Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 06 Қаңтар 2015 15:08

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 5

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 5

Негізінде ИСИМ-ді Әл-Қаида ұйымының жалғасы деп атауға болады. Әл-Қаида ұйымы бұрынғы Кеңес Одағының әскеріне қарсы Ауғанстандағы көбі араб елдерінің күрескер күштерінен құрылған болатын. Осы кезге дейін Әл-Қаида Пәкістан, АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметтері және Сауд Арабиясы басқарған кейбір араб үкіметтерінің қолдауына ие болып келді. Осы қолдауларға байланысты Әл-Қаида  тәліптермен бірге Ауғанстандағы моджаһедтер үкіметіне қарсы шықты.  Кабулда моджаһедтер үкіметі құлаған соң, тәліптер Ауғанстанның 90 пайызын өз қолдарына алды. Тәліптер мен Әл-Қаида Ауғанстанда орта ғасырлардағы әдістерімен, исламның атымен қатыгез және экстремистік әрекеттерімен Ауғанстан халқын билеп, АҚШ пен Батыс, Пәкістан мен Сауд Арабиясына қызмет етіп, олардың жан-жақты  қолдауларына ие болды. Кейбір мемлекеттердің астаналарында олардың штабтары ашылды.  Бірақ АҚШ-тағы 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін барлық нәрсе өзгерді. Тәліптер мен Әл-Қаида Сауд Арабиясын билейтін вахаббизм идеясымен  әлемдік қауіпсіздікті қауіп-қатерге тірейтін ең үлкен лаңкестік ұйымға айналды. Сол себепті олармен күресетін әлемдік деңгейдегі коалицияның құрылуы қажет болды. АҚШ-тағы неоконсерваторлар лаңкестікті сылтауратып, Ауғанстанға, содан соң Иракқа шабуыл жасады. АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы әрекеттері лаңкестікті азайтпақ түгілі, керісінше бірнеше есе көбейді. Ауғанстан мен Ирактың мыңдаған азаматы  лаңкестіктің құрбаны болды әлі күнге дейін болуда. Бұл елдердің халқы бір жақтан АҚШ әскерилерінің, басқа жақтан лаңкестік тәкфиршіл тәліптер мен Әл-Қаида топтарының нысаналарына айналды. Шын мәнінде АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы өткен 13 жылдағы  әрекеттері экстремистік және лаңкестік ағымдардың  негіздерінң нығаюына себеп болды.  АҚШ басып алғаннан кейін Ирак әскерінің ыдырауы және бұл елде дінаралық және ұлтаралық қайшылықтар тудыру әрекеттер" бұл елде экстремистік ағымдардың құрылуына жағдай тудырды. ИСИМ тобының болмысы туралы екі пікірді кездестіруге болады. Біреулер тәкфиршіл лаңкестік топтың құрылуын дінаралық-ұлтаралық қайшылықтардың және Ирактың орталық үкіметінің сәтсіздігінің нәтижесімен байланыстырады. Басқалардың пікірінше, ИСИМ АҚШ барлау қызметінің аймақтағы одақтастарының, әсіресе Сауд Арабиясының, Біріккен Араб Әмірлігі және Түркияның қолдауымен құрылды. Шын мәнінде ИСИМ-нің құрылуына қатысты пікірталаста екі пікір де әсерлі болды. АҚШ пен аймақтағы оның одақтастары  Ирактағы ұлтаралық және дінаралық қайшылықтарды арандату және Ирак пен Сирияда тәкфиршіл, лаңкестік топтарды кеңейту үшін пайдаланды. АҚШ әскерилері Иракты басып алған соң Әбу Мосаб Зарқави басқарған «Тауһид және джиһад» атты топ құрылды.  Зарқави Асаме бен Ладенді қабылдап, «Тауһид және джиһад» тобын Ирактағы Әл-Қаида  тобының бөлімі деп жариялады.  Зарқави 2006-шы жылы бейне роликте Абдолла Рашид Әл-Бағдади басқаратын «Шурое моджаһединнің» құрылуы туралы хабарлады. 2006-шы жылы Зарқави  өлтірілген соң Әбу Хамзе Әл-Моходжер бұл топтың басшысы болып  тағайындалы. Сол жылдың соңында Әбу Омар Әл-Бағдадидің басқаруымен «Ирак Ислам үкіметі» тобы құрылды. 2010-шы жылы Әбу Омар Әл-Бағдади мен Әбу Әл-Моходжер Ирак пен АҚШ күштерінің бірлескен операциясында өлді. Әбу омар Әл-Бағдади өлген соң  Әбу Бакр Әл-Бағдади оның орнына таныстырылды. Әбу Бакр Әл-Бағдадидің топ басшысы болып сайлануымен бұл лаңкестік топтың әрекеттері кеңейіп, Сириядағы дағдарыстың басталуымен бір мезгілде бұл топтың мүшелері Сирияда да белсенді түрде әрекет жасай бастады. 2011-ші жылдың соңында Сириядағы дағдарыс пен соғыстың басталуымен «Ән-Носрат» тобы өзін «Ирактағы Ислам үкіметі» тобының бұтағы ретінде жариялады. 2013-ші жылы «Ирактағы Ислам үкіметі» тобының басшысы дыбыстық роликте «Ән-Носрат» тобының «Ирактағы Ислам үкіметі» тобымен бірігуі туралы жариялады. Сөйтіп, «Ирак пен Шамдағы Ислам мемлекеті» - ИСИМ тобы құрылды. Әбу Бакр Бағдади Иман Әл-Завахеридің арасында қайшылық туындап, Бағдади: «ИСИМ Әл-Қаиданың бұтағы емес»,- деп жариялады. Сирияда ИСИМ мен Ән-Носраттың арасында қақтығыстар орын алып, екі топтың жүздеген мүшесі өлімге ұшырады. Сөйтіп, ИСИМ өз әрекеттерін Ирактан Сирияға дейін кеңейтіп, Сирия әскеріне қарсы күресте нәтижеге жетпегеннен кейін Иракқа оралды. Ұлтаралық және дінаралық қайшылықтар мен БААС партиясы күштерінің Ирак әскері мен қауіпсіздік күштерінің қатарына қосылулары ИСИМ-нің Ирактың  екінші қаласы Мосульді және Ирак жерінің кейбір бөлімдерін басып алуына себеп болды. ИСИМ содырлары БААС партиясының мүшелері мен сүннит топтарынан құрылған. 2003-ші жылы Ирак жауланған соң Ирактың уақытша басшысы Поль Бермер БААС партиясының қалған мүшелерінің әскермен бірге төнкеріс ұйымдастыруынан  қорқып, әскерді ыдыратуға бұйрық шығарды.  Ирак әскері Саддам кезінде көптеген басымдылықтарға ие болды. Бірақ ыдыратылған соң оның офицерлерінің көбісі жұмыссыз қалды. Айта кететін жәйт, әскерилердің шамамен 110-160 мыңы осы кезде ИСИМ белсенді әрекет жасап жатқан үш облыста өмір сүреді. Бұл облыстарға орталығы Фалуджеде орналасқан  Әл-Анбар, орталығы Тикрит саналатын Нейнава, сондай-ақ орталығы Салуһаддин саналатын Мосуль обылыстары кіреді. Наразы сүнниттер мен жылдар бойы көптеген ұпайға ие болған БААС партиясының қалғандары мен Сирияның радикалды топтары  ИСИМ содырларының негізгі күштерін құрайды. Өздерін  Ирактың саяси және экономикалық сахналарынан  алыс санайтын сүнниттер, Ирактың әскері мен қауіпсіздік күштерінің ішіндегі қиянаттар және шиіттер саяси ағымдарының  ішкі қайшылықтары ИСИМ-нің қысқа мерзімде 1500 адаммен 2014-ші жылдың маусым айында Мосульді басып алып, содан соң жылдамдықпен басқа қалаларды басып алуына себеп болды. Ирактың әсіресе мұнайға бай аймақтарын басып алу тәуелсіз кіріс көздеріне ие болатындай ИСИМ-ге көмектесті. ИСИМ Сирияның Әр-Рақе облысының және Ирактың кейбір солтүстік облыстарының мұнай құбырларының мұнайын сатып, көптеген кіріске қол жеткізді. Әрине олардың кірістерінің  бір бөлігі Ирак пен Сирия үкіметі мен халқының мүлкін талан-таражға салу және бизнесмендер мен контрабандистерден салық алудан пайда болды. Бұл пайда ИСИМ-ге азат және қара нарықтан қару-жарақ сатып алуға  көмектесті. Келесі жолы дүниежүзінің әртүрлі жерлерінен ИСИМ содырларының қатарына қосылатын адамдар және Батыс пен оның аймақтағы одақтастарының бұл саладғы рөлі туралы сөз қозғайтын боламыз.

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды