Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 25 Ақпан 2015 18:05

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 11

ИСИМ лаңкестік тобының белгілі және көлеңкелі тұстары 11

Ирак-Сирия Ислам мемлекеті (ИСИМ) атты лаңкестік тәкфиршіл тобының құрылуы мен таралуы туралы бағдарлама топтамасы соңына жетті. Бұл топтаманың мақсаты лаңкестік тәкфиршіл топтың шынайы болмысын әшкерелеу және аталмыш топтың әділет пен бейбітшілік талап ететін және адамды тәрбиелейтін ислам тағылымдарымен еш қатысы жоқ екені туралы баяндау болды. ИСИМ және соған ұқсас лаңкестік топтардың ой-пікірлері ортақ. Олардың  идеологиясы, қаржысы және қару-жарақ қажеттіліктері ортақ көз арқылы қамтамасыз етіледі. АҚШ пен оның Ұлыбритания, Франция сынды еуропалық және Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірлігі мен Түркия сынды аймақтағы одақтастары бұл топтардың құрылуы мен жабдықталуына қатысып, солар арқылы аймақтық және әлемдік  саясаттарын алға жылжытуға әрекет жасады. ИСИМ мен соған ұқсас әрі пікірлес топтар мен ұйымдардың ең маңызды мақсаты исламның бейнесін бұзу болды. Адам құқығы туралы ешбір үндеуде және ешбір мазхабта ислам дініндегі мөлшердей адам құқығына, әйел мен ер, бала мен жас ерекшелігіне көңіл бөлінбеген. ИСИМ мен соған ұқсас лаңкестік топтардың үрейлі қылмыстық әрекеттері исламның тағылымдарына  айқын қайшы келеді. Исламның көзқарасы бойынша, бұл әрекеттер адамзатқа қарсы  әшкере қылмыс болып табылады. Мұндай қылмысқа барғандар тозаққа түседі. ИСИМ  бірнеше батыс азаматының басын кескен соң  Батыс үкіметтері аталмыш топтың олардың бақылауынан шыққанын түсінді. Осы салада  сырт көз үшін өздерінің ИСИМ-ді қолдайтын саясаттарын өзгерткендей сыңай танытып, оған қарсы басшылары АҚШ болып табылатын халықаралық коалиция құрды. АҚШ пен одақтастары ИСИМ-нің олардың бақылауынан шыққанына қарамастан  бұл тәкфиршіл топ олардың Ирак пен Сириядағы саясаттарын алға жылжыта алады деп ойлайды. Осыған орай АҚШ-тың кейбір басшылары ИСИМ-ге қарсы күрестің ұзаққа созылатыны туралы айтуда. АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Чак Хейгел осы салада: «ИСИМ-нің қауіп-қатері  уақытша әрі қысқа мерзімді емес. Бұл топ басқа лаңкестік топтармен салыстырғанда күштірек ұйымдастырылған.  Олар жақсы қаруланған, мықты қолдауға, жеке идеологияға ие. Бұл топ біз осы кезге дейін көрген лаңкестік топтардан өзгеше. Олар келешекте өздерін күшейтіп, жаңа шабуылдар жасауы мүмкін. Пентагон ИСИМ жасақтарымен қарсыласатын ұзақ мерзімді бағдарламалар жоспарлады» деді. АҚШ бас штабының басшысы генерал Мартин Демпси Ирактағы жоспарланбаған кездесулерінің бірінде: «ИСИМ-ге қарсы соғыстағы күштің теңгерімі өзгеруде. Бұл топқа қарсы соғыс жылдарға созылуы мүмкін»,-деді. АҚШ басшылары әртүрлі қарумен өздері қаруландырған бұл лаңкестік топтың мүмкіндіктерін зорайтып көрсетіп, аймақта ұзақ уақытқа қалып, әр уақытта және әр мекенде араласуға сылтау іздеуде. АҚШ пен  одақтастары аймақтағы рөлін өзгертіп, аймақтағы тұрақсыздық жағдайдан көп пайда көргісі келеді. Батыстықтар мен одақтастары аймақта дағдарыс тудыруды бастағаннан бері Ирак пен Сириядағы лаңкестікпен күресутің шынайы ағымы ИСИМ және басқа лаңкестік топтармен күресті бастады. Ирак үкіметінің ИСИМ-мен күресуге көмек сұрауынан кейін ИИР іс жүзінде реакция білдірген мемлекет болды. Иран Ирак әскеріне кеңестік тұрғыдан көмектесу және халықтық топтарды ұйымдастыру арқылы ИСИМ-ге қарсы мықты  майдан құрды. Жылдам берілген кеңестер мен халықтық күштерді ұйымдастыру және күрдтердің «Пишмарге» топтарының  көмегі Эрбильдің құлауының алдын алып,  ИСИМ содырларының Бағдаттан кейін шегінуіне себеп болды. Бұл көмектер Ирактың стратегиялық жерлерінің көбісінің тәкфиршілердің қолынан босатылуына мұрындық болды.  Ирактық және Ирак Күрдістаны басшыларының  мойындауынша, ИИР оларға көмекке келіп, лаңкестердің алға жылжуын тоқтатуға көмектескен бірінші мемлекет болды.  Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани ақпарат отырыстарының бірінде: «Теһран «Пишмарге» топтарына қару жіберді. Біз қару сұрадық. Иран бізге қару жіберген бірінші ел болды»,- деді. Ирактың исламдық жоғары мәжілісінң төрағасы Сейед Аммар әл-Хаким Иранның ИСИМ-мен күресу саласындағы Иракқа көрсеткен көмектері туралы: «ИИР-ның бұл мәселедегі маңызды рөлін ұмытуға болмайды. Ақ Үй әрқашан бұл рөлді шетке шығаруға тырысып, көрсеткісі келмеді. Бірақ ИИР еш нәрсені аямай, бізге әскери кеңестер және экономикалық тұрғыдан  көмек көрсетіп, ирактық бауырларымен бірге ИСИМ-ге қарсы тұрды»,- деді. Ирак қалаларының кеңесші министрі Абдулкарим Әл-Ансари де: «ИИР ИСИМ-нің кеңейіп таралуына қарсы салада үлкен рөл атқарды. Бұл мәселе  Сирияда жақсы байқалып, бұл елдегі жағдайға әсер етіп, Ирактағы тәкфиршіл топтың  рөлін өзгерте алды»,- деді. ИСИМ лаңкестік тобының қылмыстарын сараптау арқылы бұл топтың Ирак пен Сириядағы мақсаттарының бірі  ұлтаралық және мазхабаралық қайшылық тудыру болды деп айтуға болады. Олардың  қорқынышты әрекеттері әртүрлі халықтар мен мазхабтардың  ИСИМ-ге қарсы күреске бірігулеріне себеп болды. Осы кезде  Ирак пен Сириядағы  ИСИМ-ге қарсы күреске бұл елдердің барлық халықтары мен мазхабтары қатысуда. Бұл саладағы ИИР-ның рөлі де әсерлі болды. ИИР әрқашан  Ирак пен Сирияның  егемендігі мен территориялық біртұтастығын сақтауға мүдделік танытты. Осы стратегиясы бойынша Иран ИСИМ-ге қарсы күреске шыққан  барлық халықтар мен мазхабтарға әскери кеңес және экономикалық көмек көрсетуде. Енді аймақ пен бүкіл әлем Иранның тәкфиршіл және лаңкестік ИСИМ тобына тосқауыл қою саласындағы рөліне ешкім күмәнденбейді. ИСИМ-нің қатыгездіктері АҚШ пен одақтастарының аймақтағы ИИР-на  қарсы үгіттерін әшкереледі. Батыс үкіметтері  36 жыл бойы өтірік таратып, ИИР-н лаңкестікті қолдаушы  деп жарнамалады. Олар Ираннан үркіту саясатын жүргізіп, Парсы шығанағы аймағы  әлемнің ең үлкен қару-жарық нарығына айналды. Иран Ирак пен Сирия үкіметтеріне әлемнің ең үлкен ұйымдастырылған лаңкестік тәкфиршіл тобы ИСИМ-ге қарсы күресуге көмектесіп, шынайы түрде лаңкестерге қарсы кімнің күресетінін және кімнің лаңкестікпен күресу туралы өтірік уәж айтатынын әшкереледі. Иран лаңкестікпен қарсы күресте 17 мыңнан астам азаматын жоғалтып, әлемдегі   лаңкестіктің ең үлкен құрбаны саналады. Иран бүгінде дүниежүзі бойынша лаңкестікпен күресетін ең үлкен елге айналды. Әлем бойынша лаңкестікпен күресу саласында ешкім Иран сынды қаржы жұмсамады және шынайы түрде  күрескен жоқ. АҚШ пен одақтастарының  барлық өтірік үгіттеріне қайшы ИИР-ның аймақтағы рөлі сындарлы болды. ИИР-ның маңызды әрі сындарлы рөлі болмағанда Ирак, Ауғанстан, Сирия мен Ливанның  жағдайы өзгеше және дағдарыстары күштірек болатын еді. Бұл елдердің барлығындағы салыстырмалы тұрақтылық ИИР-ның қырағы саясатына борыштар. Иран аталмыш елдердегі тұрақтылықты бұзуды көздеген саясаттарды нәтижесіз қалдырды. (Соңы).

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды