Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 28 Желтоқсан 2014 14:56

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 4

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 4

Сауд Арабиясының  ханзадалары және бұл елдің уаһабшы мүфтилерімен бірге  ИСИМ тобының құрылуы мен нығаюына әсер еткен келесі мемлекет Түркия болды. Бүгінгі бағдарламада ИСИМ тобының құрылуындағы және бұл топты қаржылай және адами күштермен қамтамасыз ету саласындағы Түркия үкіметінің белгілі және белгісіз рөліне тоқталамыз. Түркия Тунис, Мысыр және Ливия сынды үстемшілдік көрген елдерден басталған исламдық ояну қозғалысынан кейін бұл қозғалыстың  басшылығын  өз қолына алуға талпынды. Осыған орай Мысырда Хосни Мүбарак үкіметі құлаған соң көп ұзамай Реджеп Тайып Эрдоған Каирге сапар шегіп, бұл елдің көтерілісіне қатысқандардан елдерінің келешек саяси жүйесі үшін Түркия үкіметін үлгі етіп алуды сұрады. Түркияның билік басындағы "Әділет және даму" партиясы "Мұсылман бауырларына" жақын болуына байланысты осы партия Мысыр Парламентінің көпшілік орнына ие болып, Мұхаммад Морси  президент болғаннан кейін аталмыш партиямен тығыз қарым-қатынас орнатты. Эрдоған үкіметі сонымен қатар Сириядағы халықтық наразылықтарды өзінің османдық үкіметті жаңғырту және өз ықпалын кеңейту сынды ұзақ мерзімді мақсаттарын алға жылжыту үшін пайдалануды көздеді. Осындай мақсатпен Анкара Сириядағы  реформалар үдерісін бұл елдің үкіметін құлататын үдеріске  айналдырғысы келді. Сирияда осыған дейін байқалмаған наразы топтар тез көбейіп кетті. Бірте-бірте сириялық наразы топтармен бірге әртүрлі халықтар мен тәкфиршіл пікірлерге ие топтар да пайда болды. Аталмыш топтардың белсенділігінің Сирияда кеңейгені соншалықты, сириялық наразы топтардың белсенділік танытатын майданын шектеді. Бұл топтар қуғында жүріп үкімет құруға әрекеттенді, бірақ тәкфиршіл лаңкестік топтардың арасындағы терең қайшылықтарға байланысты Сирияда штабын құра алмады. Түркия үкіметі екі ағымды да, яғни халықтың наразы топтары мен бірнеше ұлттық тәкфиршіл  және лаңкестік топтарды  қолдады. Түркия үкіметі әшкере түрде Сирияның наразы топтарына қаржылай және саяси қолдаулар көрсетіп, олардың арасында бірлік орнату үшін кейбір уақыттарда Ыстамбұлда отырыстар өткізді. Бұл отырыстардың ешбіреуі саяси қайшылықтарға байланысты  нәтижеге жетпеді. Өйткені олар бейберекеттердің басынан бастап Сирия халқының мүдделері туралы ойламай, өздерінің  саяси, қаржылай және үстемшіл мақсаттарына жетуді көздеген еді. Алайда Түркия  ИСИМ және Ән-Носрат сынды  тәкфиршіл лаңкестік топтарға деген өзінің қолдауларына ерекше көңіл бөліп, қолдауларының жасырын қалып отыруына күш салды. Алайда бұл қолдаулар ешбір хабардар бақылаушы үшін құпия болмады. АҚШ пен Түркия ИСИМ тобына көрсетіп отырған қолдаулары бойынша бір-бірімен келіспей қалған жағдайда АҚШ Вице-президенті Джо Байден Түркия, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб әмірлігінің ИСИМ-ді қолдайтындықтарын мойындады.  Тәкфиршіл топтар өз күштерін дүниежүзінің  86 елінен, көбінесе араб елдерінен, Кавказ аймағы мен еуропалық елдерден жинайды. Бұл адамдар  Түркияға келген соң елдің ішіндегі базаларда қарқынды әскер жаттығулардан өтіп, кейін халықты қырып-жою үшін Сирияға аттанады.  Осы салада  көптеген  бейнетаспалар мен құжаттар жарияланды. Олардың арасындағы  ең маңыздысы Барак Обаманың орынбасары Джо Байденнің  мойындаулары саналады. Германияның ресми телеарнасы да осыдан біраз уақыт бұрын Ыстамбұл қаласының Әл-Фатах көшесінде ИСИМ штабының ашылғанын әшкереледі. Бұл жерде аталмыш лаңкестік топқа қажетті көмектер жиналады, сондай-ақ, Сирия мен Иракқа аттанатын жалдамалы күштер тіркеледі. Германия арнасының мәліметі бойынша,  Түркияда ИСИМ содырларын жаттығудан өткізу үшін  бірнеше база мен әскери лагерлер ашылды. Олардың біреуі Ғази лагерінде орналасқан. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Урафа лагері ИСИМ пайдаланатын келесі лагерь саналады.  ИСИМ содырлары  Сирия шекарасындағы тұрғындары мәсихи дінінің ізбасарлары болып табылатын Кесаб қаласына шабуыл жасау үшін осы лагерьден шыққан болатын. Аданадағы Әл-Османие лагері -  ИСИМ-ге көмектесетін үшінші  лагерь. Оған жақын жерде АҚШ-тың Түркиядағы ең үлкен әуе базасы орналасқан. Айта кететін жәйт, бұл лагерь Ирак пен Орталық Азиядан келетін газ құбырларының қиылысына жақын. Аталмыш құбыр  Түркияның Жерорта теңізінің жағалауындағы  Джейхан портына дейін жалғасады. Аданадағы Сирия шекарасына жақын  Керман базасы - ИСИМ содрлары пайдаланатын төртінші база. CNN арнасы да өткен жылдың соңында жариялаған бейне материалында Түркия арқылы Сирия шекарасына  әсер етіп отырған шетелдік  қырғи ұшақтарды көрсетті. Бұл АҚШ арнасының журналисі шекараға жақын әуежайлардан Сирияға  жеткізіліп отырған мавританиялық, ливандық, мысырлық, сауд арабиялық және ұлыбританиялық соғысқұмарлар туралы суреттерді көрсетті. Мұндай жағдайда Орхан Кама Чингиз бен Қадир Гарсил сынды Түркияның  тілшілері Түркия мен Сирия шекараларының  лаңкестердің қатынас орнатуын жеңілдететін  өткелге айналғанын қуаттады. Олардың айтуларынша,  Түркияның барлау қызметі лаңкестермен ынтымақтастық жасайды. ИСИМ тобы  дүниежүзінің ең үлкен әрі ең бай лаңкестік тобы ретінде  Түркияның қолдауынсыз  мұндай күш-қуатқа жетпейтін еді. ИСИМ  көптеген қаржы қорға ие.  Сауд Арабиясы, Қатар және Біірккен Араб Әмірлігі ИСИМ-нің ең үлкен қаржы қолдаушылары болып саналады. ИСИМ-нің келесі қаржы қоры  Сирия мен Ирактағы басып алған мұнай аймақтарының мұнайын сату арқылы қамтамасыз етіледі. Тәкфиршіл ИСИМ тобы Сирия мен Ирактан ұрланған мұнайды Түркия арқылы қара нарыққа жеткізіп, өздері үшін үлкен қаржы қорына ие болатын жағдай қалыптастырды. Түркия үкіметінің ИСИМ-ге көмектесетін саудиялық ханзадалардың бірімен қарым-қатынас орнатуы аталмыш елдің ИСИМ-ге жан-жақты әшкере және жасырын түрде қолдау көрсететінін білдіреді. Түркия үкіметі  бұл қарым-қатынастарды жасыруға әрекет жасауда. Бірақ олардың байланыстары туралы мәліметтер Түркияның газеттерінде жарияланды.   Саудиялық  инвестор Ясин Әл-Қази дүниежүзінде  лаңкестердің қолдаушыларының бірі ретінде танымал болды. 2001-ші жылдың  11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін оның және басқа бірнеше адамның есімі халықаралық лаңкестердің   тізіміне кірді.                                                                                                                                                                                       Мемлекеттердің көбі оған елдеріне кіруге тыйым салды. Олардың арасында Түркия да бар еді. Бірақ ағымдағы жылдың басында Түркияның ақпарат құралдары Эрдоған мен Ясин Әл-Қазидің кездесуі және бұл лаңкестің Эрдоғанның баласы Белалмен ұзақ кездескені туралы суреттерді жариялады. Әл-Қази 2012-ші жылы Түркияға төрт рет келіп кетті. Ыстамбұл әуежайындағы барлық камераларды өшіргеннен кейін Эрдоған оны  өзі күтіп алды. Эрдоған сот зерттеулерінде Ясин Әл-Қазидің лаңкес екенін айтпай: «Ясин Әл-Қазиге өзіме сенгендей сенемін. Ол қайырымды адам»,- деді. Түркияда шығатын «Джомхурият» газеті: «Әл-Қази Түркияға 12 рет келді. Оның жетеуі Эрдоғанның көмегімен орын алды. Өйткені оның есімі Түркия әуежайларында елге кіруге тыйым салынған адам ретінде тіркелген»,- деп жазды. «Джомхурият» Ясин Әл-Қазидің Эрдоған және Түркияның барлау қызметінің басшысы Хакан Фиданмен  кездесуі туралы суреттерді жариялап: «Түркия полициясы Әл-Қазиді қуып жүрген жағдайда, ол сол кездегі елдің премьер-министрімен кездесті»,- деп жазды. ИСИМ мен Түркияның жақын ынтымақтастығы туралы көптеген құжаттар бар. Түркия басшыларының пікірінше, ИСИМ және Сирия мен Ирактағы басқа лаңкестік топтарды қолдап, Түркияның аймақтағы рөлін жоғарылатуға болады. Бұл саясатты батыстықтар сан рет бастан өткерді.  Бірақ нәтижесінде дәл осы лаңкестік топтар олардың  өздерінің қауіпсіздігіне қауіп-қатер  тудырды. Түркия да бұл ережеден тысқары емес.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды