Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 01 Ақпан 2015 13:59

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 8

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 8

Батыс үкіметтері мен Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар және  Біріккен Араб Әмірлігі ИСИМ-ге Сирия мен Иракта дағдарыс тудыруда тікелей қолдау жасамағанда бұл топ дүниежүзінің ең үлкен әрі біріккен тәкфиршіл лаңкестік тобына айнала алмайтын еді. Бүгінгі таңда да аталмыш лаңкестік топ осы елдердің қолдауларына тәуелді болып отыр. 2014-ші жылдың ортасында Иракта баршаның көңілін осы елге аударған оқиғалар орын алды. ИСИМ-нің содырлары өте қысқа уақытта Ирактың халық көп қоныстанған екінші қаласы әрі Нейнава облысының орталығы Мосул қаласын өз бақылауына алды. ИСИМ-нің жылдамдықпен алға жылжуы мен басып алған жерлердегі қылмыстарынан кейін Иракта қатер қоңырауының дауысы шықты. Өйткені, ИСИМ-нің лаңкестері Ирактың дарбазасына жеткен болатын. Сарапшылар ИСИМ-нің Ирактағы жылдам әрекеттері мен бұл елдің жерінің үлкен бөлімін басып алуы туралы көптеген дәлелдер келтірді. Мосул қаласы Ирак әскерінің ең үлкен базаларының біріне ие болуына қарамастан лаңкестердің қолына оңай түсті. Мосулдің лаңкестердің бақылауына түсуінің себептерінің біріне бұл қаланың кейбір басшылары мен әскери қолбасшыларының ИСИМ лаңкестерімен келісімде болуы жатады. Саддам Хосейн  жылдар бойы Иракты басқарған кезде әскердің барлық сатыдағы қолбасшыларын БААС күштерінен тағайындаған болатын. Ирак басып алынып, бұл елдің әскері ыдыраған соң елде жаңа әскер құрылды. Бірақ АҚШ басқыншылары "Саддамға  қарсы Садр тобының күштері  сынды  әскери күштер Иранмен қарым-қатынас орнатуда" дегенді сылтауратып, бұл топтардың мүшелеріне Ирактың жаңа әскеріне қосылуға рұқсат етпеді. АҚШ-ның басқыншы күштері Ирак үкіметіне қысым көрсетіп, Ирактың жаңа әскерін басқару үшін Саддам әскерінің офицерлерін қайтадан шақыртып, олар қайтадан әскердің  маңызды  бөлімдерін басқаруды міндеттеріне алды. Ирактың жаңа әскеріне кірген БААС офицерлері Ирактың жаңа жүйесіне сенім артпады. Олар Ирактың жаңа әскерінде жемқорлық мен экономикалық бұзақылықтармен айналасып, жемқорлықтың кеңеюі әскери қолбасшылардың ИСИМ-ге қарсы тұру күш-қуаттан айрылып, әскерилердің  басшыларының бұзақылығы пен әділетсіздігін көріп, қарсыласуға ынтасы да болмады. Әскерге  әсер еткен БААС тобының саяси мақсаттары да Мосулдің ИСИМ-нің қолына түсуіне себеп болды. Бірақ бұл 2014-ші жылы ИСИМ лаңкестік тәкфиршіл тобының жылдам алға жылжуының  жалғыз себебі болмады. Батыс үкіметтері, Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар және аймақтағы басқа кейбір елдердің Сириядағы ИСИМ-нің күштерін қарумен қамтамасыз етулері ИСИМ-ның Ирактағы алға жылжуларының келесі әсерлі себептеріне жатады.  Бір жақтан Сирия әскері мен қарулы топтардың қақтығыстары Ирак пен Сирияның ортақ шекараларының үлкен бөлімінің Сирия үкіметінің бақылауынан шығуына себеп болды. Басқа жақтан бұл үлкен шекараны бақылауға алу Ирак әскерилері үшін ауыр тиді. Сол себепті Сириядан Иракқа қарай қару және әскери жабдықтардың контрабандасы өрістеп, Батыс үкіметтерінің Сирияның бірқалыпты қарсыластарына жіберген қарулары Ирактан шығып, ИСИМ бұл қарулармен Ирак әскерімен соғысуға шықты. ИСИМ Мосулді басып алып, Ирак әскерінің қаруларын талан-таражға салып, елдің басқа обылыстарына қарай жылжуды жалғастырды. Ирактың кейбір тайпаларының  ИСИМ күштерін қолдауы да лаңкестердің алға қадам басуларына көмектесті. Алайда ИСИМ-нің күш-қуаты соғыс майдандарынан гөрі кейбір араб ақпарат арналарының қолдауымен іске асырылып жатқан  ақпараттық үгіт-насихаттарына қатысты. ИСИМ содырларының  өз қолдарына түсірген аймақтардағы көптеген қылмыстары алаңдаушылықтар мен үрей тудырды. Бұл аймақтардың халқы ИСИМ лаңкестерінің қолына түспес үшін қалалары мен ауылдарынан кетіп, оларды бос қалдыруда. Кейбір қалаларда халық лаңкестерге қарсы қарсыласуға  көтерілді. Мұндай қалалрдың бірі – Амерли қаласы. Аталмыш қаланың халқы шамамен үш ай ИСИМ күштерімен қарсыласты. Нәтижесінде  көмек күштері жетіп, ИСИМ лаңкестері бұл қаладан артқа шегінуге мәжбүр болды. Ирак үкіметі дабыл қоңырауын соққан  кезде әйгілі ғұлама аятолла Систани "Джиһаде кафаи" үкімін шығарды. Аятолла Систанидің үкімі жүздеген мың Ирак халқының шиіттер мен сүнниттерге бөлінбей ИСИМ-ге қарсы көтерілуіне себеп болды. Өз еркімен келгендерді ұйымдастырып, ИСИМ-ге қарсы аттандыру үшін халық комитеттері құрылды. Халықаралық сахнада да АҚШ үкіметі ИСИМ-мен күресетін халықаралық коалиция құруға кірісті. Сирияда ИСИМ содырларына көмектескен Түркиядан басқа барлық елдер АҚШ басқарған коалицияға қосылды. Олардың басқа шаралары да қалмады. Өйткені ИСИМ-нің қылмыстары  әлемле аталмыш топқа қарсы жиіркеніш пен үрей толқынын тудырды. ИСИМ содырларының аймақ пен Батыс елдеріне таралуына деген алаңдаушылықтар Батыс үкіметтері үшін ИСИМ-ге қарсы халықаралық коалицияға қосылудан басқа жол қалдырмады. Алайда не АҚШ, не коалицияға кіретін оның одақтастары  ИСИМ-мен күресуде шынайы жігерге ие болмады. Олар қазір де күресіп отырған жоқ. Олар ИСИМ-нің орталықтары мен қару-жарақ қоймаларына шығын келтіру үшін лаңкестерге әуеден шабуыл жасауда. Бірақ бұл шабуылдардың ешбіреуі ИСИМ содырларына соққы келтірмеді. Керісінше, бұл шабуылдар Сирия мен Ирактың  экономикалық және өнеркәсіптік инфрақұрылымдарына көп зиян келтірді. Біраз уақыттан кейін ИСИМ содырлары халықаралық коалицияның күресінен өздерін қалай қорғау керек екендігін үйренді.  Сөйтіп халықаралық коалицияның әуе шабуылдары  АҚШ пен одақтастарының саяси мақсаттарына жететін және қоғамдық ой-пікірді алдайтын құралға айналды. Егер Батыс үкіметтері ИСИМ-мен шынайы  күрескісі келгенде Түркияны да өздеріне қосып алатын еді. Түркияның шекарасы ИСИМ-ге көмек жеткізетін және дүниенің түкпір-түкпірінен келіп,  лаңкестік топқа қосылғысы келетіндердің ең маңызды жолы. Сирияның Кобани қаласы Түркия шекарасынан екі шақырым жерде орналасқан. Бұл қала сол аймақтағы күрд халқының ИСИМ-нің шабуылдарына қарсы қарсыласуының көрінісі. Кобани қаласы ИСИМ содырлары шабуылдарының нысанасына алынып, аймақтың халқы қолына түскен нәрсемен қалаларын  қорғауға шықан кезде Түркия әскері  өз танктерін Түркия-Сирия шекарасына орналастырып, Түркияның әскерилері ИСИМ-нің шабуылдары мен Кобани халқын қырып-жою әрекеттерін бақылап отыр. Ресми түрде бұл елмен бірге ИСИМ-ді қолдаған мемлекеттер Түркия әскерилері сынды Кобани халқының  қырып-жоюды тамашалап отыр. Бірақ Ирак пен Сирия халқы ИСИМ-ге қарсы күресте жалғыз емес. ИИР өткен бірнеше жылда  Сирия мен Ирак үкіметтері мен халықтарына тәкфиршіл лаңкестік топтармен  күресуде ең көп көмектескен ел. Сирия мен Ирак басшылары сан рет  Иранның көмектерін мойындады. Ирак Президенті Фуад Масум да Иранның ИСИМ-ге қарсы күресте көмектескенін мойындады. Ол: «Иран ИСИМ пайда болған бірінші күннен бастап және Мосулге шабуыл жасалуғаннан бері бізге көптеген гуманитарлық және әскери көмектер жіберді»,- деді. «Associated Press» ақпарат агенттігі де бұл саладағы сараптамасында: «Ирак халқының көбінің пікірінше, ИСИМ-ге қарсы күрестегі ең жақсы одақтас АҚШ пен халықаралық коалиция емес, бұл топтың Бағдатқа қарай жылжуын тоқтатуға  көмектесткен Иран болып табылады. Ирактағы АҚШ елшісі Стюарт Джонс де «Associated Press» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран ИСИМ-ге қарсы күресте маңызды рөл атқаруда»,- деді. Бұл сөздер ИИР-ның аймақтағы ИСИМ басқаратын тәкфиршіл және лаңкестік топтармен күресуде негізгі рөл атқаратынын көрсетеді.

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды