Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2014 14:32

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 2

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 2

ИСИМ тобы құрылуы туралы 2006-шы жылы ресми түрде жарияланған болатын. Бұл топ басында ИСИМ деп аталмады. Кейбір тәкфиршіл лаңкестік топтар өткен 8 жылда бірігіп, нәтижесінде өзін Ирак пен Сириядағы Ислам мемлекеті (ИСИМ) деп атап, «Алладан басқа  Құдай жоқ. Мұхаммад Алланың Елшісі» деген ұраны бар туды көтеріп, исламдық халифатты жаңғыртуды өз мақсаты етіп жариялады. Бұл топ осы мақсатына байланысты өз әрекеттерін Ирак, Сирия және Ливанға  дейін жеткізді. ИСИМ тобы Әл-Қаидадан тамырланған,  шын мәнінде Әл-Қаиданың ирактық бөлімі саналады. 2010-шы жылы Әбу Омар Әл-Бағдади өліп,   Әбу Бакр Әл-Бағдади оның басшысы болып сайланған соң аталмыш топтың Иракта, кейін Сирия мен Ливанда әрекеттерінің жаңа кезеңі басталды. Сирия дағдарысының басталуынан бірнеше ай өткен кезде 2011-ші жылдың соңында Әбу Мұхаммад Әл-Джуланидің басқаруымен «Ән-Носрат» тобы құрылды. Бұл топ аймақтың кейбір мемлекеттерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Қатар және Түркияның қолдауына ие болды. «Ән-Носрат» тобы осы кезге дейін қарулы шабуылдар мен дене түршіктірерлік қылмыстар, сондай-ақ көптеген лаңкестік әрекеттерді іске асырды. «Ән-Носрат» пен ИСИМ топтарының идеологиясы бірдей. Олардың екеуі де тәкфиршіл сенімге ие. Сондай-ақ бұл екі топ Әл-Қаида лаңкестік ұйымына бият етті. Бірақ ИСИМ өзінің билеп-төстеушілік мақсаттарына жету үшін Сирияға күштерін жібергеннен бері Ән-Носрат майданымен араларында қайшылықтары басталды. Өйткені олардың әрқайсы екінші жақты бұл елдердегі өзінің жағдайына қатер тудырушы деп санайды. Мұндай жағдайда Иман Әл-Завахери басқарған Әл-Қаида да ИСИМ-нан Сириядан шығуды талап етті. Бұл мәселе Әбу-Бакр Әл-Бағдадиді Иман Әл-Завахериге бағынудан бас тартқызды. Әл-Завахери ИСИМ тобын ыдыратуды талап етті.   Уақыт өте Әл-Қаида мен ИСИМ арасындағы қайшылықтардың тамырының терең екендігі  анықталды. Әл-Бағдади 2011-ші жылдың мамыр айында Асаме бен Ладен өлтірілгеннен кейін Әл-Қаиданың басшысы ретінде Иман Әл Завахериге бағынуды қабылдамаған санаулы адамдардың бірі болған. Нәтижесінде 2013-ші жылдың 3-ші ақпанында Әл-Қаида лаңкестік ұйымының бас қолбасшылығы «ИСИМ-ның бұл ұйыммен еш байланысы жоқ» деп жариялады. Сөйтіп ИСИМ  Әл-Қаидадан бөлек, лаңкестік пен қатыгездікке сүйенген тәкфиршіл және экстремистік сенімдерімен өз мақсаттарын алға жылжытты. ИСИМ  Әл-Қаидамен салыстырғанда бұл тараптың бірінші басшысы Әбу Мусаб Зарғавидің мұрасы саналатын экстремистік саясаттарды ұстанады. Зарғавидің Ирактың ішінде мазхабаралық соғысқа жол ашып, әскери емес, қарапайым халықты өлтіріп, шиіттер мен сүнниттердің арасында  қайшылықтар тудыру стратегиясы одан кейін де жалғасты. ИСИМ Әл-Қаида сынды өз күштерін дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жинауға әрекет жасады. Осы кезде ИСИМ содырларының арасынан бес құрлықтың азаматтарын кездестіруге болады. Бұл жерде ИСИМ-ге әртүрлі елдердің азаматтарын жинаудың мақсатын талқылайтын уақыт жоқ. Бірақ лаңкестікпен күрес туралы уәж айтатын  Батыс үкіметтерінің бұл адамдарға ИСИМ-ге қосылу үшін Сирия мен Иракқа аттануға мүмкіндік берулері назардан тыс қалдыратын мәселе емес. Еуропа мен Американың мыңдаған азаматы қалайша қауіпсіздік қызметтерінің көзіне түспей, ИСИМ содырларынң қатарына қосылу үшін өз елдерінен кетеді? 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ-ның Орталық барлау басқармасы еуропалық барлау қызметтерімен ынтымақтастық жасап, дүниежүзінің жер-жерінен ондаған адамды, тіпті ұшақтың ішінен бір күмәнді электрондық хаты немесе телефон арқылы сұхбаты үшін тұтқындады. Бұл адамдар Еуропадағы немесе дүниежүзінің басқа елдеріндегі жасырын абақтыларға жеткізіліп, азаптаулар мен тергеуге түсті. Сол жасырын абақтылар  мен сол жерлерде қолданылған азап-қорлықтардың әшкереленуі АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің үлкен абыройсыздыққа ұшырауларына себеп болды. Мұндай жағдайда АҚШ пен кейбір еуропалық одақтастарының өз азаматтарының ИСИМ-ге қосылуынан хабарсыз екендігіне сенуге болады ма? Олар Сирия мен Иракта  адамзатқа қарсы қылмастардан басқа еш нәрсемен айналыспайды. Батыс үкіметтерінің ИСИМ және Сирия мен Ирактағы басқа лаңкестік топтармен күресуінің өтірігін әшкерелейтін жәйттердің бірі АҚШ-ның журналист Джеймс Фоллиді өлтірген содырды дауысы арқылы анықтауы. Джеймс Фоллиді бауыздау және оны өлтірген содырдың сөзінің бейнетаспасы таратылған соң ұлыбританиялық газеттердің бірі: «Джеймс Фоллиді өлтірген содыр ұлыбританиялық жастардың бірі. Ол экстремистік топтардың бірінде жаттығудан өткен соң, Сирияға аттанған. ИСИМ-ның ұлыбританиялық мүшесінің есімі – «Джон». ВВС-дің мәліметінше, ол 20 батыстық азаматты, солардың ішінде бірнеше әйелді ұрлаған ИСИМ-ге тәуелді топты басқарады. Джеймс Фоллиді бауыздауы және бұл қылмысты іске асырған адамның Ұлыбритания астанасының диалектісіне ұқсас сөздері туралы фильм жарық көргеннен кейін Ұлыбританияның премьер-министрі содырдың ұлыбританиялық болу ықтималын мойындады. Батыстың ақпарат құралдары мен үкіметтері ИСИМ-ның шетелдік содырларын дауыстары арқылы ажырата алатын жағдайда Батыс азаматтарының Ирак пен Сирияға аттануларын бақылауға ала алмағандарын қабылдауға болады ма? Батыс үкіметтерінің Сирия мен Ирактағы саясаттары лаңкестік топтардың күшеюіне себеп болды. Батыстықтар «ИСИМ-ді қолдамаймыз» деп жариялағандарымен, олардың көмектері бұл топтың қолына жетуде. Көмектер Сауд Арабиясы, Қатар, Түркия және бірнеше Батыс үкіметтері тарапынан қаржылай, қару, ақпарат және жаттығу түрлерінде жасалуда. Жаңа мәлімдемелер Вашингтон басшыларының БААС пен ИСИМ тәкфиршілерінің лаңкестік әрекеттеріне қатысты мәліметтердің жоқтығы туралы уәждеріне қарамастан, АҚШ-ның Орталық барлау басқармасының екі жылдан бері Иорданиядағы лагерлерінде бұл күштерге жаттығулар өткізіп отырғандарын анықтады. АҚШ-тың «Veterans Today» басылымының жазуы бойынша, америкалықтар тәкфиршіл лаңкестердің Мосульге қарай жылжуынан хабардар болды. Америкалықтар аталмыш топтың қаруды қайдан алатынын жақсы біледі. Қаруды саудиялықтар Ақабе шығанағынан Иорданияға жеткізеді. Содан соң қарулы адамдар Израиль режимі арқылы аймақтарға жеткізіледі. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның естеліктері кітабынан АҚШ-тың ИСИМ-ді қолдайтыны туралы құжаттарды кездестіруге болады. Ол: «Біз 2013-ші жылдың 5-ші шілдесіндегі отырыста  еуропалық достарымызбен «исламдық үкіметті» ресми қабылдауға келіскен едік. Мен АҚШ-тың рөлі және «исламдық үкімет» құрылысымен бұл топты ресми қабылдау үшін кейбір достарымызбен келіскенін түсіндіру мақсатында 112 елге сапар шектім»,- деп жазды. Сонымен қатар АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден бұл туралы: «АҚШ, Ұлыбритания және сионистік режимнің барлау ұйымдары ИСИМ тобының құрылуына қатысып, «Араның ұясы» операциясында ИСИМ тобын құрды»,- деді. Ол әшкерелеген құжаттар негізінде: «ИСИМ Израильдің қолдауымен құрылды. «Араның ұясы» әрекетінің мақсаты исламдық ұрандармен дүниежүзінің түкпір-түкпірінен экстремистерді жинау болып табылады. Тәкфиршіл ойлар бойынша, олар өз қаруларымен Израильдің заңдылығын қабылдауға қарсы елдерді нысанаға алуда»,- деп санайды. (Жалғасы бар)                                                              

 

 Reply Forward

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды