Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 21 Қазан 2015 11:39

ИСИМ мен сионистік режимнің ұқсастықтары (1)

ИСИМ мен сионистік режимнің ұқсастықтары  (1)

Соңғы онжылдықтар кезінде Азияның батыс елдеріне таңылған дағдарыстардың көбісі белгілі бір орталықтардан шыққан жасанды дағдарыстар болып табылады.

Осындай орталықтардың ең айқын әрі объективті үлгілерінің бірі – сионистік режим. Еуропалықтар және АҚШ-ның қолдауымен 1948 жылы құрылып өрістеген бұл режим қазір осы елдердің ұзақ мерзімді мақсаттары мен мүдделеріне қызмет етуде.

ИСИМ тобының да ой-өріс, іс-әрекет және  мақсаттары тұрғысынан сионистік режиммен ұқсастықтары бар.  Бұл бағдарламада сионистік режим мен ИСИМ-нің ұқсастықтары және олардың аймақтағы ортақ мақсаттарына тоқталамыз.

Сионистік режим діни идеологиялық тәсілді ұстану және яһуди дінін теріс мақсатта пайдалану арқылы қалыптасты. Бірақ оны құрған тараптардың ешуақытта идеологиялық көзқарастары болмаған. Олар яһуди дінін тек өз мақсаттарына жету үшін пайдаланған.

Францияның атақты ойшылы, зерттеушісі әрі тарихшысы Роже Гароди "Израиль ісі: саяси сионизм" атты кітабында былай деп жазды: "Сионизм – яһудилік капитализм мен сол кездегі Британияның империализмін мәжбүрлі түрде қосудың нәтижесінде пайда болған таза саяси құбылыс. Израиль сионистік режим түрінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Батыстың Таяу Шығыстағы үстемшілдігі расталғаннан кейін аймақтың пайдалы қазбаларын тонау мақсатында пайда болды".

Сионизмнің іс-әрекеттерінің тізімі бұл режимнің қылмыстары тек Палестинаның мұсылмандарына ғана бағытталмағанын, сондай-ақ, барлық діндердің ізбасарларын нысанаға алғанын және олардың діни уәждерінің тек көзбояушылық болғанын көрсетеді.

Сионизм ешуақытта илаһи діндердің қырағылығы мен олардың зұлымдықпен жауласуын жақтырған емес. Негізінде сионизм илаһи діндерге қарсы тұру үшін құрылған. Ол осы мақсаттағы өзінің бірінші әрекетін яһуди дінін бұрмалауға бағыттады. Сионистер осы қиратушылық үдерісінде табысқа жетті. Тіпті сионистердің осы тәжірибесі бүгінде қарсыласу майданымен күресу, аймақтағы ресурстарды құрту, батыстың аймақтағы құзыры үшін жағдай тудыру, Ислам әлемінде іріткі салу мен алауыздық тудыру үшін де қолданылуда.

Сионизм мен ИСИМ-нің жұмыс тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ой өрісі, мақсаттары мен осы мақсаттарға жету тәсілдері тұрғысынан олардың арасында  көзге көрінерліктей ұқсастықтардың бар екенін көреміз. Дәл осы ерекшелік олардың интеграциясын айқындай түседі.

Сионистердің "Нілден Ефратқа дейін" идеясының "Таяу Шығыста исламдық үкімет құру" идеясымен ұқсастығы – осы ортақтастықтардың бірі. Сионизмнің нәсілшілдік немесе "яһудилер – ең жоғарғы нәсіл" идеясы мен "Нілден Ефратқа дейін" идеясы ешбір идеологиялық ой-пікірден бастау алмай, тек яһудиліктің діни элементтерін теріс мақсатта пайдалану арқылы қалыптасқан.

ИСИМ мен сионистік режимнің арасындағы басты ұқсастықтардың бірі – осы екі ағымның ошағына қарай ізбасарларын көшіріп, жинау. ИСИМ-нің идеологиясында екінші халифаның сөзіне сәйкес "халифат, жамағат, әмірлік, бойсұну" компоненттері тәртіп бойынша жоғарыдан төменге қарай олардың өздері жариялаған үкіметті құру кезінде басты рөл атқарады. Сонымен қатар олар пайғамбардан қалған бір хадиске сүйеніп, жамағат, тыңдау, бойсұну, хиджрат және джиһадты өз ой ағымдарының басты тіректері деп таныстырады. Сол себепті өздерінің үгіт-насихаттарын хиджрат мәселесіне шоғырландырып, Шам халифат құру үшін басымдылыққа ие жер болғандықтан, өз ізбасарларынан сол жерге көшуді талап етуде.

Осы ұқсастық ИСИМ лаңкестерінің сионистер сияқты шартараптың түкпір-түкпірінен өз пікірлестерін бір жерге шоғырландыруды көздейтінін көрсетеді. 

ИСИМ мен сионистік режим арасындағы ұқсастықтардың тағы бірі – нәсілшілдік ой-пікірлер мен өзін  басқалардан артық сезіну. Сионистер яһудилердің  әлемдегі таңдаулы нәсіл екендігіне нық сенімді. Дәл осы сенім олардың нәсілдік әсірешілдіктерінің іргетасына айналып, олардың халықтардан оқшаулануының факторы болды.

Яһудилер қауымының нәсілдік артықшылығына деген сенім олардың түрлі протоколдарынан көзге түседі. Мысалы, 15-ші протоколда былай деп келтірілген: "Біздің қауым мен яһуди емес қауымдардың арасында қабілет пен дарын тұрғысынан көзге көрінерліктей  айырмашылық бар. Осы жайт біздің таңдаулы қауымымыздың адамгершіліктің ең жоғарғы деңгейіне жетуіне және басқа яһуди емес қауымдардан артық болуына себеп болды". Яһудилердің наным-сенімдері бойынша, илаһи нұсқауға қол жеткізу мен құтқарылудың жалғыз жолы яһуди  болуда. Яһудилердің пікірінше, бүкіл әлем басқаларға емес, тек соларға ғана тиесілі. Осы сөздердің айғағы ретінде раввин Ричранның сөздерін келтіруге болады. Ол 1869 жылы Прага қаласында Симон бен Яһуданың қабірінің қасында айтқан сөздерінде: "Егер біз, яһудилер әлемнің жер-жеріне шашырап кеткен болсақ, оның себебі – дүниенің толығымен яһудилерге тиесілі болғандығында" деді.

ИСИМ де бір тәкфиршіл топ ретінде мұсылмандарды тек өз ағымының ізбасарларымен шектеп, тек оларды ғана шынайы исламның өкілдері деп санап, басқаларды мүшрік деп атайды. ИСИМ-нің сеніміне сәйкес, адамзаттың құтқарылуының жалғыз жолы олардың халифатына қосылу болып табылады.

Осы екі топтың ой өрістерінің ұқсастығы туралы айта кетер жайт, олардың Палестина мәселесін түрлі сылтаулармен ысырып тастауға талпыныс жасауы. Мысалы, ИСИМ  Палестина олардың басты нысанасы емес екенін дәлелдеу үшін салафилік тәсілдер мен діни дәлелдерге жүгінеді. Олар басты назарын өз ойларындағы халифатты құруға бағыттап, Палестинаны азат етуді Шам, одан кейін Мекке мен Мединеде халифат құрғаннан кейінгі жұмыс тәртібіне қойған.

Бұл идея іс-жүзінде де көрініс тапты. Оның айғағын көп жерлерден табуға болады. ИСИМ-нің Газадағы үшінші соғыс кезіндегі ұстанымы ұзақ мерзімді үнсіздік болды. Одан кейін ашық түрде ешқандай ұстаным білдірген жоқ. ИСИМ-ге қатысты мәлімдемелер мен бейнелерге сәйкес, аталмыш лаңкестік ағым оның басты бағдары Ирак пен Шамдағы соғыс екенін, себебі  Құран аяттарына сәйкес жақын дұшпан, яғни мұнафықтардың басты нысана екенін жариялаған. Олар кәпірлермен күресті Құдсты азат етуден басым деп санайтын Абу Бакрдың сөздеріне сілтеме жасайды. Оған қоса, олар Алла өзінің Кітабында Израильмен соғысуды бұйырмағанын айтады. Сондай-ақ, осы мәселенің іс-жүзіндегі дәлелі ретінде ИСИМ-нің Палестинаның туын таптауы мен Құдс күнін өткізуге тыйым салуын келтіруге болады.  

Шын мәнінде, сионизм өзінің наным сенімдерін және әлем мен адамға қатысты көзқарасын тірек етіп, рұқсат етілген және тыйым салынған жайттарды өздерінің үгіт-насихаттарында көрсетеді. Елдердің арасына іріткі салу, соғыс пен қантөгіс тудыру – сионизмнің жарнамалық принциптерінің бірі. Олардың пікірінше, елдерді әлсіздендіру үшін олардың арасына іріткі салып, соғыс пен келіспеушілік тудыру қажет.

ИСИМ де шиіттерді өлтіру және олардың қасиетті мекендерін қиратып, жару сияқты шиіттерге қарсы қылмыстарын зорайтып көрсетіп, өздерін сүнниттердің құтқарушысы ретінде таныстыру арқылы өзіне қарсы бірлескен исламдық майданның құрылуының алдын алу үшін Ислам әлеміне іріткі салып отыр. Қазір ИСИМ-нің қылмыстары Ислам әлемінде сүнниттердің жеккөрінішті болуына әкеп соқтырды.

Сонымен қатар, АҚШ-ның қуыршағы саналатын ИСИМ сияқты лаңкестік топтар Исламдық ояну мен халықтардың шынайы Исламға қарай әрекет етуін өз мақсаттарына қайшы санағандықтан өз бағдарламаларын осы ағымға қарсы бағыттап, кейбір мұсылмандарды кәпір деп атап, олардың төгілген қанын халал санайды.

Осы арада сионистер мен ИСИМ-нің тағы бір ұқсас әрі ойландыратын мақсаттары мен іс-әрекеттерін көруге болады. Соның ішінде мұсылмандарды қыру мен Ислам әлемінің талпыныстарын зая кетіруді атап айтуға болады. Сионистік режимнің әскери саладағы басымдылығын сақтап қалу үшін аймақтық елдердің қарулы күштерін әлсірету  ИСИМ мен сионистердің ортақ мақсаты болып табылады. Оның нәтижесін исламдық елдердің, соның ішінде Ирак пен Сирияның қарулы күштерінің ауыр соғысқа тап болуынан көруге болады.

Аймақты қауымдық және діни (шиіт, сүннит және басқа діндердің ізбасарлары) топтарға бөлу және аймақты өртенген жерге айналдыру – ИСИМ мен сионизмнің ортақтастықтарының тағы бірі.

Сөз соңында айтарымыз, Ислам әлемінің бейнесін бұрмалау, Исламмен жауласуды ақтау үшін алғышарттар дайындау және Исламдық қарсыласуды лаңкестік ағым ретінде көрсету сионистердің Исламнан үркіту саясаттарымен сәйкес келетін ИСИМ-нің іс-әрекеттері болып табылады.

Бағдарламамыздың екінші бөлімінде ИСИМ мен сионизмнің идеясына және іс-әрекеттеріндегі ұқсастықтарының тағы басқа қырларына тоқталатын боламыз.     

 

   

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды