Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 15 Мамыр 2016 13:19

Иранның мұнай өндірісі мен экспорты екі есе артты

Иранның мұнай өндірісі мен экспорты екі есе артты
Иранның Мұнай министрі: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жетістіктері мен санкциялардың жойылуы аясында Иранның мұнай және мұнай өнімдерінің өндірісі мен экспорты санкциялар кезіндегі межеден екі есе артты»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сенбі күні түстен кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, қарсыласу экономикасы: мүмкіндіктер мен әлеуеттер» атты форумда сөйлеген сөзінде: «Әлемдік нарықтар біздің өз межемізге қайта оралуымызды мұнай өндіру үлесіне ие болуға қатысты Иранның табиғи құқығы ретінде қабылдап, растады»,-деді.

Зангане «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының Иранның экономикасына тигізген ауқымды әсерлерін санамалап: «Біз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижесін Мұнай министрлігінің әртүрлі жобаларына артылған қосымша шығындардың алынғанынан сезіндік. Мысалы, біз Оңтүстік Парстың әртүрлі фазаларын орындау жобаларына қажетті құрал-жабдықтар мен құрылғылардың бағаларының шынайы бағалармен салыстырғанда төмендегеніне куә болдық.

Сондай-ақ, қосымша шығындарды алып тастамас бұрын бағаның 40 пайыздан артық төмендеуі делдалдар мен пайда табушылардың қалтасына кететін еді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижесінде бұл шығындар үкіметтің бюджетінде қалып, елдің дамуы мен абадтандырылуына жұмсалатын болады»,-деп мәлімдеді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды