Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан 2014 15:36

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 3

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 3

Өткен 30 жылда Сауд Арабиясына үстемдік етіп отырған уахабшылдық ағымы ислам әлеміндегі тәкфиршіл топтардың күш-қуатын нығайтуда маңызды рөл атқарды. Қатаң идеологияға ие аталмыш ағым бүгінде қатыгез әрекеттерге баруда. Уаһабшылардың тәкфиршіл идеологияның негіздеріне сүйенген ұйымдарды нығайтудағы рөлін әртүрлі елдерден, көбінесе экономикалық және мәдени тұрғыдан кедей елдерден байқауға болады. Ауғанстан, Пәкістан, Йемен, сондай-ақ кейбір африкалық кедей мұсылман мемлекеттері Сауд Арабиясы үкіметі уаһабшылардың оқу орталықтары мен мектептерін ашу мақсатында нысанаға алып отырған елдер саналады. Алайда экономикалық жағдайы жақсы Түркия мен кейбір исламдық емес елдерде де уахабшылдықтың насихатшылары белсенді әрекет етуде. Олар кедейшілік пен бұл қоғамдардың мұсылмандарының шынайы исламнан хабарсыздығын тәкфиршіл идеологияны таратуға пайдалануда. Уахабшыл ағымдар басынан бастап Ұлыбританияның қолдауымен Арабстан түбегін билеп, Ұлыбританияның, кейін АҚШ-ның мүдделері мен саясаттарына сай әрекет ететін болды. Уаһабшылар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның адамды тәрбиелейтін тағылымдары мен Құран Кәрімге еш қатысы жоқ «пайғамбар сүннеті және хазіреттің әділ жақтастарының (салафтардың)  құндылықтарын жаңғырту» деген идеяны ұстанады. Олар уаһабшылардың исламның шынайы ахкамына қайшы, сондай-ақ ырымшыл ойларды қабылдамайтын басқа исламдық мазхабтың жақтастарын кәпір деп көрсетіп, оларды исламнан бөлек деп санайды. Алайда Сауд Арабиясының мүфтилері Палестинаның исламдық жерлерінің жауланып алынуы мен Батыстың, әсіресе АҚШ отаршыларының Сауд Арабиясы мен басқа исламдық елдердегі әрекеттеріне үнсіздік танытып отыр. Шын мәнінде тәкфиршілік Әл-Сауд үкіметінің құралына айналды. Аталмыш үкімет тәкфиршіл идеологиясының арқасында Ирандағы Ислам революциясының жеңісінен кейін аймақтағы өз орнын нығайтуға әрекет жасауда. Ирак билігін билікқұмар саясаттарымен Саддам үкіметі қолына алған кезде олар Ислам революциясының аймақ деңгейіндегі дамуына тосқауыл қоя аламыз деп үміттенді. Сол заманда олар Ауғанстанда Әл-Қаида мен тәліптер басқарған тәкфиршіл ағымдарды құра бастады. Сондай-ақ, тәкфиршіл топтар Пәкістанда да байқалды. Пәкістанның Пишаварында тәліптер мен Әл-Қаида үшін уаһабшылар мектептерін ашып, сол жерден Әл-Қаида лаңкестерін аймақтағы Әл-Саудтың ықпалын кеңейту үшін әлемнің түкпір-түкпіріне, әсіресе исламдық елдерге аттандырды.   Әл-Сауд үкіметінің саясаттары АҚШ, Ұлыбритания және Пәкістанның қауіпсіздік органдары арқылы іске асырылды. АҚШ саудиялықтармен арадағы қарым-қатынастарын өте маңызды санайды. 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін ұшақты ұрлаған 19 адамның барлығының саудиялық азаматтар болғанына қарамастан Сауд Арабиясымен қарым-қатынастары бұзылмас үшін бұл елдің бірнеше ханзадасын арнайы ұшақпен АҚШ-тан қашыртты. 2003-ші жылғы АҚШ-тың Иракқа қарсы шабуылы мен Саддам режимінің құлауы Сауд режимінің Ирак шынайы исламның майданына қосылып, уахабшылықтың  тәкфиршіл ойлары мен сионизмге қарсы күреске шығады деп алаңдауына себеп болды. Дәл осы салада АҚШ Иракты басып алғаннан кейін бұл елдің халқы Сауд Арабиясының тікелей қолдауына ие лаңкестік топтардың шабуылдарының толқынына ұшырады. Бұл топтардың арасындағы ең маңыздысы кейін Ирак-Сирия Ислам мемлекеті (ИСИМ) тобы деп аталды. Лаңкестік әрекеттерден ондаған ирактық азамат қаза болмайтын күн болмады. Бұл шабуылдар АҚШ-тың жүз мың әскериі Иракта орналасқан жағдайда орын алды. Кейбір лаңкестік шабуылдарда бірнеше америкалық сарбаз қаза болғанымен, олардың саны ирактық әйел, бала және ер адамдарының күнделікті қаза болып жатқан сандарымен салыстыруға келмейді. 2011-ші жылы Тунис пен зұлымдыққа ұшыраған басқа елдерде басталған исламдық ояну қозғалысы өзін араб елдерінің  ең үлкен ағасы санайтын Сауд режимін қатты алаңдатты. Сауд Арабиясының басшылары мұнайдан түсетін долларларымен әр мүмкіндікті пайдаланып, аталмыш қозғалыстың алдын алуға тырысты. Исламдық ояну қозғалысын дұрыс жолдан бұрмалау және адамгершілік пен әділет талап ететін исламның шынайы бейнесіз өзгерту мақсатында тәкфиршілер шиіттерді қырып, әртүрлі исламдық қасиетті мекендерді қиратуға кірісті. Сауд Арабиясы мен оның Батыс одақтастары, сонымен қатар сионистік режимнің дұшпан санайтын елдерінің бірі – Сирия мемлекеті. Өйткені Сирия сионистік режимге қарсы күрестің алғашқы шебінде орналасқан. Сауд Арабиясы, Қатар мен Түркияның саяси, қаржылай және әскери қолдауымен лаңкестік тәкфиршіл топтар Сирияға аттанды. Әрекеттерін Ирактан Сирияға дейін  жеткізген топтардың бірі – ИСИМ тобы. ИСИМ лаңкестері Сауд режимінің қолдауынсыз әскери әрі заманауи қару-жараққа қол жеткізе алмайтын еді, сондай-ақ, Сирия мен Ирактың көптеген аймағын жаулап ала алмайтын еді. Олар Иракты жіктеп, Бағдат пен Дамасктің халық сайлаған үкіметтерін әлсіреткілері келеді. Сирия мен Ирактың жаулап алған аймақтарында исламдық халифат құру туралы жариялауы да осы мақсатпен жүзеге асуда. Сауд режимі басшыларының аймақтағы өз жағдайын сақтап қалу және хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның исламның шынайы тағылымдарының Сауд Арабиясына таралуының алдын алу үшін  тек жалғыз құралы бар. Ол – аталмыш үкіметтің мұнайдан түскен долларларды лаңкестік және тәкфиршіл топтарды нығайту үшін пайдалануы. ИСИМ – Сауд Арабиясын билеп отырған уахабшылдықтың туындысы. Сирия мен Ирактың ИСИМ басып алған аймақтарындағы мектептерде сабақ Сауд Арабиясы мектептерінің  оқулықтары бойынша оқытылады. Бұл ИСИМ-ның Арабстан басшыларының бұрмаланған уахабшыл идеологиясына тәуелді болуларының тек бір үлгісі ғана. Алдайда Сауд режимі өздерін әлемдегі адам құқығы мен азаттықтың қорғаушыларды деп жар салатын Батыс үкіметтерінің саяси және әскери қолдауынсыз аймақта осындай бейберекеттік тудыра алады ма деген сұрақ туындайды. Сауд режимі патшалық жүйесінің басқару тәсілі орта ғасырлардағы сынды. Бұл елдің халқы азаматтық құқықтардан мақұрым қалған. Жиырма бірінші ғасырда мұндай мемлекет жалғыз өзі  аймақта тұрақсыздық орната алады ма, сондай-ақ дүниежүзіндегі ең үлкен лаңкестік топтың құрылуына жағдай жасай алады ма? Арабстанның саяси жүйесін бірнеше мың ханзадасы бар «Сауд» атты патшалық әулет құрды.  Бұл жүйе – адамгершілік пен демократия туралы уәж айтатын АҚШ пен еуропалық үкіметтердің жақын одақтасы. Сауд режимінің ықтиярына Батыстың ең дамыған қарулары берілген. Яғни, Сауд Арабиясы – стратегиялық Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ пен еуропалық үкіметтердің заңсыз мүдделерінің қорғаушысы. ИСИМ мен Сауд Арабиясының қарым-қатынастары, сондай-ақ Сауд Арабиясының Батыс үкіметтеріне тәуелді болуына байланысты бұл үкіметтердің ИСИМ-ге қарсы коалиция құруына сенуге болады ма деген сұрақ туады.

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды