Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 22 Ақпан 2015 17:49

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 10

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 10

Осыған дейін 2014-ші жылдың ортасындағы лаңкестік тәкфиршіл ИСИМ тобының жылдамдықпен алға жылжуы мен аталмыш топтың дене түршіктірерлік қылмыстары және тудырған үрейі туралы баяндадық. Сонымен қатар АҚШ басқарған Батыс үкіметтерінің ИСИМ-мен күресетін халықаралық коалицияға қатысу себептеріне тоқталдық және ИСИМ мен Әл-Қаида сынды лаңкестік тәкфиршіл топтардың ваххабизм идеяларымен тәрбиеленгендіктерін айттық. Ваххабизм  осы кезде Сауд Арабиясындағы Әл-Сауд режимінің идеологиясы мен шешімдерінің негізі болып отыр. Сауд Арабиясында ваххабизм мен Әл-Сауд режимі бір-бірімен біте қайнасқан. Бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз. АҚШ, Сауд Арабиясы және Түркия бастаған батыс-араб үкіметтері төрт жыл бұрын Сирия үкіметін құлату үшін  бұл елде дағдарыс тудырып, коалиция құрды. ИСИМ Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың ауқымды қолдауымен құрылған аталмыш коалицияның Ирактағы туындысы болды. ИСИМ-нің құрылу мақсаттарының біріне батыс-араб үкіметтерінің негізгі мақсаты, яғни Сирия үкіметін құлату саласында Сирияға қарай кеңеюі жатады. Сауд Арабиясы мен Түркия және лаңкестікпен күресу туралы уәж айтатын Батыс үкіметтері саясаттары бойынша Сириядағы лаңкестік және тәкфиршіл топтарға қолдарынан келген көмектерін аямады. ИСИМ-нің саясатын реттеушілер үрей мен қорқыныш тудырып, Сирия мен Ирактағы басқыншылықтарын алға жылжытуды мақсат етуде. Бұл саясат аталмыш лаңкестік тәкфиршіл топтың болмысын әлемнің қоғамдық ой-пікірі, әсіресе Таяу Шығыс аймағы  халқының алдында әшкереледі. АҚШ және оның Еуропа мен Таяу Шығыс аймағындағы одақтастары үшін Сирияның азаттық талап ететін халқын қолдау деген сылтаумен тәкфиршіл топтарды қолдауын жалғастыру мүмкін болмады. Сондықтан АҚШ пен оның одақтастары ИСИМ-ге қатысты рөлін өзгертуге мәжбүр болды. АҚШ пен одақтастары рөлдерін өзгертіп, сырт көзге саясаттарын да өзгертті. Бірақ Түркия рөлін өзгертуді қабылдамай, ИСИМ-ге қарсы коалицияға қосылмады. Түркия әлемнің шартарабынан алданып, ИСИМ-ге қосылу мақсатында Сирия мен Иракқа келіп жатқан  адамдарды қаржы және қарумен қамтамасыз ететін негізгі өткел болып отыр. ИСИМ-ге қарсы коалицияның құрылуына  күмән тудыратын мәселенің бірі Түркияның аталмыш коалицияға қосылмауы болды. Кейбір адамдар ИСИМ-ге қарсы коалиция аталмыш топтың позицияларын бомбалады. Сондықтан бұл коалицияға қосылғандардың лаңкестік топпен күресу бағытындағы ынтасын білдіреді деп ойлауы мүмкін. Мұндай ойларға былай деп жауап қайтару қажет: ИСИМ және басқа лаңкестік тәкфиршіл топтар Сауд Арабиясы мен Түркияның қолдауларына ие болып, Сирия мен Иракта соғысып отырған жағдайда олар осы жол арқылы ең аз қаржымен аймақтағы өз мақсаттарына жете аламыз деп ойлады. Бірақ халықтың Ирак пен Сириядағы тәкфиршіл топтарға қарсы қарсыласуы АҚШ пен одақтастарын мақсаттарына жеткізбеді.                                                      АҚШ пен одақтастарының тәкфирші топтардың арқасында мақсаттарына жете алмауы олардың аймақтың сахнасына тікелей аяқ басуларына және бұл жолы Сирия халқының азаттық талап етуін қолдау үшін емес, лаңкестікпен күресуді сылтауратып, аймақтағы әскери қатысуын елдерінің қоғамдық пікірі алдында өздерін ақтауға әрекет жасауға себеп болды. Аргентина Президенті Кристина Фернандес 2014-ші жылдың қыркүйек айында  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде батыстықтардың бұл саясаттарына шабуыл жасап: «Біз осыдан бір жыл бұрын да бас қосқан болатынбыз. Сол кезде сіздер "Сирия Презденті Башар Асадтың жүйесі диктатуралық тәрті" деген уәж айтқан едіңіздер. Ол кезде сіздер Сирияның қарсыластарына көмектесіп, соларды қолдадыңыздар. Сіздер қарсыластарды "революционерлер" деп атап, соларға қолдау көрсеттіңіздер. Алайда бүгін қайтадан бас қосуға не себеп болды? Біз бүгін қайтадан жиналдық, бірақ бұл жолы бір жыл бұрын қолдаған революционерлерді басып-жаншу үшін жиналып отырмыз. Биыл олардың лаңкес екендіктерін түсіндік. Осы күні бұрын революционер деп санаған топтардың көбісінің  шын мәнінде  белсенді лаңкес екендіктерін және олардың ұстанымдарын бұрынғыдан бетер экстремистік ұстанымға өзгерткендерін түсіндік»,- деді. Аргентина Президенті сөзінің жалғасында «ИСИМ мен Әл-Қаида қаруларын қайдан алады?» деген сұрақ қойып: «Кешегі азаттық талап етуші күрескерлер бүгін лаңкес болды»,- деп, АҚШ-тың саясаттарын қатты сынады. Бұл сөздер  осы кезге дейін дүниеде шын ниетімен  АҚШ пен оның одақтастарының мақсаттарын қоғамдық трибуналарды пайдаланып, әшкерелейтін саясаткерлердің бар екенін көрсетті. Бірақ батыс ақпарат құралдарында  мұндай саястакерлердің сөздеріне қарсы санкциялар қолданылады. Батыс үкіметтері осы кезге дейін ИСИМ-ге қарсы күресті әуе шабуылдарымен шектеуге әрекет жасады. Көптеген әуе шабуылдарының жасалуына қарамастан, бұл шабуылдар ИСИМ-нің әскери күш-қуатына шынайы соққы тигізе алмады. Бұл мәселемен бірге АҚШ басшыларының «ИСИМ-ге қарсы соғыс ұзаққа созылатын үдеріс" деген сөздері Батыс үкіметтерінің ИСИМ-мен күресеміз деген сөздеріне күмән тудырады. Күшті барлау және қауіпсіздік ұйымдары бар, тіпті дыбыстар мен дауыстар арқылы да лаңкестерді анықтай алатын төрт мемлекет кірген коалиция  қалайша олардың қаржы және қару алатын жолдарын жауып, жиналатын орталықтарын анықтап, лаңкестерді нысанаға ала алмайды? Бұл салада америкалықтардың Пәкістанда Бен Ладенді қалай тапқандарының жай-жапсары мен  Әл-Қаиданың басшысын қолға түсіріп, қалай өлтіргендері туралы қорытынды әрекеттерін  Ақ Үйдегілерге  тікелей  көрсеткен амалдарына назар аудару жеткілікті.                                                                                                                      Батыстықтар егер қаласа, Ирак пен Сириядағы лаңкестердің  қарым-қатынас арналарын оңай түрде бір-бірінен бөле алады. Бірақ қазіргі кезде олар мұндай мақсаттарды көздеп отырған жоқ. Өйткені олар осы кезге дейін Сириядағы мақсаттарына жетпеді. Олар  Сирия үкіметін құлата алмағандарымен сионистік режиммен күресетін исламдық қарсыласу ағымын әлсірету үшін Сирияның жүйесін өзгертудің қажеттілігі туралы айтуда. ИСИМ Батыс үкіметтері мен Түркия және Сауда Арабиясының Сирия үкіметін құлату саясатын мақсатына жеткізе алмады. Олар қазіргі кезде үлгісі ИСИМ болып отырған лаңкестікпен күресуді сылтауратып, Сирия мен Ирактағы әскери қатысуларын ақтағысы келеді әрі осы жол арқылы мақсаттарына жетуді көздеп отыр. Осыған орай АҚШ пен оның одақтастары аталмыш тәкфиршіл лаңкестік топты оқшаулап, әрекеттерін тоқтататындай  шынайы соққы беруді көздеп отырған жоқ. ИСИМ-ге қарсы коалицияның бұл топпен күресудегі шынайы мақсатқа ие болуына күмән келтіретін келесі мәселе өткен бірнеше жылдағы тәкфиршіл топтарға қарсы күресшілердің қатарында коалицияға кіретін мемлекеттердің болмауы болып табылады.                                                                                                              ИИР Сирия мен Ирак үкіметтерімен әскери кеңесулер өткізді, сондай-ақ Сирия мен Ирак халықтарының табандылығы лаңкестік тәкфиршіл топтардың алға басуларын тоқтатып, оларды көптеген жерлерде артқа шегінуге мәжбүрледі. Егер мұндай қарсыласу мен табандылық болмағанда бұл екі елдің жағдайы өзгеше болатын еді. Егер АҚШ пен оның одақтастарының  Ирак пен Сириядағы қателіктерінің орнын толтырғысы келетіндерін қабылдайтын және олар шынайы түрде ИСИМ-мен күрескісі келеді деп ойлатын болсақ, олар ИИР мен Сирия үкіметін ИСИМ-ге қарсы коалицияға қатысуға шақыратын еді. Бірақ мұндай оқиға орын алмады.  Өйткені, олардың ИСИМ-мен күресу туралы шынайы ниеттері жоқ. Олай болса, Сауда Арабиясының ИСИМ-ге қарсы коалицияға кіруіне сенуге болады ма? ИСИМ-нің ой-пікірілері ваххабизм мектебінен бастау алған. ИСИМ содырларының арасында мыңдаған саудиялық жүр. Сауд режимі Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-ның саясаттарын жүзеге асыратын ел. Мұндай коалицияға ИИР-ның кіруі мүмкін бе? Тіпті Иранды оған қосылуға шақырған жағдайда да, ИИР ИСИМ-ге қарсы коалицияның құрамынан хабардар болып, оған қатыспайтын еді.

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды