Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 14 Қаңтар 2015 18:28

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 6

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 6

ИСИМ тобының бір бөлімін Ирактың орталық үкіметінің іс-қимылына наразы сүнниттер және 2003-ші жылы АҚШ басып кірген соң ыдыраған ирактық әскердің БААС мүшелері құрайды. Әл-Қаида, содан соң ИСИМ Иракта наразылық тудыру үшін ұлтаралық, дінаралық, саяси және экономикалық қайшылықтарды  пайдаланды. Бұл салада Сауд Арабиясы, Түркия және Біріккен Араб Әмірлігінің АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы саясаттары бойынша жасаған әрекеттеріне көңіл бөлмеуге болмайды. Олар  Ирак халқының дауысына сүйенген мықты орталық үкіметтің құрылуын  аймақтағы өз мүдделеріне зиян келтіреді деп санайды. Сол себепті Сауд Арабиясы, Түркия және Біріккен Араб Әмірлігі Иракта ұлтаралық, дінаралық және саяси қайшылықтарды ұйымдастырып, Бағдатта демократиялық әрі күш-қуатты үкімет құрудың алдын алып отыр. Ирактағы лаңкестік және таәкфиршіл топтарды күшейтуді аталмыш үкіметтің құрылуына кедергі жасау деп бағалауға болады. ИСИМ лаңкестік тобының құрылуы туралы жарияланғаннан бері осы кезге дейін әртүрлі елдердің мыңдаған жастары Сирия мен Ирактағы соғысты «джиһад» деп атап, бұл топтың содырларының қатарына қосылуда. Қазіргі жағдайда «Бір қарапайым адамның Сирияда соғысып жатқан  ИСИМ немесе Ән-Носрат сынды басқа лаңкестік топқа қосылуына не нәрсе себеп болады?» деген сұрақ туады. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен, әсіресе араб елдерінің азаматтары ИСИМ-ге діни мақсатпен қосылады. Вахаббизмнің әсеріне түсіп, солардың мектептерінде білім алғандардың тәкфиршіл лаңкестік топтарға қосылу потенциалдары да көбірек кездеседі. Бұл мектептерде балалар мен жасөспірімдер білім алады, олардың тәлім-тәрбиесі исламның әділет, адам тағдырын шешетін жоғары тағылымдарымен сәйкеспейді. Бұл мектептер исламдық мазхабтардың жақтастарына қарсы кек пен жиіркеніш тудырады. Өйткені бұл мазхабтар исламға қарсы тәкфиршіл уаһабшылыққа қарсы. Уаһабшылар Сауд Арабиясының мұнай долларларын пайдаланып, әртүрлі исламдық елдерде және мұсылмандарының саны аз Батыс қоғамында үлкен үгіт жүргізіп, мұсылмандарды өздеріне қарай тартып, мектептер мен діни мекендер құрып, жас мұсылмандарды жинамақ. ИСИМ-нің қатарына көбінде төмен таптардан, кедей қоғамнан шыққан жастар қосылады.  Сирияда батыстықтардың дағдарысынан кейін Сауд Арабиясының уаһабшы мүфтилері исламдық шариғатқа қарсы пәтуалар шығарып, исламның әлсіреуіне себеп болды. Бұл пәтуалардың бірі «джиһаде некаһ» («жыныстық жиһад») деп аталды. Исламда мүфтилер Құран Кәрім  мен Исламның ұлық пайғамбарының сүннетіне сүйеніп қана пәтуа шығыра алады. Шиіттер мен сүнниттердің араларындағы қайшылықтардың бірі мәселенің фиқх тұрғысына байланысты. Шиіттер Құран, пайғамбар сүннетімен қатар ақыл мен ауызбіршілікті де фикхтің  бастауы ретінде қарастырады. Бірақ өздерін пайғамбар сүннетінің жақтастары деп санайтын уаһабшы мүфтилер Құран, пайғамбар, тіпті ақылға сай келмейтін пәтуалар шығарды. Исламда «джиһаде некаһ» («жыныстық жиһад») – үлкен күнә. Шиіттердің үлкен ғұламаларының бірі аятолла Макарем Ширазидың айтуынша, «бұл зинақорлардың жиһады». Шын мәнінде «джиһаде некаһ» («жыныстық жиһад») адамды исламдық шариғат түрінде жыныстық құлдыққа итермелеу. Әртүрлі елдерден, тіпті Еуропадан Ирак пен Сирияға келген әйелдер уаһабшы мүфтилердің пәтуаларына алданғандар. Олардың көбі Сирия мен Иракқа жеткен соң дене түршіктірерлік ақиқаттармен бетпе-бет келді. Олар исламның бұзақы әрі шайтан сипатты бір топ адамның қолындағы құралға айналғанын түсінді. «Джиһаде некаһ» немесе бөтен адаммен жыныстық қарым-қатынас орнату сынды  пәтуалар уаһабшы мүфтилердің пәтуаларына көңіл бөліп әрекет ететін ИСИМ және соған ұқсас лаңкестік топтардың болмысын көрсетеді. ИСИМ содырларының қатарына қосылған әртүрлі елдердің ондаған мың азаматын бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топ - ИСИМ-нің уәждеріне алданғандар. Олар исламның ұлық пайғамбарының сүннетін жаңғыртамыз деп ойлап, Сирия мен Иракқа аттанды. Мұндай оймен ИСИМ-ге қосылғандар надандар. Олар аталмыш топтың басқа мүшелері сынды зұлымдық пен дене түршігерлік қылмыстарына ортақ болды немесе ИСИМ-нің болмысын түсінген соң елдеріне оралғылары келді. Бірақ олардың бастары шабылды. Бұл адамдар ИСИМ-нің адамгершілікке қарсы болмысын әшкереледі. Орта есеппен алғанда елдеріне оралғысы келген адамдардың бастарының шабылуы туралы хабарлар апта сайын таралуда. ИСИМ мүшелерінің келесі тобы өз елдерінде жаман атпен танымал болғандар. Олардың да сандары аз емес. Немесе кейбіреулер өмірлерінің кейбір жылдарын абақтыда өткізгендер. Апталық  «Экономист» басылымы Батыс азаматтарының ИСИМ мен Сириядағы соғысқа қатысуларының мақсаттарын зерттеп: «ИСИМ-дегі батыстықтардың бұдан бұрын Франция, Ұлыбритания және АҚШ-ның көшелерінде жүрген қанішерлер екендігін ешкім білмейді" деп жазды.  БҰҰ өткен жылдың қараша айында әртүрлі елдерден жиналып, ИСИМ-ге мүше болып келген шетел азматтарының санын 15 мың деп жариялады. Түркия  –  бұл адамдардың ИСИМ-ге қосылуларына тыйым салмаған елдің бірі. Түркияның өзінен ИСИМ-ге шамамен 4 мың адам қосылып отыр. Түркия үкіметінің Сирия үкіметіне қарсы дұшпандық саясаттары түркиялық азаматтардың осындай санының ИСИМ-ге қосылуына себеп болды. Әр топ немесе әр ұйым өз өмірін жалғастыру үшін         арнайы бірліктеріне кепілдік бере алады. ИСИМ тобы мүшелерінің сенімдері  өздерін ұзақ мерзімге сақтап қалуды қарастырмайды. Олар кейбір жасырын әрекеттері және исламды дұрыс түсінбей өздерін шынайы мұсылмандар деп таныстыруға талпынуда. Бірақ олардың әрекеттері тіпті өздерінің бұрмаланған пікірлеріне сай емес. ИСИМ содырларының көбі, әсіресе олардың басшылары өмірлерінде қылмыс пен зорлық-зомбылық жасағандар. Олар қай аймақта болса да, өздерін халық үшін әшкерелейді. Сол себепті аймақтың кегі мен жиіркенішіне себеп болуда. Халық оларға қарсы тұрып, ИСИМ-ге қарсы күресте Сирия мен Ирак  әскері және халықтық күштермен ынтымақтастық етуде. Бұл топтың әрекеттерінің жалғасуының себептерінің бірі жаңа күштердің қосылуы және халық мүлкін талан-таражға салу мен мұнай сатудан түскен ақшалар болып табылады. ИСИМ басшылары Батыс елдерінен келіп, олардың қатарына қосылғандарды ұстап қлау үшін оларға көбірек ақша төлейді. Ирак әскері мен халықтық күштерінің қарсыласуы мен күресі ИСИМ-нің әрекеттерін бәсеңдетті. ИСИМ-нің басып алған жерлерінен айрылуы бұл топ мүшелерінің көбіснің қаржыларының азайып, олардың бас кездегі ынталарының төмендеуін көрсетеді. ИСИМ-нің бірнеше қаладан артқа шегінуі шетелдік азаматтардың қаза болуы мен аталмыш топтың кісі өлтірушіліктерімен аяқталды. Мұның барлығы бұл топтың ұзақ мерзімге мүше бірлігін сақтай алмайтынын және бірте-бірте ыдырайтынын көрсетеді.

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды