Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 08 Тамыз 2015 14:37

Біз туралы

Иран Телерадио бірлестігі шетелдік торабының қазақ тілінде хабар тарататын бөлімі 1996-ші жылдың 19-ші шілдесі күні  құрылды.

Бастапқы кезде бағдарлама күніне 30 минут болса, 1999-шы жылдың маусым айынан бастап бір сағатқа ұзартылды. Радио бағдарламаларының қатарын хабарлар, сараптамалар, ғылым, экономика, мәдениет және әлеуметтік салаларға  қатысты тақырыптардағы мәселелер құрайды. ИИР Телерадио бірлестігінен таратылатын қазақ тіліндегі бағдарлама әлем, аймақ, ислам және Таяу Шығыс елдері туралы бейтарап хабарларға арналған. 2005-ші жылдың 9-шы қаңтарынан бастап радионың ғаламтордағы сайты жұмысын бастады. Сайт жоғарыда аталған мәселелермен қатар Құран, әдебиет, исламдық өнер тақырыптарына да көңіл бөледі. Біздің ұйым солардың мазмұндарын тереңдету арқылы оқырмандардың ризашылығына ие болуға күш салуда. Құрметті тыңдармандар, сіздер бүгінде біздің бағдарламаларымызды ұялы телефондарыңыздан дыбыстық жоғары сапамен тыңдай аласыздар. Осыған орай «Android» және «iPhone» оперативті жүйеге ие  телефондары үшін арнайы бағдарламалар жобаланған. Біздің бағдарламаларды тыңдау үшін ұялы телефондарыңыздың осы екі жүйенің бірімен жабдықталғаны жеткілікті. Сіздер сайтымыздағы «Mobile Application» бағдарламасын жүктеу арқылы әрқашан бізбен бола аласыздар. Бағдарламаларымызды Астана уақыты бойынша сағат 15:20 - 16:20 аралығында тікелей эфирден немесе радионың мұрағатынан тыңдай аласыздар. Көңілдеріңізден шыққан бағдарламаның мәтінін ғаламтордағы сайтымыздан оқып, дыбыстық үнтаспасын тыңдай аласыздар. Дыбыстық үнтаспаны тыңдау үшін әр бағдарламаның мәтінінің астынан жүктеу үшін мүмкіндік жасалған. Егер дыбыстық үнтаспа болмаса, сұраныстарыңыз бен ұсыныстарыңызды радионың ұжымына жазып жіберулеріңізге болады. «Нұрлы жол» деген линкті басып, Құран Кәрімнің тәпсірі мен аяттардың аудармасын оқи аласыздар. Біздің бағдарламаны тыңдағандарыңыз үшін ұялы телефондарыңыздың қаржысы кемімейді. Бағдарламаларды ұялы телефоңдарыңызға жүктеу бойынша сіздерге техникалық мамандарымыз көмектесе алады. Бұған қатысты сұрақтарыңызды электронды почта арқылы жіберулеріңізге болады. ИИР-ның қазақ тілінде таратылатын бөлімі сіздердің хаттарыңыз бен электронды хаттарыңызға жауап беруге тырысады. Пікірлеріңіз бен сындарыңыз біз үшін өте маңызды. Ғаламтордағы мекен-жайымыз: www.kazakh.irib.ir

              E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

                  Tel:+982122021309

Осы бөлім бойынша толығырақ « Айдарлар Жиіліктер тізімі »

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды