды стратегиялық қарым-қатынастар қалыптастыру жолына келтірді» деді. Иран мен Түркіменстан 1991 жылдан бері, яғни Кеңес Одағы құлаған соң Орталық Азия елдері тәуелсіздіктерін жариялағаннан бері екіжақты байланыстарды дамыту бағытында үлкен қадамдар жасады. Екі елдің көпжақты серіктестіктерді кеңейту саласындағы бастамалары мен Серахс-Теджан бағыты арқылы темір жол тасымалы желісін кеңейтуі, бөгет салу сынды ортақ жобаларға қатысып, соларды жүзеге асыруы, Каспий теңізі саласындағы ынтымақтастықтары көршілес екі ел арасындағы екі және көп жақты серіктестіктердің кеңейгенін көрсетеді.

Түркіменстан Сыртқы Істер Министрі Рашид Мередов Теһранда Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахундимен кездесуде Иран-Қазақстан-Түркіменстан темір жолы арқылы тасымалдаудың жағдайы және күре жол арқылы тасымалды кеңейту, сонымен қатар Серахс-Серахс көпірінің құрылысы туралы да пікір алмасты.

Мередов Иран мен Түркіменстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың кеңейтілу үдерісіне ризашылық білдіріп, өз елі мен Иран арасында тасымалдың артуы туралы баяндап: «Екі ел президенттері өткен жылы Ашхабадта Иран мен Түркістан арасында темір жол арқылы жүк тасымалдау көлемін жылына алты миллион тоннаға, алдағы он жылда 60 миллион тоннаға арттыруға келіскен болатын» деді.

ИИР Темір жол компаниясының атқарушы директоры Мохсен Пурсеид Ағаи да Түркіменстан Сыртқы Істер Министрі Рашид Мередовпен кездесуде екі елдің темір жол саласындағы серіктестіктері мен тасымал ісінің жағдайы туралы мәлімет беріп: «Қуанышқа орай, Түркіменстан Сыртқы Істер Министрінің көңіл бөлуі мен басшылығының арқасында екі ел арасындағы темір жол серіктестіктері жақсы дамыды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде биыл Иран мен Түркіменстан арасындағы транзит көлемі үш милиион тоннаға жетеді» деді. Теһран мен Ашхабад бір-бірімен табысты серіктестіктерге ие. Осы ынтымақтастықтар екі елдің мүдделерімен бағыттас дамып, аймақтық қарым-қатынастардың кеңейе түсуіне септігін тигізуі керек.

Ендігі кезекте Жібек жолы темір жолы арқылы сапар уақытының қысқарғаны туралы хабарды тыңдаңыздар.

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясынан шыққан Жібек жолы бағдарламасының алғашқы пойызы 10 мың 400 км жолды өткеріп, Қазақстан мен Түркіменстан елдерінен өтіп, он төрт күннен соң Теһранға жетті.

Осы аптада Иран темір жолы компаниясы мен Цзянсу провинциясынан келген делегация, сонымен қатар Қытай Сыртқы істер Министрлігінің өкілдері мен бизнесмендері Теһранда өткен отырыста Инче-Борун темір жол тұйығы арқылы Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясынан Теһранға қатынайтын жүк пойызы қозғалысының бағдарламасын белсендірек ету мәселесін қарастырды.

Иран темір жолы компаниясы директорның эксплуатация, сапар және қозғалыс ісі бойынша орынбасары Хосейн Ашури отырыста осы пойыз сапарларының жүйелі түрде жалғасатынын қуаттап, Иран темір жолының пойызбен сапардың 14 күннен 12 күнге қысқартуға әзірлігін мәлімдеп, пойыз жұмысының кеңеюімен өте жақын арада жүк тасымалы көлемінің артатындығын хабарлады.

Теһран осы аптада сондай-ақ, мұнай-газ халықаралық көрмесіне қатысуға келген әртүрлі елдердң делегацияларын қабылдады.

Иранның мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдерінің 21-ші халықаралық көрмесі Иран мен әлемнің 38 елінен келген 1900 мұнай компаниясының қатысуымен Теһранда өтті. Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сенбі күні Иранның мұнай өнеркәсібі саласының қызметкерлерімен өткізген отырыста санкциялар жойылып, шетелдік компаниялармен байланыстар кеңейгеннен кейін қалыптасқан кеңістік жайлы айтып: «Ирандық өнеркәсіпшілер мұнай өнеркәсібі қажет ететін қосалқы бөлшектерді санкциялардан кейінгі кеңістікте шетелдік компаниялардың қатысуымен өндіретін болады. Иран аймақта тауар тасымалдайтын платформаға айналуы үшін өз өнімдерін аймақ елдеріне де экспорттайды» деді.

Бижан Намдар Зангане «Заң шығару, талаптар мен шешім жолдарының үдерісі» атты форумда Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі жағдайда мұнай өндірісі мен экспортын екі есе арттыруды мақсат ететінін қуаттап: «Қазіргі жағдайда мұнай өндірісін күніне бір баррельден екі миллион баррельге арттыруды көздейміз. Сонымен қатар жүзеге асырылған жұмыстар арқылы жалпы алғанда мұнай мен газ конденсатының өндірісі мен экспорты шамамен екі миллион 400 мың баррельге жетеді» деді. Зангане қазіргі жағдайда мұнай саласындағы жобаларды жүзеге асырудағы басты бағдардың газ бен мұнай-химия өнімдері екендігін баса айтты.

Иранның мұнай-химия өнімдерінің құны бүгінгі күні шамамен 20 миллиард долларға жетті. Иран алдағы бес жылда бұл санды екі есе арттыруды мақсат етіп отыр. «Мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдері» атты халықаралыық көрме ирандық компаниялар мен шетелдік компаниялардың Иранның мұнай өнеркәсібі бағдарламаларымен танысуы үшін жақсы мүмкіндік қалыптастырды.

Иран мұнай өнеркәсібінің зерттеу орталығы осы уақытқа дейін Англия, Голландия, Австрия, Қазақстан, Қытай, Норвегия, Үндістан, Франция, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Венгрия, Кувейт, Италия, Испания елдеріндегі мүнай өнеркәсібі саласының қызметкерлерімен келіссөздер өткізді. «Мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдері» атты халықаралық көрменің өткізілуі аясында Теһранда Иран мұнай өнеркәсібінің зерттеу орталығы мен осы компаниялардың кейбіреуімен, соның ішінде Оңтүстік Корея компаниясымен Иранның мұнай қорын анықтау үшін серіктестік келісімдеріне қол қойылды.

Оманның Мұнай министрі де аталмыш көрмеге келіп, «Мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдері» атты халықаралық жиырма бірінші көрмеге қойылған Иранның мүмкіндіктерін мадақтауға лайық деп бағалады.

Голландияның Экономика, энергия және ауылшаруашылығы министрі де жексенбі күні Иранда өткен «Мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдері» атты халықаралық жиырма бірінші көрмеге келді.

Голландияның Экономика, энергия, ауылшаруашылығы министрі Хенк Камп өткен жылы да үлкен сауда делегациясын бастап Теһранға келіп, Газ экспорттаушы елдер ассамблеясы басшыларының отырысына қатысып, Иранның экономика және саяси қайраткерлерімен байланыстарды дамыту және нығайту жолдары туралы сұхбаттасқан болатын.

Мұнай мен газ саласындағы келесі бір кездесуде Иран мен Оманның Мұнай министрлері мұнай мен газ саласындағы екіжақты серіктестіктерді кеңейту туралы сөйлесті. Осы кездесудегі маңызды тақырып Ираннан Оманға газ экспорттайтын құбыр жолын зерттеу тәсілін қарастыру және оффшорлы инженерлік-құрылыс компаниясының есебін тыңдау болды.

Оманның Мұнай министрі Теһран сапарының мақсатын Ираннан Оманға газ экспорттайтын құбыр жолын жүзеге асырудағы қиындықтарды шешу деп атап, жобаны неғұрлым тезірек орындаудың жолдары Иранның Мұнай министрімен кездесуде қарастырылғанын айтты.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане де Оманның Мұнай министрі Мохаммед бин Хамад әл-Румхимен сұхбаттан кейін: «Екі ел ортақ компания құру арқылы газ сығындысы саласында ынтымақтастық жасайтын болады. Ортақ компанияның кеңсесі Оманда орналасады» деді.

Осы бөлім бойынша толығырақ « Аптаның экономикалық журналы (72)

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды