Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 31 Қазан 2015 08:29

ИСИМ мен сионистік режимнің ұқсастықтары (2)

ИСИМ мен сионистік режимнің ұқсастықтары (2)

 

 

 

Бірнеше жыл бұрын аймақта Исламдық ояну ағымының басталуымен пайда болған өзгерістерден соң сионистер өздерінің үлкен жұмысын бастады. Олардың жұмысы аймақтағы халықтардың оянуының қайнар көзі болып табылатын Ислам дінінің бейнесін бұрмалау болды. Олар Исламдық оянумен қарсыласу және осы ұлы ағыммен күресу үшін еуропалық және америкалық жобалаушылардың  көмегімен осы революциялардың мазмұны мен мақсаттарын өзгертуге бар күшін салды. Дәл осы мақсатпен ИСИМ мен ән-Носрат сияқты топтар құрып, оларды Арабстан, Түркия және тағы да басқа елдердің қаржыландыруымен басқа елдерге жөнелтті.

2010 жылдан, яғни араб елдерінде Исламдық ояну қозғалысы басталғаннан бері аймақта жаңа үдеріс қалыптасты. Бұл үдеріс – лаңкестік-тәкфиршіл топтардың түрлі атаулармен кеңейіп өрістеуі. Азияның батысы мен Африканың солтүстігінің түрлі аймақтарында ИСИМ, ән-Носрат, Ислам майданы, Ахрар әш-Шам, Бейт ул-Мұқаддастың Ансар майданы және тағы да басқа жүздеген лаңкестік топтар қалыптасты. Осы арада ИСИМ-нің атауы басқа топтарға қарағанда көбірек аталады. Тіпті тәкфирлік-лаңкестік ағымдардың көбісі оған қосылып, соның қол астында әрекет етіп жатыр.

Көптеген айғақтар мен құжаттар көрсеткендей, ИСИМ мен сионистік режимнің ой-пікір, іс-әрекет тұрғысынан ортақтастықтары және олардың мақсаттарында да ұқсастықтар бар. Бүгінгі бағдарламада батыстың ИСИМ-нің көлеңкесінде қандай мақсаттарды көздеп отырғанына тоқталамыз.

Азияның батысы (Таяу Шығыс) бай энергетикалық ресурс пен көптеген сауда-экономикалық мүмкіндіктерге ие болып, ислам, яһуди, мәсихи сияқты аспандық діндердің орталығы болғандықтан, әлемнің бар назары соған бағытталған.

Азияның батысының энергетика саласындағы бірегей мүмкіндіктері және үстемшілдік пен үстемшілдікке қарсы ой-пікір мен құндылықтарды қамтитын дін ретінде Исламның гүлденуі үстемшіл жүйенің осы аймақта билік құру үшін арнайы жобалардың құрастыруына себеп болды. Бұл жобалар қауымдық және секталық соғыстар тудыру арқылы елдерді бөлу мақсатымен қоса, исламдық елдердің дамуы мен ілгерілеуіне кедергі келтіру үшін де жүзеге асырылды. Осы басқыншылықтың тағы бір мақсаты  үстемшіл жүйенің аймақтағы ресурстарды тонауына жағдай жасау үшін батыстық демократияны тарату арқылы аймақтық халықтарды исламдық құндылықтар, үлгілер мен бағдарламалардан алыстату болды.

Осы аяда соңғы бірнеше онжылдықта үстемшіл жүйенің аймақтағы мүдделерін қамтамасыз ету рөлін атқарған сионистік режимді құру батыстың осы шеңбердегі ең басты қастандықтарының бірі болды.

Сионистердің осы үдерістегі міндеті аймақтағы халықтардың исламдық оянуының қайнар көзі болып табылатын  Ислам дінінің бейнесін бұрмалау болды. Бұл мақсатты бүгінде ИСИМ және ән-Носрат сияқты лаңкестік топтар да жүзеге асырып жатыр. Лаңкестік топтардың сырт көзге қарағанда сионистермен қатынасы білінбегенімен, бұл екі ағымның тарихи ұқсастықтары негізгі шындықты көрсетеді.

Мысалы, сионистер әрдайым Палестина жерінің негізгі болмысының яһудилік болуы туралы, сондай-ақ Израиль ұрпағының сол жерлерде билік етуі туралы уәж айтып, Палестинадағы өзінің билігін заңды етіп көрсетуге және осы жолда Ислам мен мұсылмандардың Палестинадағы тарихи орны туралы шындықтарды жасырып қалуға талпынуда. Айта кетер жайт, сионистер тарихты бұрмалау шеңберінде өз үкіметін заңды етіп көрсету үшін "Яһуд елі" деп атаса, ИСИМ де өзі үшін тарихи сипат беру үшін "исламдық халифат" немесе "исламдық үкімет" деген тіркестерді қолданады. 

Сионистердің іс-әрекеттерінің тізімі олардың өзінің жұмыстарында ұқсас тәсілдер қолданғанын және әлі де қолданып жатқанын көрсетеді.

Тағы бір мысал ретінде мына жайтты айтып кетуге болады. Сионистер – есірткі заттар, қару-жарақ пен адам контрабандасының әлемдегі ең айқын үлгісі. Осы аяда көптеген объективті айғақтар бар. Соның ішінде украиналық балаларды Израиль режиміне сатуды атап өтуге болады. Сонымен қатар мәліметтерге сәйкес, 2015 жылы Гаити мен Непалда орын алған жер сілкіністері кезінде сионистер құтқарушылардың есімін жамылып, балаларды басып алынған жерлерге заңсыз түрде жеткізумен қатар, адамдардың дене мүшелерінің контрабандасымен де айналысты. Осындай жағдайда сионистік режим әйелдер контрабандасы мен оларды жыныстық тұрғыдан теріс пайдалану бойынша алда тұр.

ИСИМ де адамдар мен банктерді тонау, салық алу, есірткі заттарды өндіріп, оны сату, антиквариатты ескірткіштердің заңсыз саудасы, адам ұрлау және оны құл ретінде сату, адам контрабандасы мен оның дене мүшелерінің заңсыз саудасымен айналысып, Ирак пен Сирияның мұнай көздерін басып алып, оның мұнайын сату арқылы өзінің қаржы көздерін қамтамасыз етеді.

Сионистік режим мен лаңкестік топтардың әрекет ету тәсілдерін зерттеу нәтижесінде олардың байланысы мен бағыттыстығын көрсететін көптеген ұқсастықтарды көруге болады. Мысалы, сионистер 1948 жылға дейінгі жылдары Хагана, Иргун және Штерн сияқты лаңкестік топтарды Палестина тұрғындарын қыру, олардың мал-мүлкін тонау және бұйрықты орындаудан бас тартқандармен есеп айырысу үшін пайдаланды.

Сионистік режим әрдайым лаңкестік топтармен одақтасып, оларды пайдалану жолында әрекет етті. Осы аяда сионистік режимнің Ливандағы фалангистермен одақтасуы, "Оңтүстік Ливан" мемлекетін құруын, 1978 жылы Ливандағы мәсихилік марониттердің жалдамалылары және Саад Хаддад пен Антуан Лахадтың әскери қызметкерлері  бастаған Ливанды бөлу үдерісін атап айтуға болады.

Қазір де лаңкестік топтар, соның ішінде ИСИМ түрлі құрылымдар құрып, өздері басып кірген аймақтарды басып алу және тұрғындарының мал-мүлкін тонаумен қатар, өз араларындағы бұйрықты орындаудан бас тартқандардың көзін жояды. Оған қоса, ИСИМ әлемнің түрлі жерінде Боко-Харам сияқты лаңкестік-тәкфірлік топтармен бірігуде. Бүгінгі таңда осындай топтардың саны 30-ға жетті. 

ИСИМ мен сионистік режимнің жарнамалық әдіс-тәсілдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. ИСИМ-нің жарнамалық әдіс-тәсілдерінің бірнеше өзегі бар. Олардың қатарына исламдық елдердің билеушілерін тақтан тайдыру арқылы исламдық халифат құру, мұсылмандардың емін-еркін бір-бірімен араласуына жол ашатын Ислам әлемі үшін ауқымды аймақ құру мақсатында исламдық үкіметтер арасындағы шекараларды құрту, исламдық халифат мекені барлық мұсылмандар үшін мінсіз жер болуы туралы уәж бен әлемдегі жалғыз заңды үкімет туралы сөздерін жатқызуға болады. Балалар мен жасөспірімдердің арасында тәкфірлік ой ағымының таралуы және оларға әскери әдіс-тәсілдерді үйрету, өз іс-әрекеттерін қиямет күнгі төңкеріс ретінде ұсыну, әлеуметтік желілердегі ауқымды әрі еркін түрде белсенділік таныту, күш көрсету және жаңа күштерді тарту мақсатында өз әрекеттері түсірілген бейнені тікелей түрде тарату ИСИМ-нің әдіс-тәсілдері болып табылады.

Сионистік ойлау жүйесінде  де қатыгездік пен басып-жаншу бастапқы принциптердің бірі саналады. Оның объективті үлгісін Дейр-Ясин, Кфар-Шуба, Дженин және Сабра мен Шатиладағы адамдарды қырып-жою, үш мәрте орын алған Газа соғысы мен тағы да басқа жайттардан көруге болады. Сонымен қатар екінші интифада басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін (2000-2015жылдар) 850 мың палестиналық, соның ішінде 13 мың 18 жасқа толмаған жасөспірім сионистердің қолынан қаза тапты.

Олар Палестинаны өздеріне тиесілі және өздерін сол жерде мекен ету құқығына ие жалғыз нәсіл деп атап, соңында сол жерде өздері билеуші болып қалады деп санайды.

 Ақпараттық құралдарды мақсатты түрде пайдалану –   сионистердің  басты әлеуеттерінің бірі.  Теодор Герцль сионизм мектебінің негізін қалар кезде сионистердің әлемнің қоғамдық пікірін билеу қажеттігін қуаттап, ақпарат құралдарын өз мақсатына жетудің күшті құралы деп атады. Осы уақытқа дейін өзінің заңсыз мақсаттарын жүзеге асыруда ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді сионистік режим мен ИСИМ-нің мөлшеріндей ешбір лаңкестік құрылымның пайдаланбағанын сенімді түрде айтуға болады.  

Сионистер өздеріне және батыстық елдерге қарасты телеарналардың көмегімен өзінің Палестина жерінде геноцид және палестиналықтарды қуып шығу  мақсатындағы қырып-жою әрекеттерінің суреттерін   ашықтан-ашық жариялайды. Оның үлгісін Дженин, Дир-Ясин және тағы  басқа да Палестинаның ондаған елді-мекенінен көруге болады. Бұл іс-әрекеттің мақсаты –  палестиналықтардың  арасында үрей тудыру және оларды  көшуге мәжбүрлеу. Сионистер өз жерлерін  кеңейту және әлемде үрейді күшейту үшін Мысыр, Ливан, Сирия, Йордания сияқты   
аймақтық елдерге де шабуыл жасады. Осы әрекеттермен бір мезгілде сионистердің басқыншылық шабуылдарының екінші фазасы жүзеге асырылды. Бұл фаза басып алынған жерлерде сионистік режимді қолдайтын адам санын көбейту мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен яһудилерді жинауда батыстық елдер мен яһудилердің агенттіктерін пайдаланды.

 Ал ИСИМ-нің Ирак пен Сириядағы іс-әрекеттері де дәл сол амалдардың бір үлгісі болып табылады. ИСИМ-нің наным-сенімдеріне қарсы шыққан мұсылмандарды жаппай қыру, мазхабтық және тайпалық азшылықтарды өлтіру, сол іс-әрекеттердің бейнесін ақпарат құралдары арқылы тарату, үрей мен қорқыныштың салдарынан қалалардың негізгі тұрғындарының қашуы, басқа елдер мен әлемнің да басқа жерлерінен соғысқұмарлар мен жалдамалыларды жинау, ИСИМ-ге қосылу үшін тартымдылықтар тудыру, жаңа күштер тарту және адам жинау мақсатында шын мәнінде сионистердің әйел адамдарды құрал ретінде пайдалану жобасы болып табылатын   «джиһадтық неке» атауымен өз ойларындағы мекендерге көшу осы аяда айтылатын жайттар.

 ИСИМ-нің жұмыстарының тізімінде тоқталып кететін маңызды жайт, олар  алдымен басып алынған аймақтар мен қалалардың тарихи ескерткіштерін жойып  немесе оларды заңсыз түрде сатады. Сондай-ақ, арнайы саясаттарының көмегімен іс-жүзінде басып алынған аймақтардың негізгі тұрғындарының, әсіресе нәсілдік және діни азшылықтардың қашуына себеп болады. Сионистер яһуд атауымен осындай әрекеттер жасаса, ИСИМ исламның атауын жамылып  осындай қылмыстарға барады. Сонымен қатар, мәдениетті құрту үшін тарихи және діни ескерткіштерді  жою сионистер мен ИСИМ-нің ортақ стратегияларының бірі болып табылады.

Шын мәнінде ИСИМ сияқты лаңкестік топтардың арнайы міндетін Таяу Шығыс пен оның энергетикалық ресурстарына билік жүргізу үшін сионизм және неоимпериализмге көмектесу деп те айтуға болады.

Сионистік режим мен ИСИМ-нің ой-пікірі, амалдары, мақсаттары мен діни наным-сенімдерін саралай келіп, осы екі ағымның арасынан көптеген ұқсастықтарды көруге болады.

Бағдарламамыздың үшінші әрі соңғы бөлімінде осы тақырыпты толығырақ қарастырамыз.

 

 

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды