Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 06 Қыркүйек 2015 14:12

Тәкфіршіл ағымдардың мақсаты – қирату 3

Тәкфіршіл ағымдардың мақсаты – қирату 3

Тәкфіршіл ағымдардың  Исламмен еш қатысы жоқ. Бірақ олар дене түршіктірер қылмыстарын Ислам дінінің атымен іске асыруда. Біз Батыс үкіметтері мен олардың аймақтағы одақтастарының бұл апаттарды Исламмен байланыстыруларының мақсаты әділет пен бейбітшілік талап ететін қасиетті дінді әлемге бұрыс көрсету екендіктерін анықтауды мақсат етеміз. Басқа қасиетті діндердегідей Ислам дінінде де пайғамбар дүниеден озғаннан кейін халыққа діннің негіздеріне қайшы қате негіздер ұсынылды. Хазірет дүниеден озған кезде оның орынбасары әрі күйеу баласы  ең жақын    деген сахабаларымен бірге пайғамбарды ғұсл құйындырып, жерлеуге дайындап жатқан кезде кейбіреулер, атап айтқанда пайғамбардың ансарлар мен мұхаджерлерден шыққан  сахабалары Бани Сааде Сақифесінде пайғамбардың орынбасарын сайлауға  жиналды. Негізінде пайғамбар соңғы қажылығынан  қайтып келе жатқан Хом аймағында (кейін Ғадир Хом деп танымал болған) мыңдаған мұсылманның алдында хазірет Әли (ғ.с.)-ның қолын басшы және өзінің орынбасары ретінде көтерді. Ғадир Хом мен Бани Саадедегі Сақифе  мекендерінде орын алған тарихи оқиғалар туралы өткен бағдарламада айттық. Енді Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейінгі кездегі хазірет Әли (ғ.с.)-ның тарихы туралы баяндаймыз. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның үш халифаның  және  өзінің қысқы мерзімді билігінің кезіндегі іс-әрекеті һәм шиіттер, һәм сүнниттер, яғни барлық мұсылмандар үшін саяси іс-әрекеттердің үлгісі болды. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның Исламның бастапқы  және үш халифаның кезіндегі қолданған тәсілдері имамның әділетсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Хазіреттің Исламның ұлық пайғамбарының орынбасары болу құқығына ие екенін білгеніне қарамастан халифаларға қарсы тұрудың орнына Абубакрге бият етіп, әртүрлі уақыттарда халифаларға  көптеген ақыл-кеңес беріп, өз жақтастарын солармен ынтымақтастық етуге жігерлендіріп, сот пен төрелік істерге қатысып, тіпті сол кездегі соғыстарға да қатысты. Сонымен бірге Мединеде бірнеше рет Омардың орынбасары міндетін атқарып, халифа жоқ кезде қаланы басқарды. Үшінші халифаға қарсы наразылықтарды азайтуға талпыныс жасап, тіпті имам Хусейн (ғ.с.)-ды халифаның кеңсесін наразылардың кіруінен қорғауға  жіберді. Мұндай ғамалдардың барлығы мұсылмандардың арасында қайшылықтар мен дұшпандық тумасын деп іске асырылды. Басқа пәк имамдардың өмірлері де осыған ұқсас болды. Олар өз пікірлері мен наным-сенімдерін баяндаумен бірге беркелі өмірлерінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, оларға тағылымдарын үйреткен. Олардың наным-сенімдері мен көзқарастарының сол кездегі басқа мұсылман ғалымдардан айырмашылығы болғанымен олар бұл айырмашылықтардың мұсылмандар арасындағы іріткі мен дұшпандыққа айналмауына ерекше назар аударды. Исламның тарихы аталмыш тұлғалардың сөздерінде қарсыластарына жаман сөз айтып, балағаттамағандарына куәлік етеді. Исламның тарихы бойында хабардар және мұсылмандардың шынайы бірлігіне  иман келтірген ғалымдар да осы жолды ұстанды. Өкінішке орай, талпыныстарға қарамастан ащы оқиғалар орын алып, мұсылмандар қоғамында өздерінен басқа исламдық мазхабтарды кәпірлер деп санап, олардың арасында іріткі тудырған ағымдар пайда болды. Әрине бұл жерде Батыстағы Исламға қарсы христиандардың және Ұлыбритания басқарған Батыс отаршыларының  исламдық қоғамды жіктеу саласындағы  рөлін ұмытуға  болмайды. ИСИМ, Әл-Қаида және Ан-Носрат сынды тәкфірлік ағымдар өздерін сүннит мазхабының жақтастары деп атағандарымен бұл тәкфіршіл ағымдар ваххабизмнен тамырланады. Бүгінгі бағдарламада тәкфіршіл ағымдардың сүнниттер арасындағы тамырын зерттейміз. Ахмад бен Ханбал салафиттік ағымның көшбасшысы саналады.  Ахмад бен Ханбал – мазхабтардың бірі оның атымен аталған сүнниттердің төрт үлкен фикхтарының бірі. Сүнниттер «Ханафи», «Ханбале», «Шафеи» және «Малеки» деп  төрт тармаққа бөлінеді. Уақыт өте келе олардың әрбіреуі ондаған бұтаққа бөлінді. Олардың әрқайсысы арнайы жеке наным-сенімдерге айналды. Алайда «Ахмад Ханбал кім?» деген сұрақ туындайды. Ахмад бен Ханбал бен Халал Шибани Марви қамаридің  164-ші жылы Бағдадта дүниеге келді. Әкесі әскери адам болып, перзенті дүниеге келместен бұрын дүниеден озған болатын. Ханбалдың жүкті анасы Бағдадқа кетеді. Ахмад он алты жасынан бастап хадистерді жаттауға кіріседі. Содан бері Ахмадтың өмірі хадиспен бірге болды. Басында ол Бағдад қаласында ғылыми білімін кеңейтті. Кейін  хадис жинаушылардың қатарына қосылды. Содан соң хадисшілердің орталығы, яғни Басре, Куфе, Хиджаз, Йемен мен Шамға сапар шегіп, Вакиғ және Исхақ бен Раһуие сынды хадисшілерден хадистер тыңдады. Ахмад бен Ханбал 40 жасынан  бастап хадис айтуға кірісті. Ахмад бен Ханбалдың ең танымал еңбегі –«Мостанад». Бұл кітапқа 30 мың хадис кіреді. Ахмад бен Ханбалдың айтуы бойынша,  бұл хадистер 750 мың хадистің арасынан іріктеліп алынған. Сүннит ғалымдары мен үлкендері тарих бойында әрқашан «Моснадқа» ерекше назар аударған. Аталмыш кітаптың ерекшелігіне бұл кітапта Исламның ұлық пайғамбарының пәк ұрпақтары туралы көптеген хадистер жинақталған. Бірақ бұл хадистерді жинақтаушы сүнниттердің көбісі бұл хадистерді айтпаған. Келесі жәйт, Ахмадтың «Моснад» кітабында шиіттер растайтын рауаяттар да келтірілген. Ахмад бен Ханбал хазірет Әли (ғ.с.) төрт халифаның бірі деп санайды. Имам Әли (ғ.с.)-ның көптеген рауаяттарын жеткізген. Ахмад  бен Ханбалдың ойларына шолу жасап, оның фикхтен гөрі хадисшы екенін байқауға болады. Оның өзі еш уақытта өзін фикх деп таныстырмаған. Ол фикхте сүннет пен пәтуа бойынша әрекет етіп, иджтихадта халал мен харамнан алыстаған. Бір адам  одан халал мен харам туралы сұраған кезде Ахмад: «А.. жарылқасын, бізден басқадан сұра, фикхтен сұра»,- деген. Ахмад бен Ханбалдың басқа   фикх имамдармен салыстырғанда  фикх саласында  тәуелсіз еңбегі болмаған. Одан халық арасында таралған фикх саласындағы пікірілері ғана қалған. Кейбір шәкірттері,  атап айтқанда Абубакр Халал соларды жинақтаған. Ахмад бен Ханбалдың фикх ахкамымен бетпе-бет келген кезде бұл салада арнайы  еңбегінің жоқтығы оған қиындық тудырады. Сонымен бірге еңбегінің болмауы әртүрлі кезеңдерде оның жақтастарының санының басқа мазхабтардың жақтастарынан азырақ болуына соқтырды. Төртінші ғасырдың  екінші жартысына дейін Ханбал мазхабы исламдық мазхабтардың арасынан көрінбеді.  Келесі ғасырларда ол сүнниттердің  негізгі үш мазхабының қатарына қосылды. Осы кезде де бұл мазхабтың жақтастары басқа исламдық мазхабтардың жақтастарының арасынан азырақ көрінеді. Сонымен бірге оның фикх бола тұра еңбегінің жоқтығына қатысты қайшылықтар жалғасуда. Ахмад бен Ханбалдың фикхінің ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады. Ахмад бен Ханбалдың пәтуалары хадистер, хабарлар және әділ салафтардың  мәліметтеріне сүйенді. Ол пайғамбардың сөздері мен хазіреттің төрелігі және сахабалардың пәтуалары бойынша пәтуа берді. Ол табиндер немесе Малек, Узағи және рауаяттар мен осы саладағы еңбектерден хабардар басқа фиктардың сөздерін пәтуалары үшін қолданған. Ахмад бен Ханбал болжамдардан алыстап, тек  іс жүзінде орын алған  оқиғаларға қатысты ғана пәтуа берген. Өйткені оның пікірінше пәтуа тек қажетті кезде ғана назар аударатын нәрсе. Ахмад бен Ханбалдың рауаяттар мен хабарларға назар аударуы оның фикх білімдерінің шектеліп, халықтың өмірінен алыстауына себеп болмады. Өйткені оның мазхабы  кез-келген басқа мазхаб сынды  мәміле кезінде екі жақтың алдында да міндеттерге ие. Ахмад бен Ханбалдың фикхіне жасаған шолу оның иджтихад пен ақылға сүйенетінін көрсетеді. Салафиттердің Ахмад бен Ханбалды өздері үшін қажетті тұлға ретінде пайдалануы оның мектебінің наным-сенімдерінің ерекшеліктері болуы мүмкін.  Ахмад бен Ханбалдың мектебі салафиттер үшін қолайлы болды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды