Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 22 Қаңтар 2015 14:15

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 7

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 7

Батыс үкіметтері мен аймақтағы олардың одақтастары  ИСИМ содырларын Ирак пен Сирияда соғысу үшін қару-жарақпен жабдықтап, бұл  оларды жаттықтырады. Сөйтіп лаңкестікпен күрес туралы уәж айтатын Батыс үкіметтерінің дүниежүзінің ең үлкен әрі ең бай лаңкестік ұйымын құрудағы рөлі әшкереленеді. Расында қаржылай, қару-жарақ және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған адамдарды жаттықтыратын күштермен қамтамасыз етілмегенде ИСИМ тобы аз уақытта Сирия мен Ирак жерлерінің көптеген аймағын басып ала алмайтын еді. ИСИМ-нің қаржы қажеттіліктерін көбінесе саудиялық ханзадалар мен Қатар, Біріккен Араб Әмірлігі және Кувейт қамтамасыз етіп отыр. Бұл ақшаның бір бөлігі лаңкестерді қажетті қару-жарақпен жарақтандыру үшін Батыс мемлекеттерінің банктеріне аударылады. Германияның «Майнц» университетінің Батыс әлемін зерттеу орталығының директоры Гунтер Майердің пікірі бойынша, Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірлігі және Кувейт басқарған Парсы шығанағы жағалауындағы мемлекеттер ИСИМ-ді материалды тұрғыдан қамтамасыз ететін негізгі көздер. Вашингтонның Таяу Шығыс саясаты институтының қызметкері Лори Плоткин Богарттың Сауд Арабиясының  ИСИМ тобын қаржылай қолдауы туралы мақаласында: «Шетелдік тараптар қаржылай көмектердің лаңкестік топтардың қолына түсуіне сенімді болу үшін Сауд Арабиясының көмек көрсетушілерінен қаржыларын Кувейтке жіберуді талап етеді. Өйткені, Кувейт – Парсы шығанағындағы араб елдері арасында лаңкестік топтарға көмекті нақты жеткізетін ең сенімді мемлекет. Вашингтонның Таяу Шығыс саясаты институтының жазуы бойынша, ИСИМ Сауд Арабиясының қаржы қолдауына ие. Сонымен қатар аталмыш лаңкестік тобының тәуелсіз көздерден, атап айтқанда мұнай мен қару және көне мұралар контрабандасы, зорлық-зомбылық пен ұрлық-қарлықтың арқасында түсетін қаржылары да бар. Мұнай контрабандасы мен одан түскен долларларды қолға түсіру үшін ИСИМ содырларына Түркия көмектеседі. Сол себепті ИСИМ-ге қарсы тұратын жолдардың бірі бұл топтың қаржылай  көздерін тоқтату болып табылады. Бірақ ИСИМ-мен күресу мақсатында құрылған АҚШ басқаратын Батыс үкіметтерінің коалициясы бұл топтың қаржы көздерін оқшаулауға көңіл бөліп отырған жоқ. Дәл осы мәселе ИСИМ-мен күресуді мақсат еткен шынайы жігердің жоқтығын және ИСИМ-ге қарсы халықаралық коалицияның құрылуы қоғамдық пікірді алдап, адастыру екенін дәлелдеді. ИСИМ лаңкестік тобының  қару-жарақ көздерін танып білу аталмыш топтың Батыс үкіметтері және олардың аймақтағы Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар және Біріккен Араб Әмірлігі сынды одақтастарының  қолдауына ие екенін көрсетеді. Сирия мен Ирактың халық күштері мен әскерлерінің ИСИМ басып алған аймақтарды босату операцияларында Қытай, Ресей, АҚШ пен Израиль және кейбір еуропалық елдерде шығарылған түрлі қару-жарақты тапты. Ресейлік және қытайлық қарулар лаңкестердің қолдарына Ирак пен Сирияның кейбір аймақтарына басып алып, әскери базаларын талан-таражға салғаннан кейін түсті. Алайда Батыс қарулары ИСИМ содырларының қолына тікелей түседі. АҚШ сыртқы саясаты кеңесінің «Форин полиси» журналы өткен жылдың қазан айында ИСИМ-ді қару-жарақпен қамтамасыз ететін көздер туралы Джефри Смиттің «ИСИМ қаруларды қайдан алды?» деп аталған мәлімдемесінде: «Бұл топтың Ирак пен Сирияда қолданып отырған қаруларының көбісі АҚШ-тан. Қаруларды бақылайтын тәуелсіз топ ИСИМ тобының әлемнің 21 мемлекетінде, соның ішінде АҚШ-та шығарылған қару-жарақты пайдаланатыны туралы құжаттар жинады»,- деп көрсетілген. Басқа кейбір мәліметтерден бұл топтың мұнай сату және басқа көздерден түскен  қаржысының жоғары болуына байланысты олардың қару сатып алатын мүмкіндікке ие екендігі белгілі болады. Келесі зерттеулерде Лондонда орналасқан әскери қару-жарақты зерттеу тобы өз мамандарын соғыс аймақтарындағы қарулардың түрі мен қайдан келетінін зерттеу үшін аттандырып, олардың зерттеулеріне сүйеніп, жаңа мәліметтер жариялады. Бұл топтың мәліметі бойынша, шілде және тамыз айларында күрд күштерінің Ирактың солтүстігі мен Сириядағы ИСИМ содырлары арасындағы қақтығыстарында 1 700-ден артық оқ табылды. Бұл мәліметте: «АҚШ – ИСИМ-ді қару-жарақпен қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттердің бірі. Табылған оқтардың 323-і АҚШ-та шығарылған»,- деп айтылды. БҰҰ-ның ИСИМ-нің  қару-жарақ көздері туралы  мәліметі бұл топтың қорының әртүрлі елдердің жеңіл және жартылай ауыр қаруларына толы екенін көрсетті. БҰҰ зерттеушілерінің пікірінше, ИСИМ өте белсенді лаңкестік топ. БҰҰ-ның зерттеулері  бойынша, ИСИМ-нің қорынан Т-72, Т-55 танкілері, АҚШ-та шығарылған «құрлық-әуе» зымырандарын тасымалдайтын әскери техника, әуе шабуылдарына қарсы қысқа қашықтықтағы артиллерияны көруге болады. ИСИМ-нің лаңкестерінің көбі Ливия және Таяу Шығыстағы дағдарысқа тірелген кейбір елдерде соғыс тәжірибесін өткен соғысқұмар содырлар. Бірақ ИСИМ-нің қатарына Еуропа мен Америкадан және Шығыс Азияның кейбір елдерінен келіп қосылған күштердің мұндай тәжірибесі жоқ. Сол себепті олар дамыған қаруларды қолдануды үйренеді. Бұл күштердің жаттығулары АҚШ пен еуропалық және аймақтық одақтастарының ИСИМ лаңкестік тобын  нығайтудағы рөлін айқындайды. Өткен жылы Иракта Мосульге жақын жерде Түркияның бірнеше офицері тұтқындалды. Бұл офицерлер ИСИМ-нің лаңкестерін Ирактағы әрекеттері үшін Инджирлик базасында жаттығулардан өткізді. АҚШ бұл базада шамамен 90 атом бомбасын сақтайды. ИСИМ күштері осындай маңызды базаларда жаттығулардан өтеді. Газиантеп – Түркиядағы ИСИМ лаңкестерінің жаттығулардан өтетін келесі мекені. Осыдан біраз уақыт бұрын Ирактың «Әл-Сабаһ» газеті хабардар көзге сілтеме жасап: «Бұл арнаның лаңкестері Әбубакр Әл-Бағдади мен Шакер Әбуһиб кемінде екі жыл аталмыш базаларда әскери  жаттығулардан өткен. Олар сонымен қатар Израильдің әуе рейстерін пайдаланып, Израильге сапар шегіп, бұл режимнің барлау ұйымының басшыларымен кездескен. Моссад пен сионистік режим әскерінің ИСИМ содырларына жаттығу үйрету саласындағы рөлі туралы көптеген ақпарат бар. Жаттығулар «азат әскерді қолдау» деп іске асырылғандарымен, негізінде бұл тек ИСИМ тобын нығайтып, күшейтуді жасыруды мақсат етті. «Дебко» ақпарат базасы бұл салада Иорданияда АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қол астында жаттығу өткен Сирияның азат әскеріне тәуелді Ярмук қарулы тобының ИСИМ тобына қосылғаны туралы хабарлады. Бұл сионистік ақпараттық база сионистік режим әскерінің лаңкестікке қарсы бірлігіне сілтеме жасап: «Израиль әскері де Сирия әскерімен соғысу үшін бұл топты қаруландырды»,- деп мәлімдеді. Ислам әлемінің қоғамдық ой-пікірі «Батыс үкіметтері мен мұсылмандардың бірінші дұшпаны – сионистік режим құрған, солардың қолдауына ие болып отырған  ұйым қалайша исламды жаңғырту туралы уәж айта алады?» деген сұрақты көтереді. ИСИМ лаңкестік- тәкфиршіл тобы исламның атымен бірнеше  мақсатты көздеп, басып алынған жерлер мен АҚШ-тан шықты. Олардың мақсаты бір жақтан исламның бейнесін бұзу болса, басқа жақтан сионистік режимге қарсы қарсыласуды жою болып табылады. Келесі бағдарламада «АҚШ басқарған Батыс мемлекеттері бұл топқа қарсы халықаралық коалицияны нығайту үшін не үшін инвестиция салады?» деген мәселені қарастырамыз.

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды