Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2015 10:40

Тәкфіршіл ағымдардың мақсаты – қирату 4

 Тәкфіршіл ағымдардың мақсаты – қирату 4

Уаһабшылар  өздерінің тәкфіршіл әрекеттерін  Ахмад бен Ханбалмен байланыстырады. Ахмад бен Ханбалдың мектебі өзінің хадистерге жақын болуына  және сыртқы белгілеріне байланысты салафиттерді Ахмад бен Ханбалмен байланыстыру үшін жақсы жағдайға ие. Осыған орай салафиттерге басқалардан үлгі алмағандарымен өздерін Ахмад бен Ханбалмен байланыстырудан басқа жол қалмады. Салафиттік ағымдардың өздері бірнеше тармаққа бөлінеді. Олардың бірі – уаһабшылар. Салафиттердің әртүрлі тармақтары туралы алдағы бағдарламаларда баяндаймыз. Бүгінгі бағдарламада вахаббизм мен Ахмад бен Ханбалдың наным-сенімдері арасындағы байланысқа назар аударамыз. Ахмад бен Ханбалдың жақтастарының көбінің пікірі бойынша  уаһабшы тәкфіршілердің Ахмад бен Ханбалдың наным-сенімдеріне еш қатысы жоқ. Ханбал мазхабының ғалымдары Ибн Таймие салафизмі болып жалғасатын уаһабшы салафизмге қарсы әртүрлі кітаптар жазған. Олар Ахмад бен Ханбал мен салафиттердің пікірлерінің негіздеріндегі маңызды айырмашылықтарды көрсетті. Ахмад бен Ханбалдың ой-пікірілері мен салафизмнің бірінші айырмашылығы әр замандағы салафиттердің ең маңызды дұшпандары  ханбал мазхабының жақтастарының болуына байланысты. Әл-Барбахари кезінде ханбалшылар онымен қарсыласуға көтерілді. Ибн Таймие салафизм идеяларын қалыптастырған 7-ші ғасырда ханбалшылардың шейхтері оған қарсылық білдірді. 12-ші ғасырда Мұхаммад бен Абдел Уахабқа қарсы шыққан бірінші адамдар ханбал мазхабының жақтастарының қатарына қосылған оның әкесі мен бауыры болды. Мұхаммадтың бауыры Сулейман бен Абдел Уаһаб оған және оның наным-сенімдеріне қарсы кітап жазды. Сол себепті тарихтың әртүрлі кезеңдерінде ханбалшылар салафизмнің наным-сенімдерінің ең басты дұшпандары болды. Ахмад бен Ханбалдың ой-пікірлері мен салафизмнің екінші айырмашылығы Ахмад бен Ханбалдың Османның ойларына сүйенген хадисшылардың көзқарастарының әсірешілдігінтөмендетіп, әртүрлі ағымдарды қалыптастыруында. Бірақ салафиттердің идеялары  тек исламдық ағымдардың арасында ғана қайшылық тудырып қойған жоқ, олар тіпті Ханбал мектебінің ішінде де қайшылықтарға себеп болды. Хадисшілердің арасында  Алла елшісінің ағасының ұлы, өзінің күйеу баласы әрі Исламға бет бұрған бірінші адам  хазірет Әли (ғ.с.)-ның тобы болған кезде Ахмад әсірешіл көзқарасқа ие топпен күресіп, барлық қатерлерге қарамастан пайғамбар әулетін қолдап, сүнниттердің арасында олардың жоғары орынға ие болуын қуаттады. Салафизм кері бағытта қадам басты. Олар тіпті хазірет Әли (ғ.с.) мен жанұясының жақтастарының бірі болған Ахмадтың хадистерін жалған деп санады. Ахмад бен Ханбалдың наным-сенімдеріндегі теңеулер еш уақытта салафизмнің теңеулеріндей болмады. Ибн Тайбие мен Мұхаммад бен Әбдел Уаһабтың салафиттік ойлары мен Ахмад бен Ханбалдың ойларынан бұрын кездеспеген көзқарастар байқалды. Тавассол, пайғамбардың жоғары дәрежесін төмендету және тәбәрік Ахмад бен Ханбал мен оның жақтастарының ойларында кездеспеген болатын. Әрине, егер Ахмад бен Ханбал тірі болып, тәкфіршіл ағымы мен оның ойның негіздерін көргенде ханбалшылардың көбі сынды олардан алыстайтын еді. Салафизм ой мен ақылдан алыстау деген мағынаны білдіреді. Сүннит ойшылдарының бірі Самер Исламбули салафизмнің бұл тұрғысын анықтады. Оның пікірінше, салафизм өткен қоғамдар келешек ұрпақтарға үстемдігін жүргізіп, бұрынғылар болашақтың денесіндегі, ал әкелер перзенттерінің денелеріндегі тірілер сынды». Исламбулидің пікірінше, салафиттер кітап пен сүннетті сахабалардың түсінігіне қатыстырған кезде ақылсыздыққа шырмалған. Яғни, олардың біреуімен сұхбаттасқан кезде ол Ибн Таймиенің тілімен, сондай-ақ үнемі бұрын өмір сүрген адамдардың тілімен сөйлейтіндей болып көрінеді. Олар мазхабтарын ақылмен дәлелдемей, өткендердің сөздеріне сүйенеді. Сол себепті ақылға сай пікірталастардан қашады». Салафиттер салафты ресми қабылдатуға, барлық салаларда оларға өкілеттік сыйлауға күш салды. Салафиттер салафтарды заңды көрсету үшін олардың барлық істері мен сөздерін  және тарихын ғасырдың үлгісі етіп, келешек ұрпаққа олардың наным-сенімдері мен сөздерін жеткізуге талпыныс жасауда.  Салафтардың жолындағы қиындықтарға қарамастан олардың көзқарастарының жақтастары болудағы мақсаты не?  Мақсат сахабалар мен табаиндердің істері мен сөздерінің егжей-тегжейіне табандылық танытып, наным-сенім, саяси, қоғамдық және экономикалық  салаларда оларды жақтау деген ой туады. Әсірешіл салафиттер салафтардың ойлары мен істеріндегі әрбір өзгерісті бедғат әрі шариғат тұрғысынан харам деп санайды. Енді сүнниттердің танымал ойшылы Ғазалидің салафтардың жақтасы болу туралы ойын тыңдаңыздар. Әбухамед Ғазали былай дейді: «Пайғамбардан бізге жеткен әр нәрсені үлгі қылып, сахабалардан жеткеннің кейбіреуін алып, кейбіреуін орындадық». Сүнниттер мен бедғаттық салафиттік ойлардың арасындағы алғашқы айырмашылық «салаф» деген түсінік пен «жақтас» болудың шегі мен шекарасына қатысты. Салафиттер сүниттердің барлық шекараларын бұзып, жаңа көзқарастар ұсынды. Шиіттердің көзқарасы бойынша салафтың беделі бар. Бірақ әрқашан онымен бірге «салеһ» адал деген сөз бірге жүруі керек, яғни «салаф-е салеһ». Барлық сахабаларды әділ санайтын шиіттерге керісінше шиіттердің пікірінше кейбір сахабалар оларды әділ деп бағалаудан айырған істер жасады. Сондықтан барлық сахабаларды әділ деп санап, құлақ пен көзді жауып оларға жақтас болуға болмайды.  Шиіттер Құран негізі мен сахабалардың арасындағы соғыстар мен қайшылықтарға назар аударып, сахабалардың арасында мұнафықтар кездесуі мүмкін деп санайды. Сонымен бірге кейбір сахабаларды жаман істеріне қатысты айыптайтын аяттар бар. Сол себепті барлық сахабаларды әділ деп санауға болмайды. Ондай болса табаиндерді де әділ деп айту дұрыс емес. Олардың әділетсіздіктері туралы  көптеген дәлелдер келтірілген. Шиіттердің көзқарасы бойынша пайғамбар әулетімен шектелетін және кітап пен сүннет олардың жақтастары  болуға бұйырған сахабалар  тобының ғана жақтасы болған дұрыс.

  

Осы бөлім бойынша толығырақ « Тәкфіршіл ағымдардың мақсаты – қирату 3

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды