Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 15 Мамыр 2016 13:53

Иран Қазақстанда 50 МВт-тық жел электр стансасын салу туралы келісімге қол қойды

Иран Қазақстанда 50 МВт-тық жел электр стансасын салу туралы келісімге қол қойды
Иранның су және электр желілеріне қатысты қызметтер мен құрылғыларды экспорттау компаниясы (Санир) «Еуразия Инвест Групп» компаниясымен әріптесе отырып, Қазақстандағы Каспий теңізінің шығыс жағалауына 50 МВт-тық жел электр стансасын салатын болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Санир» компаниясының бас директоры мен «Еуразия Инвест Групп» компаниясының өкілі сенбі күні Теһранда Ұлы жібек жолы бағытында Қазақстандағы Каспий теңізінің шығыс жағалауына 50 МВт-тық жел электр стансасын салуға келісті.

Бұл «Санир» компаниясының х.ш.ж.с.б. 1395 жылы құны 110 млн долларды құрайтын алғашқы келісімі. Аталмыш станса 18 айдың ішінде салынып, қолданысқа берілуі тиіс. Қазақстан үкіметі жобаны қаржылай қамтамасыз етеді.

«Санир» компаниясы осыдан бұрын 2004 жылы Арменияның Пушкин қаласында 2,6 МВт-тық жел электр стансасын (жалпы қуаты 10,4 МВт) салды, сондай-ақ, Пәкістанның Сенд штатында да 50 МВт-тық бір жел электр стансасын салуды қарастырып жатыр.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды