Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 10 Қараша 2015 13:13

ИСИМ мен сионистік режимнің ұқсастықтары (3)

ИСИМ мен сионистік режимнің ұқсастықтары (3)

 

 

 

ИСИМ-нің аймақтағы, әсіресе Ирак пен Сириядағы іс-әрекеттері оның алдын ала жобаланғанын және сионистердің іс-әрекеттеріне ұқсайтынын көрсетеді.

Бағдарламамыздың соңғы бөлімінде сионистік режимнің өз мақсаттарына жету үшін ИСИМ-ді қалай қолданатындығына тоқталамыз.

ИСИМ мен сионистік режим ағымының мақсаттарына жасалған талдау сионистік режимнің аймақтағы тәкфірлік ағымдарды өрістетуде көптеген мүдделері бар екенін көрсетеді.

Осы мақсаттардың қатарына азаматтық соғыстар қалыптастыру, исламдық елдерді бір-біріне айдап салу, Израильді еркіне қалдырып, Палестинаның басып алынғанын ұмыттыру үшін палестиналықтардың арасына іріткі салу, сондай-ақ, исламдық жерлерді бөлудің жаңа кезеңін жүзеге асыру арқылы  аймақты тұрақсыздандыру жатады.

Сол себепті ИСИМ мен сионистік режимнің байланыстары мен ортақтастықтарын сараптау кезінде пайда болған ықтималдықтардың бірі –осы екі ағымның жақын байланысы мен ынтымақтастығына негізделген және стратегиялық қатынастарына себеп болған аймақтағы ортақ мүдделеріне жету жолындағы ортақ жоспарлары мен әдіс-тәсілдері. Сол себепті қазіргі одақтастықтың ұзақ мерзімге созылу ықтималдығы бар.

Осы аяда түрлі болжамдар бар. Мұндай болжамдардың біріне ИСИМ-нің жерлерді басып алуда, әсіресе Сирия жерін басып алуда ілгерілеушілікке қол жеткізіп, Башар Асадтың заңды үкіметін құлатуды көздеп отырғаны жатады. Мұндай жағдай ИСИМ лаңкестік тобының күш-құдіреті мен ықпалы өрістеп, басып алынған Палестинамен Голан жотасындағы шекаралары арқылы көрші болатынын білдіреді. ИСИМ лаңкестері алдымен жақын дұшпандарға, яғни, осы ағымға қарсы шиіттер мен сүнниттерге қарсы соғысты бірінші кезекке қою туралы сөз қозғап, израильдіктермен кез келген текетірес пен қақтығысты өзінің күн тәртібінен шығарып тастамақ. Себебі, кері жағдайда АҚШ-тың мақсатты әрі ауқымды реакциясымен және Түркия мен Арабстан тарапынан қолдаулардың тоқтатылуымен бетпе-бет келетін болады.

ИСИМ Башар Асадтың қарулы күштері мен басқа да майдандарда АҚШ, Түркия мен Арабстанның ашық және жасырын қолдауларын көріп отыр. Осындай сценарий бойынша жаңа дағдарыс ошағын тудыру мақсатында  екі аймақ – Ирак Күрдістаны мен Сирия Күрдістанынан құралған Күрдістан аймағы бой көтеруі ықтимал.

Сол себепті жалпы алғанда ИСИМ-нің аймақтағы іс-әрекеттерінде осы сценарийді жүзеге асыруға қатысты нышандар бар. Бұл сценарийдің мақсаты – аймақтық елдерді бөліп, жаңа құрылым құру. Израиль де соны пайдаланып, аймақтық оқшауланудан шығу жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр.

Мамандардың кейбір айғақтарға сілтеме жасап пайымдауынша, ИСИМ мен сионистік режим арасында бір жарияланбаған одақтастық бар. Себебі әлемдік сионизм  қозғалысы тікелей түрде қақтығыстарға аяқ баспайды. Керісінше, өз мақсаттарына жету үшін жасырын қолдаулар мен жанама ағымдар тудырудың көлеңкесінде әрекет етеді.

Осы аяда лаңкестік-тәкфіршіл ағымдар сионизм ағымының  қашықтықтан бағдарлау жүйесі және оның сионистік режиммен байланысы арқылы басқарылады. Әскери қару-жарақтарды жөнелту, қаржылық және қауіпсіздік көмектері, басып алынған Голан биіктіктері мен Сириямен шекаралас аймақтардағы Израильдің ауруханаларында лаңкестерді емдеу осы мәселенің мысалдары болып табылады.

ИСИМ және сионистік режиммен қатар, АҚШ, Арабстан мен Түркия ортақ мүдделерге ие болғандықтан табиғи түрде одақтасқан. Сол себепті Израиль режимі Сирия дағдарысын ұзарту және Асад үкіметін көбірек әлсірету мақсатымен ән-Носрат майданы сияқты осы елдің қарсыластарымен әріптестік жасайды. Түркия да дәл осы мақсатты көздеп, осы топтарға логистикалық, ақпараттық және әскери көмектер көрсетіп отыр.

ИСИМ мен сионистік режимнің ынтымақтастықтары мен қатынастарының сценарийінде айта кетер тағы бір жайт, Израиль мен АҚШ тарапынан аймақтың энергетикалық көздеріне билік жүргізу бағытында жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, 2000 жылы АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш ұсынған "Үлкен Таяу Шығыс" жобасы мен 1990 онжылдықта сионистік режимнің бұрынғы басшысы Шимон Перес ұсынған "Жаңа Таяу Шығыс" жобасын әрқашанда лаңкестік және тәкфіршіл топтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын жобалардың шеңберінде бағалауға болады.

Израильдің бұрынғы сәтсіздіктерін назарға алатын болсақ, бұл жобалар ойландырарлық мәселе болып табылады. Себебі сионистік режим 1948, 1956, 1967, 1973 жылдардағы соғыс кезінде бастапқыда жеңіске жеткенімен, тіпті 1982 жылы Ливандағы қысқа мерзімде қол жеткізілген ірі табысына қарамастан, 2000 жылы Ливанның оңтүстігінен қашуға мәжбүр болды. Ал 2006 жылы Ливан Хезболласы қарсыластық көрсеткеннен кейін, өзінің тарихы бойында ең ауыр жеңіліс тапты.  

ИСИМ қазір Ирак пен Сирияны басқыншылық алаңына айналдырып, Ливан мен Йорданияға кіріп, өзінің амал-әрекеттерін жобалап жатыр. Бұл мақсаттар бұрынғы жеңілістердің орнын толтыру және Израильдің жобаларын ілгерілету құралы болып саналады.

Сонымен қатар, әлі де айта кетер жайттар бар. Айғақтар көрсеткендей, Арабстан мен Түркия Башар Асадтың жүйесін неғұрлым тезірек құлатуды көздеп отырған жағдайда АҚШ бұл жобаға күдікпен қарап отыр. Америкалықтар Башардан кейін келетін үкіметтің қандай саясат ұстанатынына және олардың  АҚШ-тың аймақтағы саясаттарымен сәйкес келетін, келмейтіндігіне алаңдап отыр. Израильдіктер де осындай алаңдаушылықтар білдіргенімен қатар, Сирияда ИСИМ мен Башар Асад жүйесіне наразылардың арасындағы қақтығыстардың жалғасуы осы режимге пайда әкелетіндігіне сенімді.  

Осындай жағдайда  кейбір батыстық елдер мен араб басшыларының Ирак пен Сириядағы ИСИМ лаңкестерін қолдауын назарға алсақ, ИСИМ-нің осы елдердегі құзырының созылу ықтималдығы бар. Шын мәнінде, осы дағдарысты ұзарта түсу Израиль режимінің арманы мен мүддесі болып табылады. 

Осы жайттарды назарға ала отырып мынадай нәтиже шығаруға болады: АҚШ пен сионистік режим ИСИМ лаңкестерінің жеңілістері мен жеңістерін реттеу арқылы олардың саясаттары мен іс-әрекеттерінің басты мақсаты болып табылатын осы дағдарысты ұзарта түсуге көмектесіп отыр.

ИСИМ мен сионистік режим туралы жалпылай  айтатын болсақ, екі ағым да идеологияның негізінде қалыптасқан. Бірі жалған Исламды тірек етсе, екіншісі яһуди дінінің идеологиясын теріс пайдаланып отыр. Сол себепті ол екеуінің арасында көптеген ұқсастықтар бар. Іс-жүзінде ол екеуінің мүдделерінің қайшылығына әкеп соқтыратын ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Шын мәнінде екі ағым да бір мақсат үшін жобаланған. Бұл мақсат – аймақтағы қарсыласу майданы мен Исламдық ояну ағымына нұқсан келтіру.

Дей тұрғанмен, екеуінің арасында айырмашылық та бар. ИСИМ – үстемшіл жүйе үшін уақытша құбылыс. Мысалы, әл-Каида сияқты топтардың да тағдыры сондай болған. Бірақ, сионистік режим – үстемшілдер үшін тұрақты құбылыс. Аймақтағы дағдарыстардың көбісі, тіпті ИСИМ сияқты топтардың құрылуы осы режимді сақтап қалу үшін жасалған.

Обама үкіметінің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің "Қиын таңдаулар" атты кітабында АҚШ-тың ИСИМ-ді осы елдің және Тель-Авивтің мүдделері үшін құрғанын ресми түрде мәлімдеді.  

Аймақтық және әлемдік ақпарат құралдарының АҚШ-тың жаңа Сайкс-Пико келісімі мен жаңа Маршалл жобасын көздейтіні туралы айтылып жүрген сөздер АҚШ-тың сол кездердегідей аймақты, тіпті әлемді мықты АҚШ-тың қасында әлсіретуді қалайтынын білдіреді.

АҚШ үшін сионистік режиммен қатар, ИСИМ сияқты тәкфіршіл-лаңкестік топтар  осы мақсатқа жетудің бір құралы болып табылады. Сионистік режим мен ИСИМ-нің ой өрісі, мақсаттары мен әрекет ету тәсілдеріндегі ортақтастықтар да олардың байланысының ортақ мүдделерден бастау алатынын көрсетеді.

Ашып айтатын болсақ, ИСИМ лаңкестік-тәкфіршіл тобы сионистік режимнің ой-пікіріне ұқсас ой өрісіне ие болуымен қатар, Ислам әлемінде іріткі салу, үрей тудыру және қатыгездік жасау үшін сионистік режимнің қатыгез тәжірибелерін пайдаланады. Дінді құрал ретінде пайдаланып, оны бұрмалау, сондай-ақ, үкіметтік және ресми лаңкестік саясатын ұстану ИСИМ мен сионистік режимнің ұқсастықтары болып саналады.

Уақыт өте келе ИСИМ де, сонистік режим де бір-біріне қарсы әрекет жасамайтын тәрізді.

Сионистік режим аймақтағы тәкфіршіл және лаңкестік ағымдарды өрістету арқылы өзінің басып алынған Палестина жеріндегі үкіметтік лаңкестік қылмыстарын жасырып, Палестинаны басып алу мәселесін ұмыттыру мақсатында  Йемен мен Арабстан сияқты елдерді бір-біріне айдап салу, Ливан, Сирия және Ирак сияқты елдерде азаматтық соғыс тудыру, мұсылмандардың, соның ішінде палестиналықтардың арасында алауыздық тудыруға талпыныс жасап жатыр.

Шын мәнісінде, сионистік режим әрдайым аймақты тұрақсыздандыру арқылы өз тіршілігін ұзартып отырады. Сондай-ақ әрбір қолайлы жағдайда осындай дағдарыстар тудырып, АҚШ-тан көбірек әскери және қару-жарақтық көмектер алып отырады. Осы аяда АҚШ Конгресі жыл сайын Израильге 3 миллиард доллар мөлшерінде әскери және қаржылай көмек бөледі. Ал сионистер ол көмектің мөлшерін 4 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр. 

 

 

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды