Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 15 Мамыр 2016 20:53

Діни жетекшінің жүйенің жауапты тұлғаларымен кездесуі


Діни жетекшінің жүйенің жауапты тұлғаларымен кездесуі
Исламның бастапқы кезінен осы кезге дейінгі екі ағымның, атап айтқанда беғсат пен жәһилияттың жалғасып келе жатқандығыны туралы мәселе Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлыққа таңдалған күнінің жылдығында жүйенің жауапты тұлғаларымен кездесуінің маңызды тақырыбы болды.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлыққа таңдалған күнінің жылдығында жүйенің жауапты тұлғалары, Ирандағы Ислам елдерінің елшілері және шәһидтердің жанұяларының бір тобы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті. Бұл кездесуде Ислам революциясының жетекшісі Исламның бастапқы кезінен осы кезге дейінгі екі ағымның, атап айтқанда беғсат пен жәһилияттың жалғасып келе жатқандығына тоқталып, беғсаттың негізгі тірегін илаһи пайғамбарлардың арқасындағы дұрыс жолға нұсқалған кемеңгерлік, ал жәһилияттың ең маңызды факторын шаһуат пен ызаның биілігі деп атады. Иран Ислам революциясының жетекшісі дүниежүзінің жер-жеріндегі исламдық үмбет пен бүкіл адамзатты Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлыққа таңдалған «Мабас» күнінің жылдығымен құттықтап: «Шын мәнінде бүгін адамзат бұрынғыдан көбірек Алла елшісінің пайғамбарлық міндетке сайлануын, яғни беғсаттың мағынасын түсінуге мұқтаж. Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған сендердің қиналғандарың ауыр тиеді. Өйткені, ол сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді»,- деп айтылған Құранның «Тәубе» сүресінің 128-ші аятын еске салып: «Адамзаттың қиындықтары, адамдар мен адамзат қоғамының күнделікті өмірінің ауыртпалықтары Исламның ұлық пайғамбарына ауыр тиеді. Хазірет оларға дұрыс жолды көрсетіп, олардың бақытты болғандарын көргісі келеді. Беғсат – барлық адамдарға тиесілі. Беғсат мейрамы – адамзаттың қиындықтарын жою үшін жіберілген күн. Сондықтан бұл күн мейрам саналады»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи Алладан басқаға құлшылық етуді, зұлымдық пен әділетсіздіктің орнатылуын халықтық таптар арасындағы қайшылықтарды, мұқтаждардың қиындықтары мен күш-қуаттылардың зорлық-зомбылықтарын билеп-төстеушілердің шіріген көзқарастарымен адамзатқа таңылған қиындықтары деп санайды. Ол беғсат күнін аталмыш қиындықтардан құтылу үшін адамдардың илаһи болмысты еске алатын күні деп атап: «Өйткені адамның илаһи болмысы шындықты, әділетті және мұқтаждарға көмектесуді талап етеді» деді. Хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағеде» пайғамбарлардың беғсаты туралы: «Алла Тағала өз елшілерін халықтың арасына жіберіп, Алланың олардың болмысында қалыптастырған міндеттемелерін олардан талап етті. Сондай-ақ, оның ұмытылған нығметтерін естеріне салып, кемеңгерлікке шақырды»,- дейді. Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-ның бұйрықтарын түсіндірдің: «Пайғамбарлар адамдарды жаратылыстарында қалыптастырған негіздер бойынша ғамал етуге мәжбүрлейді. Яғни, келісім бойынша Алла Тағаланың адамзаттан азат болып, әділетпен өмір сүріп, Алладан басқаға құлшылық етпеуді талап еткенін мойындатқысы келеді. Пайғамбарлар халықтан жаратылыстарындағы келісімді бұзбауды талап ету үшін жіберілген. Олар адамға «Уа, адам! Сен болмысыңның тереңдігіңде Алламен келісімге келгенсің. Біз келіп, сенен келісімге адал болуыңды талап етеміз» деді». Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Алланың ұмытылған нығметтерін еске салуды пайғамбарлардың беғсатының келесі дәлелдерінің бірі деп атап: «Біз Алланың адамның болмысында қалыптастырған түзулік, ақыл және жақсылық сынды нығметтеріне бейқамдық танытамыз. Пайғамбар оларды адамның есіне түсіріп, олар үшін шындықты анықтады»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі шындықты айқындауды пайғамбарлардың ең маңызды міндеті деп таныстырып: «Пайғамбарлардың дұшпандары надандық пен қайшылықтарды пайдаланады. Бірақ пайғамбарлар надандық пен қайшылықтарды әшкерелеп, адамзат үшін кемеңгерліктің қорын ашады»,- деді. Ойлануға шақыру әрқашан пайғамбарлардың ең маңызды ісі болды. Аятолла Хаменеи адамның ақылының илаһи жетекшіліксіз ақиқатты тура түсіне алмайтының қуаттап: «Пайғамбарлар ақылды тауһид, илаһи аяттарға қарай нұсқап, оларға Жаратушының билігін көрсетеді. Пайғамбарлар адамды қолдарынан жетектеп, оларға дұрыс жолды нұсқайды. Олар Алланың берген мүмкіндігімен бұл қиын жолдан өтіп, әлемнің ақиқатын адамға көрсетеді»,- деген. Иран Ислам революциясының жетекшісі беғсаттың дәлелдері және ақыл мен илаһи болмыстың байланысы туралы айтқан соң, беғсатқа қарсы тұратын майдан туралы сөз қозғап: «Беғсатқа қарсы майдан – жәһилият майданы. Жәһилият ағымы пайғамбардың дәуіріне ғана тиесілі емес, керісінше пайғамбарлар тарапынан нұсқалған ойлармен күресуге бағытталған ағым. Беғсатқа қарсы тұрған жәһилият ілімнің жоқтығын білдірмейді, керісінше дұры жолға нұсқалған ақылдың жоқтығын білдіреді. Ғылым жәһилиятқа қызмет етуі мүмкін. Бүгінгі дүниеде адамзаттың білімі жоғары, бірақ дұрыс жолға нұсқалған ақылдың жоқтығына байланысты жәһилиятқа қызмет етеді. Адамзатты кемеңгерлік билемесе, шәһуат пен ыза және нәпсі билейді. Мұндай жағдайда екі халықаралық соғыстың ағымында миллиондаған адам опат болып, адамның өмірі құнсызданып, адамның абыройы жоғалады. Халықтарды билеп-төстеу мен кемсіту, олардың ұлттық байлығын талан-таражға салу мен адами күштерін пайдаланбау жәһилияттың билігінен туындайды»,- деп ескертті. Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі адал мүміндер мен ИИР-ның сионистік режимге қарсы дұшпандығын осы кездегі беғсат ағымы және ақыл мен болмыстың билігінің жәһилият ағымына қарсы тұруының нәтижесінен туындаған мәселе деп атап: «Сионистік режим және АҚШ үкіметі сынды үкіметтердегі сионистік капиталистердің кең ауқымды арналарының әсерлері шәһуат пен ызаның билігінің арқасында нығаюда. Мүмін мен мұсылмандардың қарсыласуы және табандылығы оларға ұнамады. Сондықтан Ислам мен Ираннан үркіту АҚШ пен оның одақтастары саясаттарының бір бөлігі ретінде қалыптасты. Халықтар бейқам болса, сионистік режим мен АҚШ басқарған жәһилият ағымы өз мақсаттарына жетеді. Алайда халықтар ояу болып, олардың алдына тосқауыл қойса, олар ашу-ызаға ерік беріп, соғыс пен санкцияларды пайдаланады»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи АҚШ пен одақтастарының қылмыстарына, соның ішінде Жапонияға қарсы атом бомбасын пайдалануы мен Ирак пен Ауғанстанның жүздеген мың халқын қыруына тоқталып: «Бүгінгі кезде жәһилияттың рухы мен мағынасы пайғамбардың кезіндегі жәһилиятпен бір. Бірақ олардың түрлері мен құралдары жаңа»,- деді. Ол мұндай жағдайға қарсы тұруды бүкіл исламдық үмбеттің міндеті деп атап: «Ислам республикасы билік басына аяқ басқаннан бері ешбір соғысты бастаған емес және ешбір мемлекетке қарсы әскер әрекет жасаған жоқ. Бірақ өз сөзі мен өз ұранын дауыстап жариялады»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі: «Имам Хомейни «америкалық және жансыз исламды» теріске шығарып, оған қарсы пәк Исламды жаңдандырды»,- деп қуаттады. Ол Батыс үкіметтерінің Исламның атымен қылмыс жасап отырған ДАИШ пен ән-Носрат сынды бейбастақ лаңкестік топтарды қолдауын айыптап, ДАИШ-қа қарсы коалицияны жалған коалиция деп атап: «Батыс үкіметтері бұл қылмыскер топтарды исламдық деп көрсетіп, Исламның шынайы жүзін жасырмақ. Бұл Исламға қарсы саясат. ДАИШ – Ислам дінінің атымен мұсылмандарды үрейлі түрде қырып-жойып, исламдық елдердің қауіпсіздігіне қатер көрсетіп отырған лаңкестік топ. АҚШ тарапынан ДАИШ-ке қарсы коалиция құрылғанымен, бұл лаңкестік топ жойылмақ түгілі күн сайын жаңа қаруларға ие болып, қылмыстарын арттыруда. Айта кететін жәйт, ДАИШ-тің жараланған лаңкестері сионистік режимнің ауруханаларында емделіп, АҚШ-ның тікұшақтары Пентагонның белгілері бар азық-түлік оралған жүктерін жіберген. Ал Батыс ақпарат құралдары ДАИШ-ті исламдық үкімет деп атап, Исламның шынайы жүзін теріс көрсетуге әрекет жасауда» деді. Аятолла Хаменеи әлем мұсылмандарының бүгінгі міндетін хабардар болып, дүниежүзін беғсаттың шындығы туралы хабардар ету деп көрсетіп: «Беғсат, яғни адам мен адамзатты құтқару үшін көтеріліс. Беғсат, яғни адамзат қоғамында әділет орнатып, адамзаттың барлық таптарына жақсылық жасау. Ислам республикасы жүйесінің құрылуымен басталған әлемдегі исламдық үмбеттің қозғалысы жеңіске жетеді. Жұшпандардың қастандықтары бұл үлкен қозғалысты тоқтата алмайды»,- деп қуаттады. Ол қарсыласу жолында Аллаға тәуекел етудің жеңіске жеткізетіндігіне тоқталып: «Ұлы имамның (имам Хомейнидің) тәуекел етуі бізге жолды көрсетіп, бізді осы жерге жеткізді. Иран халқы дәл сондай тәуекелмен жолын жалғастырады. Ислам үмбеті исламдық ояну қозғалысымен күн сайын осы ақиқатты мақсатына жеткізеді»,- деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды