Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 14 Ақпан 2015 14:17

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 9

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 9

Өткен жолы 2014-ші жылдың ортасында тәкфиршіл ИСИМ лаңкестік тобының Ирактағы алға басушылықтарының себептері туралы айттық. Лаңкестердің Бағдадтың дарбазасына жақындауымен қатер қоңырауы қағылды. Ирак пен аймақ елдерінің үкіметтері мен халықтары ИСИМ-нің жылдам алға жылжуы мен қылмыстарының таралуына алаңдаушылық білдірді. Аймақтың өзгерістерін жақыннан бақылап, Батыс үкіметтері мен олардың аймақтағы одақтастарының ИСИМ-ге көрсетіп отырған кең қолдауларына көңіл бөлгендер үшін ИСИМ лаңкестік тобының өткен жылғы алға басушылықтары күтпеген жәйт болмады. ИСИМ Сирия мен Ирактағы дағдарыстарды жан-жақты әрі тікелей қолдап, дүниежүзінің ең үлкен лаңкестік тобына айналды. Батыс үкіметтері Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар мен Біріккен Араб Әмірлігінің үкіметтеріне сүйеніп, Сирия халқының азаттық талап етуіне көмектесуді сылтауратып, ИСИМ басқарған лаңкестік топтарға әртүрлі көмек көрсетті. Бұл топ Сириядағы мақсаттарына жете алмаған соң өз әрекеттерін Иракта бастады. Ирактың орталық үкіметінің осалдығы және Саддамның жақтастары болған БААС-тан қалғандардың Ирак әскерінің істеріне араласуы мен олардың қылмыстары ИСИМ-нің Ирактағы алға басушылықтарының маңызды дәлелдерінің бірі болды. Алайда ИСИМ лаңкестік тәкфиршіл тобының мүшелерінің үлкен қылмыстары мен дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі бұл топтың жаман атағы оны қолдайтын үкіметтердің жағдайын ауырлатты. Олар енді бұрынғыдай әшкере түрде Сирия халқының азаттық талап етуіне қолдау көрсетуді сылтауратып, ИСИМ-ді қолдай алмайды. Бірақ, АҚШ басқарған Батыс үкіметтері үшін заңсыз мүдделерін қамтамасыз ететін құрал – ИСИМ сынды лаңкестік топтар соңында пайдасыз болып қалады. Өткен жылдағы Ирактағы өзгерістерден және ИСИМ содырларының алға жылжуынан бұрын бұл лаңкестік топтың пайдасы болды, өйткені Батыс үкіметтері мен аймақтағы олардың одақтастары Сирияда дағдарыс тудыру арқылы өз мақсаттарына жетпеді. ИСИМ-нің Ирактағы  жылдам алға жылжуы оның одақтастарының уысынан шығарды. Олар енді өткен бірнеше жылдағы ИСИМ-нің Сирия мен Ирактағы қылмыстарына қатысты  қоғамдық пікірдің жиіркенішіне көңіл бөлмей қала алмады. Кепілдікке түскен бірнеше батыстықтың басын кесу ИСИМ-ді қолдайтын үкіметтердің бұл топтың алдында шарасыз қалуына себеп болды. Барак Обама  2014-ші жылдың қыркүйек айында – 11-ші қыркүйек оқиғасының жылдығында ИСИМ-ге қарсы күресудің қажеттілігі туралы айтты. АҚШ Президенті бұл туралы: «Біз ИСИМ-ді әлсіретіп, соңында тамырымен жоямыз»,- деді. АҚШ-тың Сириядағы стратегиясы Башар Асад үкіметін құлату  үшін лаңкестік топтарға көмек көрсету болып отырғанда Барак Обама  ИСИМ-ге қарсы күрес туралы айтуда. АҚШ-тың Бұрынғы қорғаныс министрі Роберт Гейтс: «Обама өзінің мақсаттарын анықтады. Менің ойымша, қазіргі жағдайда оған жете алмайды. Обама өзінің ИСИМ-ді тамырынан құрту мақсаты туралы айтқанымен осы кезге дейін бұл жолда қолданған құралдарымен аталмыш мақсатқа жету мүмкін емес" деді. АҚШ-тың «Лос-Анджелес Таймс» газеті де  АҚШ-тың ИСИМ-мен күресі туралы: «АҚШ Президентінің  АҚШ-тың қол астындағы ИСИМ лаңкестік тобымен күресі туралы сөздері жалған және алдамшы сөздер»,- деп жазды. АҚШ-тың кейбір қазіргі және бұрынғы басшыларының, сонымен  бірге бұл елдің ақпарат құралдарының кейбір сараптамалары АҚШ-тың ИСИМ-ді тамырымен жоюды мақсат етпейтінін көрсетеді. ИСИМ-мен қарсыласу мақсатында құрылған халықаралық коалицияның  құрамы оның құрылуының тек саяси және жарнамалық мәселе екенін көрсетеді. Еуропада Франция мен Германия – ИСИМ-мен күресу үшін құрылған коалицияның белсенді мемлекеттері. Айта кететін жәйт, ИСИМ-нің еуропалық мүшелерінің көбі дәл осы елдердің азаматтары болып отыр. Париждегі лаңкестік әрекетке дейін қаңтардың басында  ИСИМ оңай түрде  еуропалық елдердің қоғамдық арналары арқылы мүшелерін жинаған болатын.  ИСИМ-нің еуропалық азаматтары Сирия, Ирак және өз елдеріне оңай барып, келіп, қарым-қатынас орнатты. Олардың Сирия мен Иракқа барып, келуі және Еуропаға оралуы Түркия арқылы жүзеге асты. Олардың көбі Түркиядағы базаларда жаттығудан өтіп, Сирия мен Иракқа аттанды. Париждегі лаңкестік оқиғадан кейін Еуропада қауіпсіздік шараларының күшейтілуі еуропалық үкіметтердің ИСИМ-нің қауіп-қатеріне қарсы тұруы үшін қабылданған шешім болды. Бірақ мұндай саясатты ұстану  олардың  Таяу Шығыс аймағындағы экстремизм, қатыгездік және лаңкестікпен күресуге  қатысты ұстанымдарының өзгеруін білдірмейді. Бүгінде Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестік пен экстремизмнің көрінісі ИСИМ болса, Африкада "Боко харам" болып табылады. Осыған дейін лаңкестік пен экстремизмнің үлгісі Әл-Қаида болды. Егер Франция мен Германия сынды еуропалық мемлекеттер  шын мәнінде лаңкестікпен күрескісі келсе, оның әр  түрін және әр халық пен әр дінге жататын адамға қарсы жасалуын айыптауға міндетті. ИСИМ лаңкестік тобының әрекеттері Батыс елдерінің азаматтарына қарсы іске асырылмас бұрын олар бұл топтың Сирия мен Ирак халықтарына қарсы лаңкестік әрекеттерін айыптамады. Бұл – Батыс үкіметтерінің лаңкестікті «жақсы» және «жаман» деп бөлуінің үлгісі. Сирияда орын алған оқиғалар «лаңкестік» терминінің негізгі көрінісі. Бірақ Батыс үкіметтері осы кезге дейін Сирияға қатысты ұстанымдарын өзгертіп, түзетпеді. Олар Сирия үкіметіне қарсы ымырашыл топтарын қолдайтындықтарын жариялады. Бірақ батыстықтардың Сирия үкіметіне қарсы ымырашыл топтарға жіберген қару-жарақтары ИСИМ содырларының қолынан байқалды. Батыс үкіметтерінің мұндай әрекеттерінен ИСИМ-ге қарсы халықаралық коалицияны құрудағы мақсатының оны саяси тұрғыдан пайдалану және қоғамдық пікірді алдау екендігі белгілі болып отыр. Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірлігі  және ИСИМ-ді қолдайтын басқа елдердің аталмыш топқа қарсы күресетін халықаралық коалицияға қосылуы коалицияның құрылу мақсатының ИСИМ-мен күресу екендігіне күмән келтіреді. Сауд Арабиясының  уаһабшы мүфтилері ИСИМ лаңкестерінің қолдаушылары. ИСИМ мүшелері олардың пәтуаларына сүйеніп, өз қылмыстарын заңды етіп көрсетеді. Сауд Арабиясының  кейбір ханзадаларының қаржы және қару-жарақтық қолдауларнысыз ИСИМ әлемдегі ең үлкен лаңкестік ұйымға айналмайтын еді. АҚШ Вице-Президенті Джо Байден  осы салада  назар аударарлықтай мойындаулар айтты. Джо Байден Гарвард Университетінде сөйлеген сөзінде: «Өкінішке орай, аймақтағы АҚШ одақтастары, соның ішінде Түркия ИСИМ тобының қылмыстарына жауапты. Түріктер, саудиялықтар пен әмірліктіктер  ондаған миллион доллар мен ондаған   мың қаруды  Сирия Президенті Башар Асадпен соғысамын деген әр адамның ықтиярына берді. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі және аймақтың кейбір басқа елдері Сириядағы Башар Асад үкіметін құлату үшін шиіттер мен сүнниттер арасында соғыс ашу туралы шешім қабылдады. Олар Әл-Қаида мен Ән-Носратқа қосылу мақсатында шетелден келген адамдарға көмектесіп, басқа мемлекеттерден келген экстремистер мен соғысқұмарларды қолдады» деді. Бірақ Батыстың аймақтың одақтастарына қарсы сөздер тек Байденмен шектелмеді. Ирактағы Ұлыбритания күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Джонатан Шоу де осы туралы: «Сауд Арабиясы мен Қатар тәкфиршілерді (ИСИМ-ді) қаржылай қолдайды»,- деді. Ұлыбританиялық «The Daily Telegraph»: «Қатардың орталық банкі Ирак пен Сириядағы лаңкестерді қаржылай қамтамасыз етіп отыр»,- деп жазды.

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды