Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 06 Қыркүйек 2015 14:05

Тәкфіршіл ағымдардың мақсаты – қирату 2

Тәкфіршіл ағымдардың мақсаты – қирату 2

Бірінші тәкфіршіл ағым хаваредждер ағымы деп аталып, имам Әли (ғ.с.)-ның үкіметі кезінде Құран Кәрімнің аяттарын қате түсінудің нәтижесінде  пайда болды. Хаваредждер хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарлық  міндетке сайланған соң  Ислам дінін қабылдаған бірінші адам әрі  мұсылманның кемел үлгісі саналған имам Әли (ғ.с.)-ды діннен алыстады деп айыптады. Хазірет Әли (ғ.с.) Ислам туралы бұрыс ойларды әшкерелегенімен, исламдық тағылымдарды қате түсініп, хаваредждердің жолдарын жалғастырған адамдар болды.  Ваххабизм және  оның Әл-Қаида мен ИСИМ сынды тармақтары өздерін салафиттер деп санайды.  Олар исламдық тағылымдардың мағынасын дұрыс түсінбей, қоғамда  пайғамбардың сүннетін жаңғыртушымыз деген уәж айтады. Шын мәнінде олардың ойлары мен әрекеттері  Құран Кәрім аяттары және пайғамбардың сүннеттеріне толығымен қайшы. Тәкфіршіл лаңкестік топтардың ойлары мен әрекеттері Ислам дінінде бедғат саналады.  Олардың әрекеттерінің бейбіт, әділет талап ететін әрі дұрыс жол нұсқайтын Ислам дініне ешқандай қатысы жоқ.  Өткен жолы  салафи және тәкфіршіл ағымдар мен олардың бір-біріне деген қатысын  жақсырақ түсіну үшін «салаф» деген сөздің мағынасы мен Ислам тарихындағы салафи ағымдарға тоқталдық. Ахмад бен Ханбал салафиттік ағымның көшбасшысы саналады.  Ахмад бен Ханбал – мазхабтардың бірі оның атымен аталған сүннит фикхтерінің бірі. Сүнниттер «Ханафи», «Ханбале», «Шафеи» және «Малеки» деп  төрт тармаққа бөлінеді. Уақыт өте келе олардың әрбіреуі ондаған бұтаққа бөлінді. Сүнниттердің төрт үлкен фикхтарының бірі Ахмад бен Ханбалдың наным-сенімдері және оның салафиттер ағымына қатысты болуы туралы мәселені қарастырудан бұрын  Исламның ұлық пайғамбары қайтыс болғаннан кейін Ислам дінінде әртүрлі топтардың пайда болуына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.  Исламның бастапқы кезінде, әсіресе исламдық жүйенің ішкі  тәртібінің бөлінуіне ерекше әсер еткен екі маңызды оқиға орын алды.  Бұл екі оқиға  Исламның ұлық пайғамбарының өмірінің соңғы кезеңінде болды.  Бірінші оқиға – «Ғадир Хом» оқиғасы хазіреттің өмірінің соңғы жылы, яғни хиджраттың оныншы жылының зейхадже айының 18 күні, екінші оқиға – «Бани Сайеде Сақифе» хиджраттың он бірінші жылының  басында орын алды. Бұл екі оқиғаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. «Ғадир Хом» және «Бани Сайеде Сақифе» оқиғалары Исламның ұлық пайғамбарының өмірінің соңғы кезінде орын алды. Бұл екі оқиға  пайғамбардан кейінгі кезеңдегі хазіреттің орынбасары, исламдық үмбеттің басшысы туралы болды. Ғадир Хом мен Сақифе оқиғалары халықпен байланысты. Адамдар растау және бият ету арқылы  өздерінің ой-пікірлерін жариялаған. Екі оқиғаға да Исламның ұлық пайғамбарының сахабалары қатысқан. Аталмыш екі оқиға Ислам дінінің кейінгі уақыттарында   діннің бөлініп, Ислам әлемінде   екі  топтың, атап айтқанда сүнниттер мен шиіттердің пайда болуына ұластырды. Басқаша айтқанда бұл екі оқиға ислам әлемінде сүннит және шиіт мазхабтарының  пайда болуының басы болды. Алайда «Ғадир Хом» мен «Бани Сайеде Сақифе» оқиғаларының айырмашылығы бар. Ғадир Хом  оқиғасы пайғамбар қажылық сапарынан қайтып оралып келе жатқан жолда, жалпы халық қатысқан жиында орын алды. Сақифе жиынын  басынан ансарлар ұйымдастырып, оған бірнеше мұхажір ғана қатысты. Сақифе жиынына жалпы халық қатыспады. Ғадир Хом мұсылмандардың ең үлкен діни рәсімі, яғни қажылық сапарының жолында орын алды. Ал Сақифе жиыны ең қайғылы жағдайда, яғни хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) дүниеден озып, халық, әсіресе Хашим әулеті аза тұтып отырған күндері болды. Ғадир оқиғасында халыққа велаят және пайғамбардың орынбасары туралы мәселе баяндалып, діннің кемелдікке жетуіне себеп болды. Ғадир оқиғасында пайғамбар сөйлеген сөзінде айқын түрде  өзінің орынбасарын, яғни имам Әли (ғ.с.)-ды таныстырып, өзінің өсиеттерін айтты. Жиналған халық хазіреттің сөздерін тыңдап, құттықтап, бұл жиынға қатыспағандарға өздерінің көріп, естігендерін жеткізуге міндеттелді. Бірақ Сақифе жиыны асығыс әрі жасырын түрде, ансарлардың басшыны өз араларынан сайлау мақсатында өтті. Үміткерлер де анық белгілі болмады. Үш мұхажірдің  жиынға қатысуымен қайшылықтар туып, келесі келіссөздер мен ансарлар арасындағы келіспеушіліктер халифаның сайлануына себеп болды. Келесі күні халифаны мешітке шақырып, халықтан орын алған әрекетті қабылдап, оған бият етуді талап етті. Сол кезде Мединеде болған мұсылмандардың көптеген топтары Сақифе жиынына қатыспады. Ғадир оқиғасы бейбітшілік пен тыныштықта, мұсылмандардың қалың жамағаты жиналған зейхадже әл-харам айында,  рухани сапар аяқталып, халық Аллаға ләббейк айтып, илаһи қауіпсіз кесенеден  оралып келе жатқан кезде кең далада орын алды. Ешбір белгілі бір тайпа мен арнайы ұлтқа қатысты болмаған әлемдіктер үшін жіберілген рақым пайғамбары, адамдар үшін үлгі болып табылатын,  сондай-ақ, иман, ғамал, тақуа, джиһад, Исламға қызмет ету, діни ғылымдар салалары бойынша басқалардан ерекше А..ның елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Ұлы А.  тарапынан  жіберілген аяттан кейін өзінің міндетін орындап, халықтың қуанышына ортақ болды. Бұл оқиғаға керісінше Бани Сайеде Сақифесінің оқиғасы Бани Сақифе тайпасының көлеңкесінде, жамағатсыз, халық пайғамбардың өсиеттеріне назар аудармаған жағдайда орын алды. Әрине, Ғадир және Сақифе оқиғаларын зерттеу және  шиіттер мен сүннитердің дәлелдері туралы шолу жасау үшін арнайы тәуелсіз бағдарлама қажет. Бұл жерде Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейін мұсылмандар қалай  бөлінді соған қысқаша тоқталамыз. Хазірет Әли (ғ.с.) Бани Сақифе оқиғасынан кейін халифаттан және исламдық үмбетті басқарудан  шетке шығып, мұсылмандардың арасын алшақтататын әрекеттерден алыстап,  барлық мүмкіндігімен мұсылмандардың бірлігін сақтауға күш салды. Имам Әли (ғ.с.) халифатты өз құқығы деп санағанымен дінді сақтап, Исламның негіздерін нығайтуды және мұсылмандардың  бірлігі мен біртұтастығын  өз құқығынан  жоғары санады. Имам Әли (ғ.с.)  халифатқа ие болуды Алла елшісінің сүннеттері мен әділет қалыптастыру, өздерін қорғай алмайтын әлсіз адамдардың құқықтарын қорғау үшін мақсат етті. Өйткені Исламның көзқарасы бойынша, үкімет іс-әрекетті жүзеге асыру факторы және соларды сақтаудың кепілі саналады. Имамдардың ойлары мен өмірбаяндарында мұсылмандардың жіктелуінің алдын алу басқа барлық нәрседен маңызды. Имам: «Мен басқалардан көбірек халифатқа жақынмын. Алламен ант етемін, мұсылмандардың шекараларының қауіпсіз болуын, оларға зұлымдық жасалмауды талап етемін. Мен зұлымдықты қабылдамаймын»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) Исламды сақтауды барлық мәселелерден жоғары санаған хабардар әрі міндетін жақсы білетін адам болды. Ол өзінің  міндетін соғысу деп білсе, соғысатын. Керісінше, егер сабыр сақтап, үнсіздік таныту деп санаса, үнсіздік танытатын. Ол бірлікті сақтау үшін хазірет Фатима (ғ.с.) оны көтеріл жасап, өзінің құқықтарын қайтаруға шақырған кезде азаншының «Ашһаду Анна Мұхаммадан Расуле Аллаһ» деген дауысын естіген кезде өзінің өмірлік серігіне: «Күндердің бірінде бұл дауыстың естілмеуін қалайсың ба?»- деді. Сол кезде исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима (ғ.с.) «Еш уақытта» деп жауап берді. Имам «Ондай болса, менің таңдаған жолым дұрыс» деп баса айтты. Хазірет Әли (ғ.с.) пайғамбардың дүние салғанына 25 жыл болып, үшінші халифа Осман қайтыс болып, халық пен пайғамбардың сахабалары оның үйіне бият ету үшін келген кезде билікті қабылдамай, оларға өз үкіметінің тәсілін түсіндіріп, мәжбүрлеген үкіметтің әділ болмайтынын қуаттады. Бірақ халық одан теріс айналмай, керісінше үкіметті қабылдатуға қысым жасады. Ол өзін үкіметті қабылдауға лайық деп біліп: «Дәнді жарып, адамды жаратқан Алламен ант етемін, егер міндетімді кемелдендіретін  жамағат жиналмағанда және Алла Тағала ғалымдардан залымдардың қомағайлылығы мен  жәбір көрген халықтың аштығының  алдында үнсіздік танытпау туралы уәде алмағанда мен халифаттың қиындығын өзіме артпайтын едім»,- деді.  Хазірет Әли (ғ.с.)-ның өмірбаянын  оның перзенттері және шиіт ғұламалары сақтап, кейінгілерге жеткізді.  Қорыта айтқанда, Исламның ұлық пайғамбары, хазірет Әли (ғ.с.) мен пайғамбар әулетінің тарихы Исламға соққы беретін әр әрекеттің алдына тосқауыл бола білді. Тарих бойында әйгілі шиіт ғұламаларының көбі шиіттер мен сүнниттердің арасында бірлікті сақтап, араларындағы қайшылықтарды сабырмен, тыныш жағдайда шешетіндер болды. Сүнниттердің үлкен ғалымдары да шиіттер мен сүнниттердің арасында бірлік сақтауды қуаттады. Біздің бағдарлама Ислам тарихындағы тәкфіршіл ағымдар мен олардың тамырымен таныстыруды көздейді.                                                                                                                                                         

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды