Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан 2014 18:26

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 1

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 1

Бүгінен бастап сіздердің назарларыңызға «ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары» деп аталатын мақалалар топтамасын ұсынып, ИСИМ-нің құрылуы, әрекеттері мен сенімдері, дене түршіктірер қылмыстары, басқа елдермен қарым-қатынастары, ИСИМ-ге қарсы құрылған халықаралық коалицияның мақсаттары және осы тәкфиршіл топқа қатысты басқа да мәселелерді талқылаймыз. Бүгінгі бірінші бөлімін ИСИМ тобының исламның алғашқы кезеңіндегі хаваредждер ағымымен ұқсастығы мен бұл топтың құрылуына арнаймыз.

 Осы күндері дүниежүзінің  бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең маңызды мәселе Ирак-Сирия Ислам мемлекеті (ИСИМ) лаңкестік тобының  Сирия мен Ирактағы қылмыстары және «Халықаралық коалиция» деп аталған коалицияның аталмыш топқа қарсы жасаған әуе шабуылдары болып табылады. АҚШ басқарған бірнеше батыс-араб мемлекеті бүгінде ИСИМ-ді жою туралы уәж айтып отыр. Өзіне қарсы шабуылдарға қарамастан ИСИМ содырлары  Сирия мен Ирактың кейбір аймақтарына қарсы шабуылдарын жалғастыруда, тіпті  дамыған жаңа қаруларды қолына түсірді. Мұндай жағдайда «АҚШ басқарған халықаралық коалицияның негізгі мақсаты ИСИМ лаңкестік тобын жою ма? Аталмыш коалиция неліктен осы кезде құрылды? 40 елдің күшінен құрылған коалиция оған қарсы шығатындай ИСИМ тобы соншалықты үлкен бе? Неліктен АҚШ басшылары «ИСИМ-ді құрту үшін көп уақыт қажет» деп үзбей қуаттауда? «ИСИМ-ді құртуды мақсат етеміз» деген олардың уәждеріне сенуге болады ма? Бір жерде тұрақтап тұрмайтын лаңкестік топты әуе шабуылымен құртуға болады ма? Исламдық ұрандар айтатын ИСИМ тобы неліктен заңсыз Израиль режиміне  қатер тудырмайды?» деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауап беру және ИСИМ-нің болмысы, қатыгездіктері, Батыстың әсіресе АҚШ-тың ИСИМ-нің өткен бірнеше жылғы әрекеттеріне қатысты реакциялары, ИСИМ-ге қарсы халықаралық коалицияның құрылуының мақсаттары аталмыш лаңкестік топ туралы бірнеше мақаламыздың тақырыбы болмақ. Таяу Шығыс аймағы жылдар бойы лаңкестік мәселесімен кезігіп отырғанымен, үрей тудыратын бұл құбылыс бүгінде  аймақ  дағдарыстарының біріне айналды. Қазіргі күндері  бұл проблемадан қиындық көрмей отырған ел некен-саяқ. Аталмыш топтың құрылуы мен әрекет етуіне аймақтың және аймақтан тыс  кейбір үкіметтердің қатысуын оңай байқауға болады. ИСИМ – осы кезге дейін дүниежүзінде пайда болған ең қисынсыз, ең қатыгез және ең тәуелді  лаңкестік топ. ИСИМ содырларының қылмыстары көбінесе ұлт пен нәсілді жоюға арналған соғыстарда кездеседі. ИСИМ өзінің барлық қылмыстарын мейірімділіктің үлгісі, тіпті мұсылман еместермен ымыраға келетін ислам дінінің атымен іске асыруда. Тарихи деректер бойынша, ислам дінінің таралуына исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның мейірімділігі үлкен рөл атқарды. Расында, хазірет бір мұсылманның кемел үлгісі болды. Аз уақытта ешбір соғыс пен қантөгіссіз араб аралының  үлкен бөлімі Исламға бет бұрды. Ислам діні өзінің мейірімді пайғамбарымен адамдардың басын кесу олар үшін әдетке айналған әрі адамгершілікті білмейтін ИСИМ сынды надан әрі қылмыскер топтың жақтастарының қатарына қосыла алады ма? Өкінішке орай, үлкен пайғамбарлардың жақтастары олар дүниеден озған соң өздерінің алған нәтижелерімен илаһи тағылымдардың орындарын толтырып, діннің тарихын бұрыс жолға бұрды. Хазірет Мұса, хазірет Иса және басқа да үлкен илаһи пайғамбарлардың жолдары осындай жақтастары тарапынан бұрмаланған болатын. Егер илаһи діндерде дұрыс жолдардан ауытқу болмағанда адамзаттың тағдыры басқаша болатын еді. Ислам діні де хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеден озғаннан кейін жеке және топтардың бұрыс түсініктерімен бетпе-бет келіп, бұрмалануларға ұшырады. Ислам пайғамбарының шынайы орынбасары имам Әли (ғ.с.)-ның халифаты кезінде мұсылмандар қоғамының ішінде  үш топ  хазіретпен соғысқа шықты. Мұндай топтардың бірі Нахраван хаваредждері болды. Олар пайғамбардың өмірбаяны мен Құран Кәрімнің тағылымдарын өздерінше топшылап, қате тұжырымдамалар жасап, көтеріліске шықты. Қазіргі кездегі тәкфиршілер ағымын хазірет Әли (ғ.с.)-ның билігі кезіндегі Нахраван хаваредждерінің ағымы деп атауға болады. Екі топтың, атап айтқанда хаваредждер мен тәкфиршілердің тамыры дінді дұрыс түсінбеу  және басқа мұсылмандардың олармен пікірлес болмауында. Сондай-ақ, хаваредждер мен тәкфиршілердің діни және ұлттық ырымшылдықтары басқа халықтарға, тіпті олардың өздеріне жақындарға қарсы  дұшпандық әрекеттерге себеп болады. Сол себепті, барлық исламдық мазхабтар айыптаған хаваредждердің әрекеттері   тәкфиршіл топтар үшін үлгі деп айтуға болады. Исламның бастапқы кезеңіндегі хаваредждердің әрекеттері сынды қазіргі ғасырдағы  қатыгездіктер мұсылмандардың күш-қуатын әлсіретеді. Салафиттік тәкфирші ИСИМ тобының ой-пікірлері Ибн Таймие мен Мұхаммад бен Әбдул Уаһабтың ойларынан тамырланған. Аймақ пен аймақтың сыртындағы кейбір үкіметтер, атап айтқанда аймақтағы ИСИМ-ге қарсы күрестің туын көтерушілер олардың негізгі қолдаушылары болып саналады. ИСИМ-нің құрылуына шолу жасайтын болсақ, бұл үдерістен Сауд Арабиясы мен басқа да кейбір батыс-араб үкіметтерінің рөлі көбірек анықталады. ИСИМ – экстремистік тәкфиршіл қарулы топ. Оның мақсаты – Сирия мен Иракта исламдық халифат орнату. Бұл топ 2006-шы жылдың  15-ші қазанында Ирактағы  қарулы топтардың кейбіреулерінің отырысынан кейін құрылып, бұл отырыста Әбу Омар әл-Бағдади оның басшысы болып тағайындалды. ИСИМ-нің құрылуының бірінші себебі 2003-ші жылдан кейінгі АҚШ-тың Иракқа жасаған шабуылынан кейінгі өзгерістерге оралады. АҚШ-тың шабуылы Ирактағы Әл-Қаида және БААС топтарына тәуелді такфиршіл топтар сынды  қарулы топтардың құрылуы мен олардың әрекет жасауына  жағдай  тудырды. Бұл қарулы топтар қаржы және адами ресурстарды жинап, АҚШ пен Ирактың әскер күштерімен қарсыласуға әрекет жасауда. Мұндай топтардың арасындағы ең маңыздыларының бірі 2004-ші жылы Әбу Мусаб Харқавидің басшылығымен құрылған «Әл-Тауһид әл-Джиһад» тобы болып табылады. Харқави Әл-Қаида басшысы Асаме бен Ладенге бият етіп, Әл-Қаида ұйымын құрды. Бұл ұйым Ирактың базарлары мен әртүрлі аймақтарында лаңкестік пен бомба жару сынды рақымсыз әрекеттерді іске асырды. Сонымен қатар мешіттерді қиратып, имам Хади (ғ.с.) мен имам Аскари (ғ.с.)-ның қасиетті кесенелеріне қарсы шабуылдар жасап, әрекеттерін күшейтіп, Ирактағы ең күшті лаңкестік топқа айналып, аймақтағы араласушылықтарын арттырды. 2006-шы жылы Зарқави Абдолла Ращид Әл-Бағдадидің басшылығымен «Моджаһедин  кеңесін» құрды.  Сол жылы АҚШ күштерінің қолынан Зарқави өліп, оның орнына Әбу Хамзе Әл-Моһаджер сайланды. 2006-шы жылдың соңында Әбу Омар Әл-Бағдади басқаратын ИСИМ құрылды. ИСИМ-ның Ирактағы ең маңызды әрекетінің көбін Ирактың бұрынғы режиміне тәуелді және БААС тобының мүшелері құрайтын бұл елдің үкіметіне қарсы күштерден коалиция құру болып табылады. Осыған орай ИСИМ – Иракта лаңкестік әрекеттер, діни бүліктер, және ішкі соғыс тудыруды мақсат етіп отырған құрамына Саддам режимінен қалғандар кіріп отырған Әл-Қаиданың ирактық бұтағы. Халықтық наразылықтарының көбеюімен Ирак үкіметі көшпенді күштерді жұмылдырып, Әл-Қаиданың әсерін азайтты. 2010-шы жылы Әбу Омар Әл-Бағдадидің өлімімен бұл топтың Ирактағы бейберекеттіктері азайды. Содан соң Әбубакр Әл-Бағдади бұл топтың басшылығын өз міндетіне алып, Ирактағы лаңкестік әрекеттердің жаңа кезеңін бастады.    (Жалғасы бар)

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды